Тәрбие сағаты
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Сейдалиева Ақнұр
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Ұстаз – ұлы тұлға !»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға ұстаз-екінші ана екендігін түсіндіру. Дамытушылық:Танымдық қабілетін арттыру.Оқушымен байланысты нығайту. Тәрбиелік:Айналасына білім ,тәрбие,адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Балалардың бағы болып басты әні,
Ұстаз елді болашаққа бастады.
Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
Ашық болсын туған елдің аспаны.
Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән –мағына,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өміріңдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтан ұстаздың еңбегі –ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз-ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушылардың тақпақ айтуына беремін.
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген, Бар тіршілік бақыты ұстазбенен Ұстазды жеткізгенше мұратына Білім іздеп ,лапылдап жана берем. 2.Жаттау. Алинұр
Аяулы менің ұстазым, Талабымды әркез ұштадың Адалдықты үйретіп, Адамдық жолын нұсқадың.
3.Жаттау . Инабат Ұстазым менің ақылшым Әр сөзің дана асылсың, Білімге құштар жастарға , Шын жанашыр жақынсың
4.Жаттау. Меруерт Қолыма қалам ұстатып, Білім берген ұстазым, А -мен Б –ны үйретіп , Сусындатқан ұстазым
5.Жаттау Айзере 2-ден 1- ді айырып, Есептеткен ұстазым, алғыс айтам шексіз мен, Алғашқы асыл ұстазым.
6. Жаттау. Айсері Ұстаз деген –жарық күні ғаламның, Ұстаз- деген анасы ол адамның, Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сенде одан адам болып жаралдың
7.Жаттау . Бекарыс Мың бұралған бишіден, Ой тербеткен күйшіден, Оқушының бәрінен , Ұстазыма мың сәлем!
8.Жаттау. Іңкәр Білімнің кәусәр бұлағын, Жүресің құйып санама, Біз үшін сенсің мұғалім, Ұстаз да, ғалым, дана да.
9.Жаттау. Нұрислам Ұстаз ана, болды ол, Әрқашанда біздерге, Бар балаға берді ол, Қуаныш пен өнеге.
10 .Жаттау .Мадияр Ұстаз болу- жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы, Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы.
11.Жаттау. Ақжайық Білімнің кілтіндей, «Әліппе » ұстатқан, Оқуға іркілмей, Тоқуға ұстартқан Қамқоршы ұл қыздың, Мұғалім ол біздің.
12.Жаттау .Айбек Ұстазым екінші анам –аялаған, Біздерден бар білімін аямаған, Оқысын, білім алсын, үйренсін деп, Таңертең күнде құшақ жаяды алдан
13. Жаттау .Алдияр Ұстаз деген бір тұлға, Ең қадірлі мамандық, Мұғалімге ,ұстазға,