Сынып жетекшілердің атқарған жұмыстары туралы
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы
орта мектебінің 2 «Ә» сынып
оқушыларымен өткізілген
тәрбие сағатының I-тоқсандық есебі
2 «Ә» Сыныбында 14 оқушы бар.Оның ішінде 12 оқушы ата-анасымен бірге тұрады. 2 оқушы жартылай жетім.Олар Қуандықов Эльдар әкесі жоқ анасымен бірге тұрады, Әбдібек Нұрдәулет әкесімен апасымен бірге тұрады. Оқушылардың әлеуметтік жағдайлары жақсы . 2017 жылдың 9 қыркүйек күні «Өз балаңа үлгі бол !» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 13 ата-ана қатысты.1 ана себеппен қатыса алмады. «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ата- аналармен әңгіме жүргізілді.Жаңа оқу жылындағы оқушылар жаңа оқу бағдарламасымен оқылатынын біледі. Оқушылар балдық жүйе арқылы оқылатынын біледі.
Ата –аналар комитетіне үш ана сайланды. 1.Дубаева Гульзира Абдумаликовна - ата-ана комитетінің төрайымы 2.Расилова Бекзада Маратовна - ата-ана комитетінің мүшесі 3.Мусаева Айнұр Сайлауовна -ата-ана комитетінің мүшесі болып сайланды.
2017-2018 оқу жылына тәрбие сағатына 2 сыныпқа 34 сағатқа арналған жылдық жоспар құрылып бекітілді. 2017 жылдың 2
қыркүйегінде өткізілген «Мен –кіші
Отанымның патриотымын» атты ашық
тәрби сағатына 2 «Ә » сынып оқушылары
түгел қатысты. Ашық тәрбие сағатына мектеп психологы Жакишев Бағдат ағай қатысып оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын,ынтасын қадағалап отырды.
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімдері оятылды.Мәнерлеп өлең оқып, мақал- мәтелдердің мағыналарын ашып ,түсіне білді.
Оқушылар Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеленді.Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болғанын білді.
30 тамыз мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген күні.Рәміздерімізге не жатады? Ту, Елтаңба, Гимн жатады.Туымыз жайлы айтып әңгімеледі. Елтаңбамыз жайлы да өз ойларын айтты. Гимн ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. Балалар Қазақстан Республикасының Президенті кім екендігін біледі . Тудың авторы- Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.
Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов.
Әнұранның авторы- Шәмші Қалдаяқов. Н.Ә.Назарбаев
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу әрбір азаматтың міндеті екенін білді. Патриот дегенді қалай түсінесіңдер? Патриот-ұлтын сүйетін,өз тарихын,туған тілін құрметтейтін, ұлттық қадір қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға екенін біледі. Отан неден басталады? Отан – сенің туған елің, туған жерің,
туған-туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір
сүретін, қызмет ететін жері екенін біледі.
Оқушылар отан туралы тақпақтар айтып мағынасын аша алды. 2017 жылдың 9 қыркүйек күні «Қауіпсіздік балалық шақ ! » атты сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатқа 13 оқушы қатысты.Оқушылар «Жылулық » шеңберін құрып ,бір-біріне арнап тілектерін айтты.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты жайлы хабарланды.Сұрақтар қойылып ,оқушылар белсене жауап беріп отырды. Оқушылар қауіпсіздік ережелері жайлы айтып,оның адам өміріне маңызды екенін айтып әңгімеледі. 2017 жылдың 16 қыркүйек күні Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері атты сынып сағаты өткізілді.Оқушылар көшеде және жолда жүру ережелерімен танысып,білді.Жолда жүру ережесімен танысып,жол белгілерін де білді.Жол ережесін сақтап жүреді. 2017 жылдың 23 қыркүйегінде «Тіл – татулық тірегі !» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып оқушылары түгел белсене қатысты.Оқушылар «Жылулық » шеңберін құрып ,бір-біріне жылы лебіздерін айтты.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты жайлы хабарланды. Сұрақтар қойылып оқушылар белсене жауап беріп отырды.Өз ана тілінде тақпақтар айтты.Оқушылар бір-бірімен пікірлесіп ана тілімізді,салт дәстүр,әдет ғұрыптарымызды сақтайтыны жайлы әңгімеледі.Оқушылар мақал-мәтелдер де айтып мағынасын ашты.Оқушылар өзге де тілдерді біліп өз ана тілінде сөйлеп ,тілімізді құрметтеуді біледі. 2017 жылдың 30 қыркүйек күні «Ұстаз ұлы тұлға » атты ашық тәрбие сағаты өтті .
Сынып оқушылары түгел қатысып
өлеңдер, тақпақтар айтты. Оқушыларға
ұстаз жайлы мәлімет берілді.Оқушылар
ұстаз жайлы өз ойларын,тақпақтарын айтты. 2017 жылдың 7 қазан күні «Ұстазым
,ұлағатым,үлгі өнегем! » атты сынып сағаты
өткізілді. Сынып сағатына 13 оқушы түгел
қатысты. Оқушылар «Тілек » шеңберін құрып ,бір-біріне арнап жылы тілектерін айтты. Оқушыларға
сабақтың тақырыбы мен мақсаты жайлы хабарланды.Сұрақтар қойылып ,оқушылар
белсене жауап беріп отырды. 2017 жылдың 14 қазан күні «Ұлы тұлғалар» атты сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатына оқушы түгел қатысты. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты жайлы хабарланды.Оқушылар «Шаттық » шеңберін құрып ,бір-біріне арнап жылы тілектерін айтты.Оқушыларға қазақ халқының ұлы тұлғалары А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов,Ы.Алтынсарин,С.Сейфулин т/б тұлғалар жайлы айтылып түсінік берілді.Сұрақтар қойылып ,оқушылар белсене жауап беріп отырды. 2017 жылдың 21 қазан күні «Реттелмейтін жол қиылыстары» Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып, жол қиылыстары жайлы айтылды. Оқушылар сақтық ережелерін біледі.
Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек.
Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе.
2017 жылдың 28 қазан күні «Берекелі алтын күз» атты сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатқа 13 оқушы қатысты.Оқушылар «Жылулық » шеңберін құрып ,бір-біріне арнап жылы тілектерін айтты.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты жайлы хабарланды.Сұрақтар қойылып ,оқушылар белсене жауап беріп отырды.Күз айындағы аталып өткен мерекелерді де атап айтты.Күздің алғашқы айы қыркүйек айында алғашқы қоңыраудың сыңғырлап соғып,көңілді сезіммен мектеп табалдырығын қуанышпен аттағанын қуана айтты.
Сынып жетекші :А.М.Сейдалиева