тәрбие сағаты » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2017

тәрбие сағаты

Тақырыбы: Мамандығым - мақтанышым
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э. Ф. Зеер.
Мамандық - адамның қоғамдық мінездемесі.
Ганс Селье
"Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”
Н. Ә. Назарбаев.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді.
Мамандық таңдау - жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенімен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 - 11 класс оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау.
Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық таңдау дегеніміз не?

1. Оқушының өз жеке басының ерекшеліктерін тануы;
2. Өзінің жүрегіне үңіліп, бейімділігін бағамдауы;
3. Ұнататын кәсіптердің арасынан біреуін таңдау;
4. Өзінің таңдаған кәсіби аумағын тануы керек.
Арнайы зерттеулер көрсеткендей 14 - 16 жас аралығындағы жеткіншектер өз бетінше мамандық таңдай алмайды, себебі мамандық таңдағанда олар тек бір ғана белгіге назар аударып, жағдайды жан - жақты талдай алмайды. Оқушылардың 40%- ы ғана еңбек мағынасын қызығушылықпен таңдайды. Сондықтан олардың көбісі өздерінің мамандықтарын тез таба қояды жұмысқа деген шығармашылық қатынасы да ерекшеленеді.
Негізінен, мамандық таңдауды жас адам мектепті бітіру кезінде түсінеді, сосын өз қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін, өздерінің жеке қасиеттерін, мамандықтың қажеттіліктерін, еңбек нарқының қажеттіліктерін біле отырып, сұранысқа қарай таңдайды.
Өз жеке қабілеттерін біліп, мамандық таңдауы жас адамды кәсіби түрде мамандық таңдау ережелерімен таныстырады.
(слайд) Мамандық әлемі
Мамандық әлемінде жақсы бағдарлаудан және кәсіби жұмыстан басқа, тепе - тең мамандық таңдауға өз қабілетіңді тани білу, өз тарапыңнан кемшіліктерің мен жетістіктеріңді дұрыс бағалау.
Ойлай болса мамандықты дұрыс таңдап көрейік.
"Танысу”
Ойынның шарты: Кез - келген оқушыға бір мамандықты атап, келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.
Мысалы: Мұғалім - механик - кондитер т. б
Пікірталас
1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?
2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?
3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?
4) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?
5) Ата - аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін?
6) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
7) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.
"Ең жақсы”
Қазір сендерге бірнеше мамандыққа мінездеме беріледі, ал сендер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін жазуларың және айтуларың керек.
Мысалы: жануарлармен көп жұмыс істейтін мамандықтар (зоотехник, ветеринар дәрігері, мал өсіруші т. б.) Осы тапсырманы орындауға 2 минут беріледі.
№1: ең тәтті көп мамандық
ең жауапты көп мамандық
№2: ең жасыл көп мамандық
ең спортты көп мамандық
№3: ең күлкілі көп мамандық
ең ақшалы көп мамандық
(мына парақшаларды алып бүгінгі кештің өткеніне назар аударайық.)
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде - кім өзінің ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, Ж. Аймауытов айтқандай, "Өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік!” деген екен

Похожие публикации:

06 июнь 2017 Баянадама
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив