Ата-ана жиналысы хаттамасы » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-ана жиналысы хаттамасы
13
февраль
2018

Ата-ана жиналысы хаттамасы

«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі» КММ 

11 сынып ата-аналар  жиналысының  хаттамасы 

17.02.201ж. 

Қатысқаны – ата-ана.     

Күн тәртібінде: 

1. І жартыжылдық қорытындысы 

 2. Мектеп пен ата-ана арасындағы  байланыс. 

Мектеп директоры А.Р.Дуанаев,  

мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары    Г.А.Қарымбаева, 

сынып жетекшісі Г.К.Тильманбетова . 

  

       Тыңдалды: сынып жетекшісі Тильманбетова Г.К.: 

        І тоқсан қорытындысы бойынша сыныпта 6 екпінді және 4 үлгерімі  орташа оқушы бар.  Өткен тоқсанға қарағанда 1 оқушы екпінді қатарына ілікті, ол  Сентірбекова Гулвира. Математика  мен ағылшын тілі пәндерінен «төрттік» бағасына көтерілді.  Алдағы уақытта қалған 4 оқушының білім алуы  назарда болады. Ата-ана тарапынан  осы балаларға үлкен көмек керек болып тұр. Білімдері жаман емес, кейбір пәндерден үлгермеушілік байқалады. Сондықтан, үйде балаларға сабақ оқуына мүмкіншілік пен жағдай жасалынса, дұрыс болар еді. 

  

  Тыңдалды: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары    Г.А.Қарымбаева : 

       Қорытынды аттестаттау  мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтарының нәтижесінде барлық пәндерден алынған байқау тестілеуінен соң  білім сапасы өткен айларға қарағанда 24 %-ға көтерілді.  Оқушылардың дайындығы ай сайын тестілеу арқылы зерделеніп, сараланады. Ата-ана тарапынан баланың сабаққа дайындалуына  жағдай жасауы өте қажет екені айтылды. Ата –анаға соңғы тестілеудің нәтижесі таныстырылды.  

  

Тыңдалды: 

Мектеп директоры А.Р.Дуанаев: 

Мемлекеттік аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау мақсатында  оқушыларға ата-ана бар жағдай жасау керек. Тамағы, сабаққа дайындалатын орны – барлық жағдай жасалуы тиіс. Сабақтан қалмауы, қосымша сабақтарға үзбей қатысуы керек. Қазіргі дайындықтары біршама жақсарды. Әлі де М.Рашидоваға, А.Қамысбаеваға үйден сабаққа дайындалу мүмкіншілігі аздау көрінеді. Білімдерін көрсете алмауда. Жеке-жеке пән мұғалімдерінің талдауларын алып, өздеріне қорытынды жасауы керек. 

  

Тыңдалды: 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі О.Оралбаев: 

Оқу сауаттылығына дайындықтары жақсарды, білім сапасы 17 баллға көтерілді. Алдағы уақытта 18-19 баллға апарамыз деп болжамдап отырмын. 

Тарих пәні мұғалімі Ж.Алежанова: 

Тарих пәнінен 20 балл алу үшін әлі же көп дайындық қажет. Тест бойынша жаттап жатыр балалар. Сонда да 16,8 балл болып тұр. Алдағы уақытта 18 балл алады деп ойлаймын. 

Математика пәні мұғалімі А.Кенжебекова: 

Келіп жатқан есептердің түрлеріне  таблица қосылды. Ол биылғы ҰБТ-ға келген жаңалық. Бұрын бұндай есептер келмейтін. Сондықтан оқушыларға ауыр тиюде. Алдағы уақытта білім сапасын көтереміз деп ойлаймын. 

Шешімі: 

<!-- [if !supportLists] --> 1.      <!-- [endif] --> Оқушылардың сабақтан қалмай,  кешікпей келуін сынып жетекшісі Г.Тильманбетова қадағалауға алсын. 

<!-- [if !supportLists] --> 2.      <!-- [endif] --> Оқушылардың биология, химия, математика пәндерінен ҰБТ-ға дайындауы күшейтіліп, пән мұғалімдері  мен ата-ана тарапынан қолдау жасалынсын. 

  

Төрайымы: Мендибекова Айгул 

  

Хатшы: Құрманбаева Гүлжан 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив