Қазақ әдебиеті пәні » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2017

Қазақ әдебиеті пәні

Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оралбаев Орынбасар Косыбаевич

Сабақ жоспары

 

Сыныбы: 5                                             Пәні: Қазақ әдебиеті                 Күні:  ___.01. 2017 ж.

                                     

Сабақтың тақырыбы: «Сағындым», «Балалық шақ» өлеңі (М.Жұмабаев)

Сабақтың мақсаты: «Сағындым», «Балалық шақ» өлеңдері туралы білім қалыптастыру.

 Табыс критерийлері:

1. Өлең мәтіні негізінде мазмұнын меңгеру.

2. Өлең мазмұны арқылы тақырыбы мен идеясын түсіну.

3. Шығармаларына талдау беруде тірек сөздерді қолдана алу.

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрi:  Аралас сабақ

Қолданылған оқу модульдері: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалог). Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Жағымды сөздер», «Миға шабуыл», «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «РАПТ»                                                                                                                                                                                                                                                      Сабақта пайдаланатын көрнекi құралдар: ноутбук,  таратпа қағаздар, ақын суреті, кері байланыс кестесі, карта

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі, тарих

Күтілетін нәтиже:

1. Өлең мәтіні негізінде мазмұнын меңгереді.

2. Өлең мазмұны арқылы тақырыбы мен идеясын түсінеді.

3. Шығармаларына талдау беруде тірек сөздерді қолдана алады.

Сабақ барысы:

Кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Сергіту сәті: « Жағымды   сөздер»

Топқа бөлу

Сынып ережесін еске салу

Мақсаты: Өзін-өзі   одан әрі  ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.                                                                                                                                                                     Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші өзі жайында жағымды сөздер айта отырып, келесі қатысушыға доп береді. Ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.

Оқушылар стикерлерді таңдап, 3 топқа 5-6 оқушыдан  бөлініп отырады.

Білу

«Ойлан, тап» бекеті:

1-топ: М.Жұмабаев қашан, қайда дүниеге келді?

Кейіптеу дегеніміз не?

2-топ: Мағжан алғаш қайдан білім алды ? Оның зеректігі қалай танылды?

3-топ:  Ақын білімін қайда жетілдірді? Ол неше тіл білді?

2. «Қысқы жолда» өлеңін жатқа сұраймын.

Өлеңнен кейіптеу сөздерді тауып оқыңдар.

1. Сұрақ-тапсырмаларға жауап береді.

2. Жаттағандары бойынша әр топтан оқушылардан жалғастырта отырып сұрау.

Түсіну

«Миға шабуыл» әдісі:

1. «Түрме» деген сөзді қалай түсінесің?

 Қорғаушы спикерді мұғалім белгілейді.

Ауызша мадақтау : «керемет», «жақсы».          

Оқушылар ойларын бірлесе топтастырып, сайланған спикер қорғайды.

Қолдану

1.Әр топқа кесте, түрлі-түсті маркер таратылады. Мәтінмен жұмыс жасау тапсырылады.

1-топ: 1-3-шумақ. Сипаттаңдар.

2-топ: 4-6-шумақ. Салыстырыңдар.

3-топ: 7-10 шумақ. Зерттеңіз

1.Мәтінді оқып, жеке жұмыс жүргізеді. Болған соң тапсырма бойынша  жұмысты ортада қорғайды. Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

1-топ: 1-3-шумақ. Сипаттаңдар.

Мағжан бұл өлеңді қайда отырып жазған деп ойлайсың?

Абақты суреті қандай сөздер тіркесімен берілген?

Абақтыда(түрмеде) кімдер болады?

Мағжан қалай қылмыскер аталды деп ойлайсың?

2-топ: 4-6-шумақ. Салыстырыңдар.

Ақын бостандық, азаттық ұғымдарын нелерге теңейді?

Олай ойлауына нендей дәлел келтіре аласыңдар?

Түрме өмірін ақын сипаттауымен салыстыра суреттеңдер.

3-топ: 7-10 шумақ. Зерттеңіз

Мағжан да қылмыскер ме? Оның сағынған дос-жарандары қандай адамдар деп ойлайсың?

Ол кім үшін зардап шекті, қандай атпен қамалды деп ойлайсың?

Оның қайтпас, қайсар мінезін өлеңнің қай тұстарынан аңғаруға болады?

Талдау

«Топтастыру» әдісі: «Балалық шақ»

«Балалық шақ» өлеңімен жұмыс. Әр топқа кесте, түрлі-түсті маркер таратылып, мәтінмен жұмыс жасау тапсырылады.

1-топ: 1-шумақ.

Балалық шақты нелерге теңейді және олай ойлауының мәнін қалай түсіндіресің? Ақын балаларға қандай өсиет айтады?

«Жастай оқыған оқуың тасқа жазғанмен бірдей,

Үлкейгенде оқыған оқуың мұзға жазғанмен бірдей», - деген мақалдағы ойды таратып айт.

2-топ: 2-шумақ.

Ақын оқыған адамды қандай жанға балайды? Ақын сипаттаған білімді адам қандай қасиетімен ерекшеленеді?

«Талапты ерге нұр жауар», - деген мақалдағы ойды таратып айт.

3-топ: 3-шумақ.

Ақын сипаттауында жастық шақтағы ең асыл қасиет не? Ақын ойымен байланыстыра білімді жанды қалай сипаттар едің?

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», - деген мақалдағы ойды таратып айт.

«Венн диаграммасы»: Мағжан «Балалық шақ» - Абай «Ғылым таппай мақтанба»

1.Мәтінді оқып, бірлесіп жұмыс жүргізеді. Болған соң түсінгендерін синхронды картаға толтырып, өзара білімдерін толықтырады. Ортаға шығып жұмысты қорғайды.

 Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

2.Түсінгендерін айтады. Жаңа ұғымдар туралы мәлімет алады.

3. Әдеби-теориялық ұғымдарды жазып алады.

 

 

Жинақтау

1. «Бес жолды өлең» әдісі

 1-топ:«Абақты»

 2-топ: «Мағжан»

 3-топ: «Оқымысты»

Әр топ өздеріне берілген тапсырмамен бірлесіп жұмыс жасайды.

Мұғалім сұрағына топ мүшелері жеке  жауап береді.

Бағалау

РАПТ стратегиясы

Рөл-оқушы

Аудитория- Мағжан ақын

Пішін - хат

Тақырып- Ұрпақ сөзі

Әдіс бойынша оқушылар ой толғау түрінде хат жазады.

Рефлексия

Кері әсер парағы.

Топтарды формативті бағалау.

Кері байланыс парағына «Бүгінгі сабақта қандай әдіс ұнады», «Бүгінгі сабақ несімен ұнады?», «Алдағы сабақта қалай жұмыс жасағың келеді?» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын жазады.

Үйге тапсырма

Ақын өлеңінен үзінді жаттау

 

 

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қолжетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Похожие публикации:

14 сентябрь 2017 Қазақ әдебиеті пәні
14 сентябрь 2017 Қазақ әдебиеті пәні
14 сентябрь 2017 Қазақ әдебиеті пәні
14 сентябрь 2017 қазақ әдебиеті пәні
14 сентябрь 2017 математика сабағы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив