Баяндама
«Іс-әрекеттегі зерттеу таныстырылымы» аудандық байқауы
Тақырыбы:
«РЕФЛЕКСИЯ – НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ АЛУДЫҢ БАСТАУЫ»
Мектеп көшбасшысы: Оралбаев Орынбасар Қосыбайұлы
Мекеме атауы: Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ЕЛДІ МЕКЕН: БЕСЖЫЛДЫҚ АУЫЛЫ
1. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге негіз болған немесе анықталған проблеманың сипаттамасы (бір немесе бірнеше)
Қазіргі ұстаздарға өз жұмыстарын ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, өзінің құзырлық деңгейін үнемі жетілдіріп, ойлау, ізденімпаздық қабілеттерін, білімін ғылымның кейінгі жаңалықтарымен үнемі толықтырып, дамытып отыруы өте маңызды.
Осы орайда сындарлы оқыту теориясына негізделген еліміздегі білім беру жүйесінде сапалы оқытуға қалай қол жеткіземіз? Оқыту үдерісін дамыту мен нәтижелі білім алуда рефлексия жүргізудің қандай артықшылықтары бар?
Синектің конустық фигурасы осы тұста бағдаршам іспетті. [1. 8-б]
Конустың жоғары бөлігі – НЕГЕ – мұғалімнің өз тәжірибесіндегі оқыту мен оқу үдерісіне рефлексия жүргізу қажеттігін дәйектейді.
Оқыту мен оқу үрдісін зерделеу мақсатында жүргізілген рефлексия оқушы мен мұғалімнің атқарып отырған істерінің мақсаттарын, білім сапасын жақсарту үшін нені өзгерту қажеттілігін ұғынудың маңызды екендігіне ерекше көңіл бөлуге уәждейді.
Мұғалімдер өз тәжірибесінде рефлексияны ҚАЛАЙ жүргізетінін анықтап алғаны дұрыс. Өйткені қым-қуыт мәліметтер оны тығырыққа тіреуі мүмкін.
Ал оқу үдерісінде жүргізілген зерттеулер НЕ берді, маңызы неде екенін түйіндей алу керек.
Білім – бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педагогикалық процесс жүрісі.
Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. [2, 12-б]
Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Рефлексияның мәні – мұғалімнің өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
Рефлексивтік іс-әрекет мұғалім мен оқушыға да өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну.
2. Тақырыпты негіздеу (мақсат пен міндеттер, зерттеу объектісі мен зерттеу пәні)
Рефлексиялық танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны мұғалімнің өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Мақсат - әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруы мен дамуы жолындағы ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулануы және озық тәжірибелерді меңгеру мен инновациялық даму қағидалары негізінде өзіндік білім беру технологиясының мазмұнын, құрылымын жаңарту.
1
Міндеттері - ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашыл түрлері мен әдістерін ізденуде, оны өзінің тәжірибесімен үйлестіре білуде, мұғалімнің кәсіби құзырлығын қалыптастыруы мен біліктілігін үздіксіз арттырып отыру, (өзіндік білім көтеру).
3. Өзектілікті негіздеу критерийлері:
«Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». [3. 23-б]
Тәжірибе барысында мұғалімдердің оқыту үдерісін сараптауда біршама кедергілер анықталды. Олар:
- қысқа мерзімді жоспарлардың нақты бірізді шаблонының болмауы;
- сабақ құрылымын нақты қай жүйемен жоспарлаудың анықталмағандығы;
- рефлексия жазудың ықшам формаларының іріктелмеуі.
Бұл айтылғандар мұғалімдердің жұмысында қағазбастылықтың тым көптігін айқындап, жай ғана жоспар құрудың өзіне көп уақыт жоғалтатынын ескертеді. Бұл кедергілер мұғалімдердің шығармашылық потенциалын төмендетуге әкеліп соқтырады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол – сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Оқыту үдерісінде қолданылған әдіс-тәсілдердің оқушы қажеттілігін қанағаттандырғанын кері байланыс түрінде сабақ кезеңдерінде де, сабақ соңында да алған дұрыс болады. Тек соған лайық сұрақтарды іріктеп алған дұрыс. Үнемі біртектес сұрақтардың қойылуы оқушыларды жалықтырып жібереді. Тәжірибе көрсеткендей олардың өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін, тақырыпты меңгеруде қолданылған әдіс-тәсілдердің қаншалықты ықпалы болғанын, өз мүмкіндігін қаншалықты қолдана алғанын, мәселені шешуде өз әріптесінің ықпалы қаншалықты болғанын ажырата білуі сыни ойлауға итермелейтінін дәлелдеді.
4. Дерек жинау әдістерін сипаттау (неге дәл осы әдісті таңдадыңыз?)
Тәжірибеде түсінгенім әр сабағыма жасалған рефлексия өз-өзіме сыни қарауға, жауапкершілікпен жұмыс жасауға итермеледі. Сабақ барысында кездескен кедергілерді ескере отырып, тақырыпты игеруге байланысты нақты мақсат қойып, нәтижеге жету жолында табыс критерийлерін анықтап алуыма жол ашты. Осы негізде оқыту үрдісін оқушылар қажеттілігіне орай ықпалдастырып құруыма бағыттады. Оқушы үнін зерделей отырып, олардың қарым-қатынас жасауына ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп алуыма және сыни ойын дамытуға бағыттайтын ашық сұрақтарды жүйелеп алуыма, сабақ кезеңдерін дұрыс құруыма, уақытты тиімді пайдалануыма, оқушылардың жас ерекшеліктерін үнемі назарда ұстауыма, осыған орай талантты және дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білуге машықтандым.
Рефлексия жүргізу нәтижесінде білім сапасы артып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоғарылауына, үлгермеушілікті болдырмаудың түрлі жолдарын анықтауыма қол жеткіздім.
Осыған орай әр пән мұғалімі есеп беруде үнемі кері байланыс орната отырып, оқушы үніне құлақ асқаны жөн. Өйткені оқыту үрдісін жақсартуда(Мерсер) мұғалім мен оқушы пікіралмасу барысында тең құқылы серіктес болып табылады.[1. 27-б]
Сауалнама алу әдісі арқылы жалпы тәжірибеде іс-әрекет алдындағы толғаныс
2
пен іс-әрекеттен кейінгі толғанысқа итермелесе, сұхбат алу әдісі іс-әрекеттенген кейінгі іле-шала жүргізілетін кері байланысты білдіреді. Бейнежазба арқылы мұғалімнің жалпы оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті арқылы өзіне сыни қарауға мүмкіндік тудыруға болады.
5. Міндеттерге сәйкес іс-әрекетті зерттеу кезеңдері
Рефлексия жүргізуде реттелетін іс-әрекеттегі зерттеуді үш кезеңге бөлуді жоспарладым:
І Байқау кезеңі: 2016-2017 оқу жылының басы (қыркүйек айы)
ІІ Бақылау кезеңі: 2016-2017 оқу жылының барысында
ІІІ Қорытынды кезеңі: 2016-2017 оқу жылының мамыр айында
І Шығармалық жұмыстың байқау кезеңінде жүргізілген жұмыстар:
1. Зерттеуге ықпал еткен негізгі басымдықтарды анықтап, кедергілерге алдын-ала болжамдар жасау.
2. Коучинг үдерісін жоспарлау.
3. Зерттеуге алынған пәндер мен сыныптар бойынша оқушылардан және мұғалімдерден, ата-аналардан сауалнамалар алу.
4. Іріктеп алынған сыныптар мен пәндер бойынша оқушылардың өткен жылғы және
0-дік білім мониторингісін жасау.
ІІ Шығармалық жұмыстың бақылау кезеңінде жүргізілген жұмыстар:
1. Тәлімгерлік пен коучинг үдерісінің жетістіктері мен кемшіліктеріне рефлексивті күнделік жүргізу.
2. Зерттеуге қатысатын мұғалімдер тобын жасақтап, зерттеу сабақтарын өткізу.
3. Жеткен жетістіктер мен кемшіліктерге рефлексивті есеп жүргізу.
4. Үдерістен кейінгі алынған мұғалімдер мен оқушылардың кері байланысын жинақтау.
5. Тоқсан сайын оқушылардың білім сапасының салыстырмалы мониторингісін жүргізу;
ІІІ Шығармалық жұмыстың қорытынды кезеңінде жүргізілген жұмыстар:
1. Жыл бойында жүргізілген жұмыстарда жеткен жетістіктер мен кемшіліктерге рефлексивті есеп жүргізу.
2. Кемшіліктер бойынша негізгі басымдықтарды анықтау.
3. Мұғалімдердің сындарлы оқу теориясын меңгеру деңгейінің диагностикалық картасын жасау.
6. Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижесінің сипаттамасы: не анықталды? неге қол жеткізілді?
Рефлексия мұғалімдердің өздеріне сыни тұрғыдан қарап, кедергілерді жеңе білуге, пән бойынша үлгермеушіліктің салдары мен себебін анықтауға, пәнді қалай оқыту керектігі жөнінде ойлануға жетеледі. Оқушы үшін аса маңызды болып табылатын өздігінен реттелетін оқудың үш элементін(Перри): тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығына, проблемалар мен мақсаттарды өздігінен анықтауына, проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдауы[1. 23-бет] арқылы жетілуіне қол жеткіздік.
Нәтижесінде оқушылар топтық жұмысты бағалауға, өзара бағалауға, берілген тапсырмамен жұмысты критерий қоя бағалауға дағдыланды. Тапсырма деңгейі бойынша өз бетімен ізденуге, өз ойын ашық та еркін жеткізуге, топ арасында белсенді әрекет етуге, тың ойлар айта білуге машықтанды.
3
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші(ілгері) деңгей. ДББҰ, 2012
2. Н.Д.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, «Ғылым»,2002.
3. Б.З.Вульфов,В.И.Харькин. Педагогика рефлексии. М., «Наука»,1997.