Қазақ әдебиеті пәні
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оралбаев Орынбасар Косыбаевич
Сабақ жоспары
Сыныбы: 5 Пәні:Қазақ әдебиеті Күні: ____. 01. 2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Табиғат және адам (Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі) Сабақтың мақсаты:Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі туралы білім қалыптастыру.
Табыс критерийлері:
1. Өлең мәтінін талдай отырып мазмұнын меңгеру.
2. Өлеңді көркемдік ерекшелігіне талдау арқылы тақырыбы мен идеясын ажырату.
3. Өлең мазмұнына талдау беріп, ойға қатысты тірек сөздерді қолдана білу.
Сабақтың типі:Іс-тәжірибелік сабақ
Сабақтың түрi: Аралас сабақ
Қолданылған оқу модульдері: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалог, қалай оқу керектігін үйрету). Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Сәлемдесу», «Серпілген доп», «Миға шабуыл», «Бес жолды өлең», «РАПТ» Сабақта пайдаланатын көрнекi құралдар: ноутбук, таратпа қағаздар, бөкен және аңшы суреті, кері байланыс кестесі, карта, «Қазақстанның табиғи қорықтары» кітабы Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі, биология, бейнелеу өнері Күтілетін нәтиже:
1. Өлең мәтінін талдай отырып мазмұнын меңгереді.
2. Көркемдік ерекшелігіне талдау арқылы тақырыбы мен идеясына ажыратады.
3. Өлең мазмұнына талдау беріп, ойға қатысты тірек сөздерді қолдана біледі.
Сабақ барысы:
Кезеңдер | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдесу. Сергіту сәті: «Сәлемдесу» жаттығуы Сынып ережесі Топқа бөлу: санақ арқылы | Жұптасып тұрып, мұғалімнің айтуы бойынша бір-бірімен амандасады. (көзбен, қабақпен, иықпен, жамбаспен, тіземен, тобықпен, шынтақ, жұдырықпен...) Оқушылар санақ сандары бойынша 3 топқа 6 оқушыдан бөлініп отырады. |
Білу. | 1. «Серпілген сауал» әдісі Сәкен қашан және қайда дүниеге келді? Ақын жастайынан неге әуес болды? Сәкен өз шығармаларына нелерді арқау етті? Қаламгердің қандай поэмалары бар? Оның «Тар жол, тайғақ кешу» романы кім жайында жазылған шығарма? 2. Өлең үзіндісін жатқа сұрау. Ауызша мадақтау : «керемет», «жақсы». | 1. Оқушылар сұрақтарға жеке жауап береді? Формативті бағалау: «Шапалақ» 2. Өлең үзіндісін жатқа айтады. |
Түсіну | 1.Әр топқа кесте, түрлі-түсті маркер таратылып, мәтінмен жұмыс жасау тапсырылады. Мәтінге негіз болған тірек сөздерді таптыру. «Миға шабуыл» әдісі: «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтар табиғаттың тілі жоқ», – деген сөзді қалай түсінесіздер? Сөздік жұмысы. Өлең құрылысы туралы түсінік беріледі. | 1.Мәтінге негіздей, бірлесіп жұмыс жүргізеді. Болған соң түсінгендерін синхронды картаға толтырып, өзара білімдерін толықтырады. Спикер ортаға шығып жұмысты қорғайды.
2. Оқушылар өз пікірлерін білдіреді. 3. Түсінгендерін айтады. Жаңа ұғымдар туралы мәлімет алады. |
Қолдану | Таратпа сұрақтар Спикер жеребе үлгісіндегі сынық ши арқылы анықталады.. 1-топ: Өлең қандай ұйқасқа құрылған? «Бетпақдала». Сипатта 2-топ: Өлең жолдары қанша буыннан тұрады? «Бөкен» Суретте 3-топ: Өлең жолдары қанша бунақтан тұрады? «Аңшы» Салыстыр | Таратылған таратпа бойынша топтық жұмыс жасап, әңгіме-сұхбат жүреді. «Бас бармақ» арқылы спикерді бағалайды. |
Талдау | 1-топ:Бетпақдала түз тағыларының мекені бола ала ма? Салыстырыңыз 2-топ: Бөкеннің келешек тағдыры қандай болмақ? Зерттеңіз 3-топ: Бөкеннің жауы – адамзат . Талдаңыз | Әр топ өз тапсырмалары бойынша топта талқылап, пікірлерін топта сызба жоспарлар арқылы қорғайды. |
Сергіту сәті | «Айдаһар, батыр, ару қыз» ойыны | Қимыл арқылы жеңуге тырысады. |
Жинақтау | «Бес жолды өлең» әдісі 1-топ: Бетпақдала 2-топ: Бөкен 3-топ: Аңшы
Проблемалық сұрақ: - Бөкеннің қырылуына тағы нелердің әсері бар? | Мұғалім тапсырмасына топ мүшелері бірлесе жұмыс жасап, сайланған спикер жауап береді. |
Бағалау | Ой толғау жазу «РАПТ» Рөл-оқушы Аудитория- Бөкен Пішін - хат Тақырып - Ұрпақ сөзі | Әдіс бойынша оқушылар ой толғау түрінде хат жазады. |
Рефлексия | Кері әсер парағы. Топтарды формативті бағалау.
| Кері байланыс парағына «Бүгінгі сабақтан не үйрендім», «Бүгінгі сабақ несімен ұнады?», «Алдағы сабақтан не күтемін?» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын жазады. |
Үйге тапсырма | Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі бойынша «Азайды соңғы кезде байғұс бөкен» тақырыбында шағын шығарма жазу. |
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қолжетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
| |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі әрекетті атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі әрекет сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?
|