«Адамгершілік –рухани байлық» атты дөңгелек үстел
«Адамгершілік –рухани байлық» атты дөңгелек үстел
Мектеп тәлімгері Аманжолова Б.
18.10 күні мектебімізде 7-10 сыныптар арасында оқушылардың рухани дуниетанымын дамыту, рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату мақсатында «Адамгершілік –рухани байлық» атты дөңгелек үстел өтілді. Адамгершілік, рухани келісім туралы оқушыларға мәлімет берілді. Ой қозғау мақсатында оқушыларға тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Абайдың, Бауыржанның қанатты сөздері жазылған қағаздарды оқытып, оқушылардың ойлары тыңдалынды. Сонымен қатар адам бойында кездесетін жағымсыз қасиеттер жеке –жеке аталынып, оларды адам бойынан алшақтатудың жолдары аталынды. Абайдың «Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол, Адам боламын десеңіз» деген өлең жолдарын естеріне түсіртіп, ол қай қасиеттер екенін айтылды. Рухани байлық пен материалдық байлықтың ерекшіліктерін ажырытты. Соңында оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеп, тақырып аясында көп мәліметтер алғандарын, олардың болашақта пайдасы тиетіндеріне сеніп тарасты.
Орындаған: Б.Аманжолова