тәрбие сағаты 11 сынып » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2017

тәрбие сағаты 11 сынып

Күні:02.09.17ж.

Сыныбы: 9-10-11

Мектеп директоры: А.Дуанаев

11-сынып жетекшісі: Тильманбетова Г.К.

Тақырыбы

«Мен - өз елімнің патриотымын»

Мақсатты топ:

9-11-сынып оқушылары, 9-11 сынып жетекшілері, ата-аналар, директордың орынбасарлары

Мақсаты

Қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, төзімділікті, ұлтаралық және мәдениетаралық байланыстарды дамыту, оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы білімдерін тереңдету.

Міндеттері:

- Оқушылардың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастыру және арттыру;

- Жаңа Қазақстандық Отаншылдықты нығайту;

- білім алушылардың Қазақстан Республикасының болашағына ой жүгіртіп, алдына мақсат қоюға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

<!-- [if !supportLists] --> -        <!-- [endif] --> Қазақстан халқының мәдени көптүрлігі, Ассамблея жайлы ойын айтады.

<!-- [if !supportLists] --> -        <!-- [endif] --> Мемлекеттік тіл мәртебесі жөнінде, қолданыстағы тілдер туралы пікірлерін білдіреді .

<!-- [if !supportLists] --> -      <!-- [endif] -->  Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты  жағдайы ретінде еліміздегі үштілділіктің алатын орны жайлы дискуссия құрады.

Ресімдеу

Тақырыпты ашатын суреттер мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жолдауы, көрмелер

Музыкалық және көркемдеу бейне

Мемлекеттік Әнұранның аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі, «Astana EXPO – 2017 » бейнежазба

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Интерактивті тақта.  Бейнепроектор. Компьютер

Үлестірмелі материалдар

Патриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек тур және т.б.

 Эпиграфтар

«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»

Н.Ә. Назарбаев

«Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»

Н.Ә. Назарбаев  

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

«Мен – Қазақстанның патриотымын».

«Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында»

«Қазақстанның болашағы - менің болашағым»,

«Материалдық мәдениет - ұлттың қазынасы» және т.б.

Дайындыққа арналған әдебиет

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру»  Қазақстан халқына жолдауы,

2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас  ұлт» XXIV сессиясында қабылданған  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі

 

 

 

Мұғалімнің әрекеті:

Оқушының әрекеті:

 

А) Амандасу

Ә) Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау

 

 

Мұғалім сөзі:

Құрметті оқушылар! Сіздерді 2 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын».  Отанына құрмет отбасынан басталады. Болашақ жастардың қолында. «Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!», «Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген Елбасымыздың сөздері болашақ ұрпаққа сенімділігін көрсетеді.

Сабағымызды мынадай кезеңдерге бөліп  өтсек:

<!-- [if !supportLists] --> 1.   <!-- [endif] --> Қазақстан халқының мәдени көптүрлігі.

<!-- [if !supportLists] --> 2.   <!-- [endif] --> Мемлекеттік тіл – қоғамдық бірігу негізі.

<!-- [if !supportLists] --> 3.   <!-- [endif] --> Үштілділік ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты  жағдайы ретінде.

<!-- [if !supportLists] --> 4.   <!-- [endif] --> Рефлексия.

<!-- [if !supportLists] --> 5.   <!-- [endif] --> Сабақтың қорытындысы.

Әр тақырыпқа ой бөлісіп отыруларыңызды сұраймын.

Оқушылар әр тақырып туралы білетіндерін ортаға салады, пікір алмасады. (10 минут)

 

«Сіз қандай қасиетті  ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап береді.

Енді мына бейнежазбаны көрейік. « Болашаққа бағдар  - рухани жаңғыру» Елбасының қазақ халқына Жолдауы https://www.youtube.com/watch?v=x0ncgAWfKPs

Бейнеролик: «Қазақстан халқы Ассамблеясы»

Оқушылар тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=x0ncgAWfKPs(5 минут)

  Мемлекет директоры Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы туралы түсіндіріп өтеді.

Мақала 2 бөлімнен тұрады:

1-бөлім: «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы»

2-бөлім: «Таяу жылдардағы міндеттер»

«Сондықтан, – деп жазады Н.Ә. Назарбаев  – әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі».

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Мәңгілік ел» актісі бойынша мәліметтер

Патриоттық  акт  және  оған  бекітілген,  қазақстандық  халықтармен  
құрылған басты жалпыұлттық 
құндылықтар, ұлт бірлігінің маңызды 

факторы.   
Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана.  
Мәңгілік 
Ел - бұл Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік пен келісім.  
Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият.   
Мәңгілік Ел - бұл Инновация жолындағы тұрақты Экономикалық өсім.  
Мәңгілік Ел – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.  
Мәңгілік 
Ел - бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің ортақтығы   
Мәңгілік  Ел  -ұлттық  қауіпсіздік  және  Қазақстанның  жалпыәлемдік  
проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.   
Өскелең  ұрпақты  іргелі  мемлекет  құраушы  «Мәңгілік  Ел»  
құндылықтарында  тәрбиелеу,  қазақстандық  халықтардың  тарихы,   мәдениеті,  дәстүрінің  біртұтастығының  мәнін  түсінетін,  Қазақстанның   отансүйгіш азаматы тұлғасын қалыптастыру 

 

Бейнеролик: «ЭКСПО  халықаралық көрмесі»

ЭКСПО халықаралық көрмесі туралы пікірлесу. 

ЭКСПО халықаралық көрмесіне барған оқушылармен сұхбаттасу

Сергіту сәті

Көңіл-күйді қалыптастыратын аудиожазбаны тыңдау

Қорытындылау

   «Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан осындай азамат болу – сіздердің мойындарыңызда.

- Тегтер бұлты»  тәсілі бойынша рефлексия жаздыру

Похожие публикации:

13 сентябрь 2017 тәрбие сағаты
06 июнь 2017 Баянадама
06 июнь 2017 Хабарлама
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив