Сынып жетекшілердің атқарған жұмыстары туралы » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып жетекшілердің атқарған жұмыстары туралы
02
ноябрь
2017

Сынып жетекшілердің атқарған жұмыстары туралы

 

            Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің 2017-2018 оқу жылындағы 8 сынып оқушыларының I тоқсанда атқарған іс-шаралары туралы 

есебі 

Сынып жетекшісі Шәкібаева Г.К. 

     8сыныпта 23 оқушы бар. Он екісі ұл бала, он бірі қыз бала. Әр оқушыға берілген оқулықтар саны 100%-ды құрады. Сыныпта қиын бала, жайсыз отбасы анықталған жоқ. Сыныпта жағдайы жақсы тоғыз отбасы, орташа жағдайында бес отбасы, төмен отбасы үшеу. Сыныпта көп балалы балалар саны он екі. Соның ішінде аз қамтылғаны алты отбасы. Ең төмен отбасынан  Ә.Қалдахмет. Қамқоршысының қолында тұратын оқушы қыз М. Балтабаева.  Ыстық тамақпен қамтылғаны екі бала.  Оқушылардың әлеуметтік жағдайы туралы диагностикалық картасы толтырылып, ата-аналар қолы қойылды.                                                                                                                                               Жоғары білімді ата-аналардың саны бесеу, орта арнайы білімі(колледж) бар ата-аналардың саны он алты, орта білімі(11-сынып) бар ата-аналардың саны екеу. 

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->                                                 

Тәрбиелік деңгейінің орташа көрсеткіші 1101 балл.                                                                                                     Сыныпта: 21 оқушының тәрбиелік деңгейі жоғары, 2 оқушының тәрбиелік деңгейі орташа                                                           0 оқушының тәрбиелік деңгейі төмен     

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->                                                                                                                                                                                                                                                                                         Үйірмеге қатысатын оқушылар: Домбыраға қатысатын оқушылар: Алтынбек Инабат, Дүйсебай Бекзат, Егізбаева Амина, Ерубаева Таңсамал, Қалдахмет Әділет, Қамысбаева Мариям, Қабыл Алтынай. Боксқа қатысатын оқушылар: Амантай Мұхамеджан, Баянов Арнат, Баянов Диас, Толқынбек Айдын, Нұрділда Еркебұлан. Күреске қатысатын оқушылар: Жүндібаев Мейіржан, Рәт Жасұлан, Яқияев Бекзат.   

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->               <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->                                                                                                                                                      I-тоқсан қорытындысы бойынша сыныптың жалпы пайызы 52,1%-ды құрады. Оқу озаттары: И.Алтынбек, А.Егізбаева. Екпінділер: Н.Аманжолова, А.Бидалиев, Т.Ерубаева, М.Жүндібаев, М.Қамысбаева, І.Нұржан, Б.Нұрымбет, А.Қабыл, А.Ережепбаев, Д.Ерубаева.   

    <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->          <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->        <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          8.09.17 ж. Ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналыста «Тәрбие-отбасынан басталады» атты тақырыпта баяндама оқылып, ата-аналармен бірге талқыланды. Жиналыста жаңа оқу жылының міндеті таныстырылып, келісім шарттарға қол қойылды. Ата-аналарға арналған сауалнама алынды. Ата-аналар комитеті болып: Райымқұлова Райхан ата-ана комитетінің төрайымы, көмекшісі: Қуанышбекова Набира. Ата-аналарға арналған жиналыс жоспар жасалып, бекітілді және ата-аналарға арналған жұмыс жоспары жасалынып бекітілді. Әр түрлі мәселелер айтылды  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->           <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->                                                                                                                                                   15 қыркүйекте сынып жиналысы болып өтті. Жиналыста «Кітап-асыл қазына» атты баяндама оқылып, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Сынып жиналысына жартыжылдық жоспары жасалып бекітілді.                                                                                                                                                     21 қыркүйекте сынып қыздарымен «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы» атты сынып жиналысы болып өтті. Баяндама оқылып сынып арасында талданды. Қыздармен жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.                                                                                                                                                    22 қыркүйекте сынып ұлдарымен «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы» атты сынып жиналысы болып өтті. Баяндама оқылып сынып арасында талданды. Ұлдармен жұмыс жоспары жасалып бекітілді. Мектеп психологы оқушыларға психологиялық сауалнамалар таратып, жауаптары алынды.                                                                                                                                                       26 қазанда 8 сынып оқушыларымен қазан айының сынып жиналысы болып өтті. Бұл жиналыста оқушылардың сабақ үлгерімі туралы, күнделіктің толтырылуы және әр түрлі мәселелер бойынша мәселелер қозғалды. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

    2 қыркүйекте «Мен- патриотпын» атты ашық тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. Ұлтжандылыққа, атамекенін көзінің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылды. 

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->   <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

   5.09.17ж. 8 сынып оқушыларымен бірге «Мен және менің отбасым» атты тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;                                                                                 Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу болып табылды.  

   7.09.17 ж.«Денсаулық» күніне арналған мектепішілік «Толағай» атты спорттық іс – шара өтілді. Бұл жарыста 8 сынып оқушылары 1 орынды иеленді. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->      <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->      <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

  12.09.17 ж. 8 сынып оқушыларымен  «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу болып табылды. 

    19.09.17 ж.  8сынып оқушыларымен бірге «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патри оты, жанашыры болып өсуге насихаттау болып табылды. 

         <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->       <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

   26.09.17 ж.  8 сынып оқушыларымен бірге «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу болып табылды. 

   3.10.17 ж. «Ұстаз-ұлы есім» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге, ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу болып табылды. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

   10.10.17 ж. «Рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды ҚР-ның мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, олардың символикалық айырым белгілерін білуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қадір –қасиетін оқушыларға ұқтыра отырып, оларды ұлтжандлыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылды. 

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->      <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

   17.10.2017 ж. «Өз құқығыңды білесің бе?» атты тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу 

   24.10.2017 ж.  «Денсаулық зор байлық» атты тәрбие сағаты болып өтті. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Араққа, есірткіге және темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру. Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету болып табылды. 

    27.10.17 ж. 8сынып оқушылары «Күзгі балл» кешіне қатысып өнерлерін көрсетті. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->        <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

  

 

 

 

 

 Сынып жетекшісі:  Г.К.Шәкібаева 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив