бастауыш сынып сабақтары
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Қонарбаева Гүлзат Амангелдіқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен –кіші Отанымның патриотымын!
Тәрбие сағатының мақсаты:
<!-- [if !supportLists] --> · <!-- [endif] --> оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру;
<!-- [if !supportLists] --> · <!-- [endif] --> оқушыларға туған жері, туған тілі, туған дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу;
<!-- [if !supportLists] --> · <!-- [endif] --> оқушыларды еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу;
<!-- [if !supportLists] --> · <!-- [endif] --> оқушылардың Отанына деген патриоттық сезімі мен мақтанышын ояту;
<!-- [if !supportLists] --> · <!-- [endif] --> көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру.
Тәрбие сағатының әдіс- тәсілдері: әңгімелесу, баяндау, ассоциация, көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,венн диаграммасы
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының картасы;
Музыкалық және бейне көркемдеу:Мемлекеттік Гимн, «Қазақстан бақытты»әндерінің аудио жазбалары;
Үлестірмелі материалдар:Отан туралы өлеңдер,мақал-мәтелдер т.б;
Уақыт |
Белсенді жұмыс түрлері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі 3 минут
|
Шаттық шеңбері Сәлем саған алтын күн, Сәлем саған ұстазым. Сәлем саған достарым, Сендерді көрсем қуанам. Топқа бөлу: 1-топ: Атамекен 2-топ:туған жер |
Оқушылармен сәлемдесемін.
1,2 сандарына санатып 2- топқа бөлемін |
Мұғаліммен,сыныптастарымен сәлемдеседі.
Топқа бөлініп отырады
|
Білу 8 минут
|
Отан туралы өлең жырларын айтады. Ассоциация «Қазақстан» |
Жаттауларын айтады. Оқушыларды мұқият тыңдап жауабын толықтырып отырамын. |
Жатқа айтады. Таратпа қағазға тапсырмаларды топта талқылай отырып орындайды. |
Түсіну 5 минут
|
1.Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? (Қазақстан) 2.Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)3.ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн 4.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан) 5.«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің? 6.Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен 7.Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.) 8.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров) 9.Конституция күні? – (30 тамыз) 10.ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады? |
Оқушыларға бағыт беремін.
|
Әр топ өзіне берілген сұрақтарға тиянақты жауап береді .
|
Сергіту сәті 1 минут |
Елімнің атын айтсам – Қазақстан, Жерімнің атын айтсам – Қазақстан! Қойнауы қазынаға толған мекен, Байлығым атын айтсам – Қазақстан! |
Оқушылармен бірге сергіту сәтін орындау. |
Оқушылар жатқа айтады. Қызығушылық танытады. |
Қолдану 8 минут |
Венн диаграммасы Ту Елтаңба Елтаңба күн шаңырақ қыран уықтар ою қос пырақ жұлдыз |
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.Ту мен елтаңбада не бейнеленген.
|
Оқушылар мұқият тыңдайды.Ақылдаса отырып,топта жұмыс жасайды. |
Талдау 6 минут |
«Өзіңді ғана емес,өзгені де таны».Шарты:Оқушылар Қазақстанға танымал жазушы,ақын,ғалым,педагог, өнер адамдары туралы білгендерін айтады, |
Көмектесіп отырамын
|
Берілген тапсырманы топта талқылап,жауап береді.
|
Жинақтау 10 минут |
" Туған жеріңе не бересің? ”ойыны
|
Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, түт ағашына ілеміз. |
Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі |
Бағалау 2 минут |
«Константинополь» Шарты:Қазақстан сөзінен барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет. Қазақ,зат,қаз,ақ,қан,тас,қас т.б. |
||
Рефлексия 2-минут |
1.Бүгінгі сабақ қызықты , қызықсыз болды . 2.Мен көп нәрсені үйрендім, үйренгенім аз. 3.Басқаларды мұқият, зейінсіз тыңдадым. 4.Тапсырмаларды орындауға жиі, сирек қатыстым. 5.Өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін. |