Тәрбие сағаты
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оралбаев Орынбасар Косыбаевич
Тәрбие сағаты: «Мен – өз елімнің патриотымын»
Күні: 2.09.2017ж. | Сыныбы: 6 Жетекшісі: Оралбаев О.Қ. | |
Тақырыбы | «Мен – өз елімнің патриотымын» | |
Мақсаты | Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу. | |
Міндеттері | - білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету; - білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу; - білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту; - білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту; - жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру; – Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру. | |
Ресімдеу | Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар | |
Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, саяси) | ||
Музыкалық және бейне көркемдеу | Мемлекеттік Әнұранның, «Атамекен» әндерінің аудиожазбасы. | |
Сабақтың техн.құрал-жабдықтары | Компьютер (ноутбук) | |
Үлестірмелі материалдар | Тарихи жәдігерлер суреттері мен белгілі тұлғалар суреттері | |
Эпиграфтар | «Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!» Н.Ә. Назарбаев | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | «Мен – Қазақстанның патриотымын». «Қазақстанның болашағы - менің болашағым»,
| |
Барысы | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Білу | Сәлемдесу Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Шаңырақ» тренингі | Әр топ оқушылары шеңбер жасап тұрады. 1-топ: «Мен мектептен сапалы білім аламын, өйткені мен ...» деген сөйлемді сын есімді сипаттайтын бір сөзбен жалғастыра отырып екі қолын жоғары көтереді. Осылайша олар шаңырақ жасайды. Содан кейін екі-үш адам қолын алып тастайды. Осыдан қорытынды шығады. |
Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі
| Мозайка құрастырады.
| |
Түсіну | «Ассоцация» тәсілі: «Патриот – бұл ... » | Әр топ бірлесе осы сөзге анықтама береді. |
Қолдану | Әр топқа тарихи жәдігерлермен жұмыс жасау тапсырылады. «Жібек жолы» ойыны: 1-топ: Қарахан кесенесі 2-топ: Айша бибі кесенесі 3-топ: Тектұрмас кесенесі
| Әр топ берілген анықтамалармен жұмыс жүргізіп, түсініктерін қосымша ақпаратпен толықтырады. |
Талдау | «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі: 1-топ: Қыш ыдыстарға нелер жатады және олар қалай даярланған? 2-топ: «Саба» деген не? Теріден жасалған тағы қандай бұйымдар бар? 3-топ: Киіз үй құрылысын айт. Ағаштан жасалған тағы қандай бұйымдарды білесің? | Әр топ оқушылары сурет сала отырып , тапсырмаға жауап береді. |
Жинақтау | «Мұражай алаңы»: 1-топ: Тәуелсіздік монументі 2-топ: Н.Ә.Назарбаев 3-топ: Абылай хан | Сурет бойынша өзіндік анықтама береді. |
Бағалау | Ой толғау жаздырту. «Елімнің болашағы – менің болашағым» | Оқушылар шағын эссе жазады. |
Рефлексия | Кері байланыс парағы таратылады. Мен ...............................................таныстым. Маған ...............................................оңай болған жоқ. Мен.........................................................қол жеткіздім. Мен ...........................................................істей алдым. .................................................болса жақсы болар еді. Менің.......................................................есімде қалды. Мен.........................................................істеп көремін.
| Оқушылар әсерлерін жазады. |