Ата-ана жиналысы хаттамасы
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі» КММ
11 сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы
12.12.2017 ж.
Қатысқаны – 7 ата-ана.
Күн тәртібінде:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> ҰБТ-ға және қорытынды аттестаттауға дайындық нәтижелерімен таныстыру.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Мамандық таңдау туралы. Таңдау пәндерінің болашақ мамандықтарына әсері.
Мектеп директоры А.Р.Дуанаев,
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Қарымбаева,
сынып жетекшісі Г.К.Тильманбетова
Тыңдалды:
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Қарымбаева :
Қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтағы оқушылардың білім сапасы алдыңғы айларға қарағанда біршама көтерілгені байқалады. Оқушылардың дайындығы ай сайын тестілеу арқылы зерделеніп, сараланады. Ата-ана тарапынан баланың сабаққа дайындалуына мүмкіншілік жасауы өте қажет екені айтылды. Ата –анаға соңғы тестілеудің нәтижесі таныстырылды.
Тыңдалды:
Мектеп директоры А.Р.Дуанаев:
Мемлекеттік аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау мақсатында оқушыларға ата-ана бар жағдай жасау керек. Тамағы, сабаққа дайындалатын орны – барлық жағдай жасалуы тиіс. Сабақтан қалмауы, қосымша сабақтарға үзбей қатысуы керек. Қалаға қосымшаға жібергеннен гөрі дайындықты күшейтсін. Мектептің барлық іс-шараларынан босатылды. Тек негізгі пәндерден қосымша сабақтарға барғаны дұрыс. Оқушының таңдаған мамандығы таңдау пәнінен алынады. Қай пәнді таңдаса, сол пәнге қатысы бар мамандыққа жоғары оқу орнына тапсырады. Сондықтан, әр ата-ана баласының таңдаған мамандығына сай пәндерді ойлана таңдау керегі айтылды. Сынып жетекшісіне оқушыларға мамандыққа байланысты пәндер жиынтығын таныстыру ұсынылды. Ата-аналардан мамандыққа қатысты қандай пән таңдауға болатынын білетіндері сұралды.
Тыңдалды:
Сынып жетекшісі Тильманбетова Г.К:
Биылғы оқу жылының ІІ тоқсанының қорытындысын алдын ала бағдарлағанда, сыныптың алты оқушысы екпінді қатарында, қалған төртеуі орташа оқитын оқушылар, бұл білім сапасының 60 пайызын құрайды. Өткен тоқсанмен салыстырғанда он пайызға көтерілді. ҰБТ пен қорытынды аттестаттауға дайындық сабақтары сағат үш пен бестің арасында болатынын, қосымша сабақтарға балаларын уақытында жіберіп тұруын тапсырды. Жұма күндері келіп, сабақтарына қатысып тұру да айтылды.
Шешімі:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Оқушылардың мектепке қосымша сабақтарға келуін қадағалау сынып жетекшісі Г.Тильманбетоваға жүктелсін.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Ата-аналарға, оқушыларға мамандыққа қатысты таңдау пәндері жиынтығымен таныстыру сынып жетекшісі Г.Тильманбетоваға тапсырылсын.
Төрайымы: Мендибекова Айгул
Хатшы: Құрманбаева Гүлжан