Ата-ана жиналысы хаттамасы
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі» КММ
11 сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы
07.11.2017 ж.
Қатысқаны – 7 ата-ана.
Күн тәртібінде:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> ҰБТ-ға және қорытынды аттестаттауға арналған тестілеудің және І тоқсан қорытындысы
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Қосымша дайындықтар барысы. Пәндік олимпиада, КИО және басқа білімді тереңдету мүмкіндіктерін пайдалану.
Мектеп директоры А.Р.Дуанаев,
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Қарымбаева,
сынып жетекшісі Г.К.Тильманбетова
Тыңдалды:
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Қарымбаева :
Қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтағы оқушылардың білім сапасы қыркүйек пен қазан айында алынған байқау тестілерінің нәтижесінде төмен деңгейде екені анықталды. Қыркүйек айында және қараша айында өтілген директор жанындағы мәжіліс пен педагогикалық кеңесте осы мәселелер қаралды. Тараз қаласындағы U-Study білім беру қызметін көрсету орталығының дайындаған тестілерінен оқушылар оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық, тарих пәнінен тест пен таңдау пәндерінен тест тапсырған болатын. Ата-аналарға оқушылардың жинаған балдары таныстырды.
Тыңдалды:
Мектеп директоры А.Р.Дуанаев:
Мемлекеттік аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау мақсатында қосымша сабақ кестесі жасалынған, сол кестеге сай қосымша сабақтар өтіледі.
Ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Қосымша сабақтарға келмей қалған оқушылардың себептері мен ақылы түрдегі қосымша білім беру орталықтарына барып жүрген оқушылардың білім сапасы артпайтын болса, желтоқсан айынан бастап ақылы оқуға бармай- ақ өз мұғалімдеріміздің дайындық сабақтарына қатысуы ұсынылды.
Тыңдалды:
Сынып жетекшісі Тильманбетова Г.К:
Биылғы оқу жылының І тоқсанының қорытындысы бойынша сыныптағы 1 оқушының тек бесеуі ғана екпінділер қатарына қосылды, қалған бес оқушыға аса үлкен дайындық қажет екені айтылды. Қанағаттанарлық баға алгебра мен геометрия, ағылшын және география пәндерінен қойылды, пән мұғалімдері биылғы білім деңгейінің неге түсіп кеткенін анықтау үшін ата-аналарға балаларының үйдегі мінез-құлықтарына көңіл аударып, сабаққа дайындалғанына аса жауапкершілікпен қарауын өтінді. ҰБТ пен қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтары сағат үш пен бестің арасында болатынын, қосымша сабақтарға балаларын уақытында жіберіп тұруын тапсырды. Жұма күндері келіп, сабақтарына қатысып тұруын да айтып өтті.
Шешімі:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Ақылы сабақтарға баратын оқушылардың байқау тестінің нәтижесі негізінде желтоқсан айынан бастап мектептегі қосымша сабақтарға келуін қадағалау сынып жетекшісі Г.Тильманбетоваға жүктелсін.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Оқушылардың сабақтан кейінгі қосымша сабақтарға уақытынан кешіктірмей жіберіп тұруы ата-аналар тарапынан қадағалансын.Ата-ата тарапынан мектептен тыс уақытта оқушы қауіпсіздігін жетік қадағалансын.
Төрайымы: Мендибекова Айгул
Хатшы: Құрманбаева Гүлжан