Баянадама » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Баянадама
06
июнь
2017

Баянадама

Мұғалімнің кәсіби дамуы-мектеп тәжірибесін жаңартудың негізі
Жамбыл ауданы Әзімбек Ысмайылұлы
атындағы орта мектебінің
директоры Г.Қ.Сыздықова


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру жүйесін одан әрі дамыту» міндеттері көзделді.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәжірибе үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Мектеп тәжірибесін жаңартудың негізі-оқыту мен оқуды жақсартуға үнемі ұмтылу. Оқыту мен оқуды үздіксіз жақсартуға бағытталған кәсіби қоғамдастық құру қажет. Ол үшін мектеп директоры мен сарапшы мұғалімдер командасы бірлесіп жұмыс істеуі маңызды.
Мұғалімдер өздерінің кәсіби мүмкіндіктерін басқара алу үшін оларға қауіпсіздік жұмыс істеуге жағдай жасап, қолдау көрсетіп, қамқорлық көрсету керек. Себебі сапалы оқыту қандай болу керектігін түсіну артқан жағдайда ғана жақсы тәжірибе дамитын болады.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің негізі мұғалімнің өмірге көзқарасы,ойын оқушыларға толық жеткізу,оқыту мен тәрбиеленудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс.Мұғалім оқушының білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса,оның ынтасы,пәнге қызығуы қалыптаспайды.Ол үшін мұғалім оқушымен дұрыс қарым-қатынаста болу керек.
Оқушы өзі ізденіп жаңа тақырыпты оқып,түсініп пәнге байланысты қосымша әдебиеттермен жұмыс жасап, достарымен ой бөліссе,өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса,онда мұғалім нәтижеге қол жеткізеді.
Кәсіби шебер мұғалімнің бойында мынадай қасиеттер болуы тиіс:
•сергектік,байқағыштық
•сезімталдық
•сенім
•әділдік
•ұстамдылық
•ілтипаттылық
Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсынуда жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін мүмкіндік беретін коучинг және тәлімгерлік етудің ықпалы
мол деп айтар едім. Коучинг – бірге оқыту мен оқудың нақты саласындағы нақты тәжірибелік дағдыларды беруге бағыттаса,тәлімгерлік - тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс деп айтуға болады.
Өз тәжірибемнен айтар болсам: Осы тұрғыда мектебімізде даму командасы құрылып, мұғалімдердің кәсіби білімін, дағдыларын және құзыретін жетілдіру үшін, табысты еңбек ету үшін жеке қасиеттерін дамытуға ықпал жасауда. Команданың басты мақсаты-әріптестерге қолдау көрсету, коучинг және тәлімгерлік ету. Сол сияқты, мектептегі жағымды мәдениетті құру және жоғары деңгейдегі кәсіби тәжірибені орнату – команданың міндеті болып табылады.
Аз уақыт болса да, мектебімізде біршама жұмыстар жүргізілді деп айтуға болады. Қазіргі таңда барлық мұғалімдерге ментор бекітіліп, кәсіби деңгейін дамытуға бағытталған мақсатты жұмыс атқарылуда. Тәлімгерліктің арқасында талантты мұғалімдердің қатары ұлғаюда. «Жеті модульге бағытталған бағдарламаның теориялық негізі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы сабақтарында осы бағдарламаны тиімді пайдалануға мұғалімдерді дайындау»-коучинг және тілімгерлік ету мақсатымыз. Бірлесе отырып, жоспар құру,ой тастау, пікір алмасу, ұсыныс айту арқылы оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесу барысында оқушыларымызға сапалы білім беріп, жаңа оқушыны қалыптастыру, яғни өзгертуге болатыны көзделген.
Әр мұғалімнің өз жұмысына сараптама жасай отырып, басқа мұғалімдермен пайдалы іскерлік байланыстар желісін құру бағытында жұмыс атқарудың маңызы зор.
«Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Ендеше, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім екендігін ескерсек, әр ұстаз оқушының оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етулері керек. Ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс- әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.

Похожие публикации:

14 сентябрь 2017 Баяндама
14 сентябрь 2017 Тәрбие сағаты
14 сентябрь 2017 Тәрбие сағаты
13 сентябрь 2017 тәрбие сағаты
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив