қазақ әдебиеті пәні » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2017

қазақ әдебиеті пәні

Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оралбаев Орынбасар Косыбаевич

Сабақ жоспары

Сыныбы: 5                                             Пәні: Қазақ әдебиеті                 Күні:   ___.01. 2017 ж.

 

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шілде»

Сабақтың мақсаты: С.Торайғыров «Шілде» өлеңі туралы білім қалыптастыру

 Табыс критерийлері:

1.Ақын өмірімен танысып, өлең мазмұнын меңгеру.

2.Өлең мазмұны арқылы тақырыбы мен идеясын ажырату.

3.Шығарманың көркемдік қуатына талдау беріп, тірек сөздерді қолдана білу.

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрi:  Аралас сабақ

Қолданылған оқу модульдері: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалог). Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Білім беру үшін бағалау және  оқуды бағалау. АКТ пайдалану. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Сәлемдесу», «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Түстер сөйлейді»                                                                                                                                                                                                                                                        Сабақта пайдаланатын көрнекi құралдар: ноутбук,  таратпа қағаздар, ақын суреті, кері байланыс кестесі, карта

Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі, тарих, биология

Күтілетін нәтиже:

1.Ақын өмірімен танысып, өлең мазмұнын меңгереді.

2.Өлең мазмұны арқылы тақырыбы мен идеясын ажыратады.

3.Шығарманың көркемдік қуатына талдау беріп, тірек сөздерді қолдана біледі.

Сабақ барысы:

 

Кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

Сәлемдесу. Сергіту жаттығуы: «Сәлемдесу» жаттығуы.

Топқа бөлу: санақ арқылы

1-топ – «Жаз», 2-топ – «Қыс», 3-топ – «Күз»

Сынып ережесін еске салу

  Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Оқушылар санақ арқылы 3 топқа 5-6 оқушыдан  бөлініп отырады.

Білу

(10 минут)

«Ойлан, тап» бекеті:

1-топ: А.Құнанбаев қашан, қайда дүниеге келді?

Абай айтқан бес асылды атаңыз. Неліктен оларға асық бол дейді?  Оған қандай ұғым сөзді балайды?

2-топ: Семей қаласында Абай қандай медреселерде білім алды? Ақын айтқан бес дұшпанды атаңыз. Неліктен олардан қашық бол дейді? Оған қандай ұғым сөзді балайды?

3-топ: Абайдың жыл мезгілдеріне арнаған тағы қандай өлеңдері бар? Өлеңіндегі антоним сөздерді атаңыз. Кірме сөздерді табыңыз. Өлеңде ғылымды неге теңейді?

2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа сұраймын.

1. Сұрақ-тапсырмаларға жауап береді.

2. Жаттағандары бойынша әр топтан оқушылардан жалғастырта отырып сұрау.

Түсіну

(4 минут)

«Топтастыру» әдісі: «Сұлтанмахмұт»

 Қорғаушы спикерді мұғалім белгілейді.

Ауызша мадақтау : «керемет», «жақсы».          

Оқушылар ойларын бірлесе топтастырып, сайланған спикер қорғайды.

Қолдану

(3 минут)

1.Әр топқа кесте, түрлі-түсті маркер таратылады. Мәтінмен жұмыс жасау тапсырылады. «Шілде».

Әр топтан бір-бір оқушыға үш шумақтан оқыту.

- Өлеңде қай жыл мезгілі сипатталған?

- Өлеңде қай уақыт көрінісі суреттеледі?

- Ауыл өмірінің тіршілігі қалай сипатталған?

- Өлеңнен қандай ерекшелікті байқадыңдар?

- Өлең қандай тақырыпқа арналған?

- Ақынның қандай көңіл-күйі аңғардыңдар?

- Қалай ойлайсыңдар, өлеңде қандай идея көтерілген?

2. Әдеби-теориялық ұғымға түсінік беремін. «Кейіптеу туралы»

1.Мәтін мазмұнымен танысады. Болған соң түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап береді.

 Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

 

2. Әдеби-теориялық түсінік алады.

Талдау

(5 минут)

1.Сөздік жұмысын жүргізу

2.Әр топқа таратпалармен жұмыс жасау тапсырылады.

1. Жансызға жан бітіріп тұрған кейіптеу сөздерді тап. Олар қандай ұғымда қолданылғанын талқылап анықта.

2. Қарамен берілген эпитет сөздердің қызметіндегі ерекшелікті анықта.

3. Мына сөздердің синонимдік  мағынасын тап.

4. Мәтіннен тірек сөздерді тап.

1-топ: 1-3 шумақ, 2-топ: 4-6 шумақ, 3-топ: 7-9 шумақ

1.Мәтінді оқып, жеке жұмыс жүргізеді. Түсінгендерін топта талқылап, өзара білімдерін толықтырады. Ортада шығып жұмысты қорғайды.

 Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

 

Сергіту сәті

«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуын орындатамын.

Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді?  т.б. сұрақтар қоюға болады.

Жинақтау

(4 минут)

1. «Бес жолды өлең» әдісі

 1-топ: «Бес жолды өлең» әдісі: «Жаз»

 2-топ:«Венн диаграммасы» әдісі: Абай «Қыс»- Сұлтанмахмұт «Шілде»

 3-топ: «Бес жолды өлең» әдісі: «Сұлтанмахмұт»

3.Тапсырмаға топ мүшелері бірлесе жұмыс жасап, спикер  жауап береді.

Бағалау

(5 минут)

«Түстер сөйлейді» әдісі: «Туған жер» Бояумен сурет салу

Әр топтан оқушыларды еркі бойынша шығарып, сурет салғызу. Сала отырып сол түске түсінік береді.

Рефлексия

(2 минут)

Кері әсер парағы.

Топтарды формативті бағалау.

 

Кері байланыс парағына сабақтан әсерлері бойынша сұрақтарға оқушылар өз ойларын жазады.

Үйге тапсырма

Ақын өлеңінен үзінді жаттау. Теориялық ұғымдарды жаттау. «Туған жер» тақырыбына шағын шығарма жазу. Сұрақ-тапсырмамен жұмыс.

 

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қолжетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі әрекетті атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі әрекет сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

 

 

Похожие публикации:

14 сентябрь 2017 Қазақ әдебиеті пәні
14 сентябрь 2017 Қазақ әдебиеті пәні
14 сентябрь 2017 Қазақ әдебиеті пәні
14 сентябрь 2017 Қазақ әдебиеті пәні
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив