Қазақ әдебиеті пәні
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оралбаев Орынбасар Косыбаевич
Сабақ жоспары
Сыныбы: 5 Пәні:Қазақ әдебиеті Күні: ____. 01. 2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» Сабақтың мақсаты:Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі туралы білім қалыптастыру.
Табыс критерийлері:
1. Өлең мәтінімен таныса отырып мазмұнын меңгеру.
2. Өлеңді құрылысына талдау арқылы тақырыбы мен идеясына қарай ажырата білу.
3. Өлең мазмұнына талдау беріп, ойға қатысты тірек сөздерді қолдана білу.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгеру Сабақтың түрi: Жаңа сабақ
Қолданылған оқу модульдері: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалог, қалай оқу керектігін үйрету). Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Жүректен жүрекке», «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «РАПТ» Сабақта пайдаланатын көрнекi құралдар: ноутбук, таратпа қағаздар, бөкен және аңшы суреті, кері байланыс кестесі, карта, «Қазақстанның табиғи қорықтары» кітабы Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі, биология, бейнелеу өнері Күтілетін нәтиже:
1. Өлең мәтінімен таныса отырып мазмұнын меңгереді.
2. Өлеңді құрылысына талдау арқылы тақырыбы мен идеясына ажыратады.
3. Өлең мазмұнына талдау беріп, ойға қатысты тірек сөздерді қолдана біледі.
Сабақ барысы:
Кезеңдер | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдесу. Сергіту сәті: «Жүректен жүрекке» жаттығуы Сынып ережесі Топқа бөлу: санақ арқылы | Шеңберге тұрып, көршісіне тілек айтады, содан кейін ол келесі көршісіне айтады, қарама – қарсы көршісіне жеткенше. Оқушылар санақ сандары бойынша 3 топқа 6 оқушыдан бөлініп отырады. | ||||||||||
Білу. | Топтастыру әдісі: «табиғат», «киік», «аңшы». Қорғаушы спикерді мұғалім белгілейді. Ауызша мадақтау : «керемет», «жақсы». | Оқушылар ойларын бірлесе топтастырып, сайланған спикер қорғайды. | ||||||||||
Түсіну | 1.Әр топқа кесте, түрлі-түсті маркер таратылып, мәтінмен жұмыс жасау тапсырылады.
2.Болжау стратегиясы: - Өлең не жайында деп ойлайсыңдар? 3. Мәтінмен жұмыс жасату, болжамдарын тексерту. Сөздік жұмысы. 1- топқа алғашқы 3 шумағын оқытып, не жайында екені сұралады. 2-топқа 4-8 шумағын оқытып, не жайында екені сұралады. 3- топқа 9-14 шумағын оқытып, не жайында екені сұралады. | 1.Мәтінді оқып, жеке жұмыс жүргізеді. Болған соң түсінгендерін синхронды картаға толтырып, өзара білімдерін толықтырады. Спикер ортаға шығып жұмысты қорғайды.
2. Оқушылар өз пікірлерін білдіреді. 3. Түсінгендерін айтады. Жаңа ұғымдар туралы мәлімет алады. | ||||||||||
Қолдану | Таратпа сұрақтар Спикер жеребе үлгісіндегі сынық ши арқылы анықталады.. 1-топ: Өлең қандай ұйқасқа құрылған? «Бетпақдала». Сипатта 2-топ: Өлең жолдары қанша буыннан тұрады? «Бөкен» Суретте 3-топ: Өлең жолдары қанша бунақтан тұрады? «Аңшы» Салыстыр | Таратылған таратпа бойынша топтық жұмыс жасап, әңгіме-сұхбат жүреді. «Бас бармақ» арқылы спикерді бағалайды. | ||||||||||
Талдау | 1-топ:Бетпақдала түз тағыларының мекені бола ала ма? Салыстырыңыз 2-топ: Бөкеннің келешек тағдыры қандай болмақ? Зерттеңіз 3-топ: Бөкеннің жауы – адамзат . Талдаңыз | Әр топ өз тапсырмалары бойынша топта талқылап, пікірлерін топта сызба жоспарлар арқылы қорғайды. | ||||||||||
Сергіту сәті | «Айдаһар, батыр, ару қыз» ойыны | Қимыл арқылы жеңуге тырысады. | ||||||||||
Жинақтау | «Бес жолды өлең» әдісі 1-топ: Бетпақдала 2-топ: Бөкен 3-топ: Аңшы
Проблемалық сұрақ: - Бөкеннің қырылуына тағы нелердің әсері бар? | Мұғалім тапсырмасына топ мүшелері бірлесе жұмыс жасап, сайланған спикер жауап береді. | ||||||||||
Бағалау | Ой толғау жазу «РАПТ» Рөл-оқушы Аудитория- Бөкен Пішін - хат Тақырып - Ұрпақ сөзі | Әдіс бойынша оқушылар ой толғау түрінде хат жазады. | ||||||||||
Рефлексия | Кері әсер парағы. Топтарды формативті бағалау.
| Кері байланыс парағына «Бүгінгі сабақтан не үйрендім», «Бүгінгі сабақ несімен ұнады?», «Алдағы сабақтан не күтемін?» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын жазады. | ||||||||||
Үйге тапсырма | Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңінен үзінді жаттау. «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен» тақырыбында шағын шығарма жазу. |