өткен оқу жылының есебі » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » өткен оқу жылының есебі
17
сентябрь
2017

өткен оқу жылының есебі

Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің 

3-деңгейлісертификатталған  

мұғалімі  Г.К.Тильманбетованың  

 орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 

2016-2017 оқу жылында атқарған 

жұмыстары жайлы 

Есебі 


            2016-2017 оқу жылының қыркүйек айының басынан бастап ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ дайындап, бекіттірдім. Мұғалім портфолиосын толықтырдым. Тілдер апталығында сыныптан тыс іс-шара ретінде «Волшебный мир русского языка» атты 8-10 сыныптардың ішінен іріктеп алынған оқушылар арасында интеллектуалды ойын өткіздім.

         Қазан айының 14 күні  Жамбыл ауданы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырдым.  1 сынып оқушыларымен «Предметы в классе» тақырыбында ашық сабақ өттім. 

       Қараша айының 5 күні аудандық «Поэзии волшебные мгновенья» атты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында байқау өтіп, 1-орынмен марапатталдым.

       Қараша айының 21 мен желтоқсанның 2 аралығында «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбымен Тараз қаласының ЦПМ-да мектеп тренері курсын оқып келдім. Желтоқсан айында КР тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық семинарға қатысып, сертификат алдым. 2017 жылдың ақпан айында Тараз мемлекеттік институтына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған  ІІ «Оқыту мен тәжірибе фестиваліне» қатысып, сертификат алдым.

                 Қараша айының 21 мен желтоқсан айының 15 аралығында өткен Қазақстан Интернет Олимпиадасына орыс тілі пәнінен қатысқан 5 оқушының 3-і екінші турға өтті. Өзім де желтоқсан айының 13-14 күндері өткен Қазақстан Интернет Олимпиадасына орыс тілі пәнінен қатыстым.

           2016-2017 оқу жылының қаңтар айында 5 сыныпта, ақпан айында 8,10 сыныптарында,  сәуір  айында 7 сыныпта, мамыр айында 4-5 сыныптарында оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған  «Lesson study»  әдісімен зерттеу сабақтарын  өткіздім. 

          Наурыз айында КИО орыс тілі пәнінен екінші кезеңінің 1-турына 7 оқушы қатысып, оның 6-ы екінші турға өтті. 7 сынып оқушысы Алтынбек Инабат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, «Ауданның үздік нәтижесі» номинациясына ие болды.

         Сәуір айында облыс мектептерінің мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын зерттеу мақсатында ұйымдастырылған Чкалов мектебінде өткен онлайн тесттік бақылауынан  60 сұрақтың 57-не дұрыс жауап беріп, жоғарғы «С» деңгейімен бағаландым.

         Сәуір айында аудандағы мектептердің деңгейлік курстарын бітірген мұғалімдерінің қатысуымен  біздің мектепте  семинар өткізіліп, «ЭКСПО-2017» тақырыбымен шеберлік сыныбын өткіздім.

           Осы оқу жылы соңында соңғы бес жылдың жетістіктерін  қорытындылап, аттестация комиссиясының шешімі бойынша маған 1 санат берілді.

    

 

 

 

 

Похожие публикации:

14 сентябрь 2017 Баяндама
06 июнь 2017 Баянадама
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив