"Мен буллингке қарсымын!" тақырыбындағы эссе байқауы
«Мен буллингке қарсымын» тақырыбындағы эссе байқауының
ережесі
1. Байқаудың мақсаты:
– Мектеп оқушылары арасында буллингтің (қорлау, кемсіту, мазақ ету) алдын алу;
– Оқушылардың сыни ойлауын, өз көзқарасын еркін білдіру дағдыларын дамыту;
– Қоғамдағы өзекті мәселеге бейжай қарамауға тәрбиелеу.
2. Қатысушылар:
Байқауға 5–11 сынып оқушылары қатыса алады.
3. Эссеге қойылатын талаптар:
– Тақырып: «Мен буллингке қарсымын»
– Эссе жеке жазылуы тиіс (бірлескен жұмыс қабылданбайды);
– Көлемі: 1–1,5 бет /қос параққа жазылуы керек/;
– Қазақ тілінде жазылуы керек ;
– Автордың аты-жөні, сыныбы көрсетілуі керек.
4. Бағалау критерийлері:
– Тақырыпты ашу (5 балл);
– Жеке көзқарас пен дәлелдер (5 балл);
– Шығармашылық және мазмұн тереңдігі (5 балл);
– Тіл байлығы, сауаттылық (5 балл);
– Эссенің құрылымы мен логикасы (5 балл).
5. Жеңімпаздарды марапаттау:
– Жоғары ұпай жинаған оқушылар I, II, III орындармен марапатталады;
– Ерекшеленген эсселерге «Алғыс хат» беріледі;
– Үздік жұмыстар мектеп сайтында/әлеуметтік желіде жарияланады.
6. Өткізу мерзімі:
– Эссе қабылдау мерзімі: қаңтар айының 21іне дейін
– Нәтиже шығару: 28.01.2026ж
7. Бағалау жұмысы:
- Аранайы комиссия құрамы бекітіледі
8. Ұйымдастырушылар:
«Әділет» өзін-өзі басқару ұйымы