тәрбие сағаты » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2017

тәрбие сағаты

<!-- [if !supportMisalignedColumns] --> <!-- [endif] -->

Күні:08.09.17ж.

Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі

Сынып жетекшісі: Тильманбетова Г.

Сыныбы 11

Тәрбие сағаты

Тақырыбы

  Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя

Мақсатты топ:

11-сынып оқушылары, ата-аналар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Мақсаты

Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау

Міндеттері:

 Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып,оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже:

<!-- [if !supportLists] --> -       <!-- [endif] --> Оқушыларда ата-анаға деген құрмет артады,

<!-- [if !supportLists] --> -       <!-- [endif] --> Сыйластық пен адамгершілік қасиеттері артады,

<!-- [if !supportLists] --> -       <!-- [endif] --> Отбасым қарым-қатынасы жақсарады, жанашырлыққа тәрбиеленеді,

<!-- [if !supportLists] --> -       <!-- [endif] --> Бойларында мақтаныш сезімі артып, бауырмалдыққа үйренеді,

<!-- [if !supportLists] --> -       <!-- [endif] --> Кіші Отаны ғана емес, еліне, жеріне деген жауапкершілік сезімдері молаяды.

Түрі

Отбасылармен кездесу ұйымдастыру

Ресімдеу

1.«Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя»
2. Шаттық шеңбері ( оқушылар мен ата-аналар өзара танысады)
3. Сұрақ-жауап
4. «Адамгершілік» видеоролигі
5. «Мен отбасыммен мақтанамын» (презентация)
6. «Сызат» видеоролигі

7.«Көңіл-күй айнасы» видеоролик 
8. «Отбасылық құндылық ағашы» (шығармашылық жұмыс)
9. М.Әлімбаев «Ата-ананың үміті» (қорытынды)

Музыкалық және көркемдеу бейне

«Адамгершілік» видеоролигі

«Мен отбасыммен мақтанамын» (презентация)

«Сызат» видеоролигі

«Көңіл-күй айнасы» видеоролик 

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

 Компьютерде слайд, шарлар, презентациялар, жүрекше

Үлестірмелі материалдар

А3 парақтары, маркерлер,

 Эпиграфтар

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата – анасы

Халық даналығы

Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер

«Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»,«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»,«Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ»,"Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ”

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет желісінен алынғын жоғары сынып оқушыларына арналған отбасылық кездесу түріндегі тәрбие сағатының өңделгені

Мұғалімнің әрекеті:

Оқушының әрекеті:

1. А) Амандасу

Ә) Ата-аналар мен оқушыларды ортаға шақырып, шаттық шеңберінде таныстыру

- Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. 

-  Оқушылар біздер қазіргі таңда осы сыныпта кішігірім отбасымыз, осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады

(ата-аналар мен оқушылар өздерін таныстырады)

<!-- [if !supportLists] --> 2.                <!-- [endif] --> Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек. «Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет» деген сөздер де бекер айтылмаса керек. Сонымен сіздерге сұрақ : Сіздің үйде отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе? 
(Сұрақ –жауап).

Ата-аналардың өз отбасы мүшелері туралы сөз алуы.

Оқушылар тыңдайды.

<!-- [if !supportLists] --> 3.      <!-- [endif] --> Енді мына бейнежазбаны көрейік

Бейнеролик: «Адамгершілік». «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.

Оқушылар ме ната-аналар тыңдайды

 (5 минут)

Ойларын айтады.

<!-- [if !supportLists] --> 4.  <!-- [endif] --> «Мен өз отбасымен мақтанамын». Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата - анасы. Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Қазір әр оқушы өз отбасы турады презентацияларын таныстырады.

Оқушылар өз отбасыларын презентация арқылы таныстырады
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

5.Бейнеролик: «Сызат». Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес. 

Осы бейнеролик туралы оқушылармен, ата-аналарымен сұхбаттасу. Ой бөлісу.

6.Сергіту сәті

Көңіл-күйді қалыптастыратын аудиожазбаны тыңдау

7.Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» Нұсқау: Үлкен ағаштың суреті ілінеді. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. 

Ата-ана мен бала  көрсетілген құндылықтардың ішінен отбасының ережесіне сай орналастырады.

8.Қорытындылау :Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.

«Тілек шамы» жаттығуы бойынша бір-біріне тілек айтып, ойларын қорытындылайды.

Үйге тапсырма

Отбасы туралы  эссе жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

14 сентябрь 2017 Тәрбие сағаты
13 сентябрь 2017 тәрбие сағаты
06 июнь 2017 Баянадама
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив