Мырзашова Нургиза Абдигалиевна » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мырзашова Нургиза Абдигалиевна
20
ноябрь
2024

Мырзашова Нургиза Абдигалиевна

Мырзашова Нургиза Абдигалиевна, 1975 жылы 5 мамырда дүниеге келді. 

1992 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясын бітіріп, Тараз мемлекеттік университетіне физика-информатика мамандығына түсіп, бітірген соң Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектепте еңбек жолын бастады. 2002-2005 жылдар аралығында Тараз қаласындағы №30 мектепте физика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2005 жылдан 2024 жылға дейін Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайқорық орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі, директордың әдістеме жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Педагогикалық өтілі – 25 жыл.

«Сыни тұрғыдан ойлау», «Сатылай кешенді талдау», «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» және «Жобалап оқыту» педагогикалық технологияларын   меңгеріп, сертификаттарына ие болған.

2014 жылы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курсын бітірді.

2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады.

2019 жылы аттестаттаудан өтіп, «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты берілді.

Жетістіктері:

2009 жылы аудандық информатика пәні мұғалімдерінің «Алтын диск» байқауында бас жүлдеге, ІІІ облыстық «Алтын диск» байқауында ІІ орынға ие болды.

2010 жылы “Білім беру жүйесін жетілдіру: білікті ұрпақ тәрбилеудегі “Сатылай кешенді талдау” технологиясының рөлі” атты республикалық форумда ұсынған «Информатика пәнін оқытуда «Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімділігі» тақырыбындағы баяндама республикалық форум жинағына енгізілді.

2011 жылы “Қазіргі білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби біліктілігінің дамуы: халықаралық тәжірибе, міндеттер және перспективалар” атты халықаралық форумға қатысып, «Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбындағы жұмысы форум жинағына енгізілген.

2015 жылы 26-27 қарашада өткен «Педагогтардың біліктілігін арттыру және кәсіби дамуы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ұсынған «Информатика сабағында топтық, жұптық тапсырмалар арқылы оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енгізіліп, сертификатқа ие болды.

2016 жылы 26-27 мамыр аралығында өткен ІІІ халықаралық «Білім беру инновациялары: Ізденіс және шешімдер» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясында ұсынған «Коучинг – мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудағы инновациялық тәсіл» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енгізіліп, сертификатқа ие болды.

2017 жылы аудандық «Үздік әдістемелік кабинет» байқауына қатысып бас жүлдеге, облыстық байқауда «Озық тәжірибе» мектебінің үздік үлгісі» номинациясына ие болды. 

2017 жылы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын институттың ұйымдастыруымен өткен республикалық «Мен және менің коучингім» байқауында ІІІ орынға болды.

2018 жылы 25-26 қазан күндері Астана қаласында өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының X Халықаралық «Жаңа дәуірдің мектебі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын оқыту үдерісіне енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында зерттеу жұмысын қорғап, баяндамасы жинаққа еніп, сертификатқа ие болды. 

2019 жылы «Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибені жетілдірудің тиімді құралы» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумды ұйымдастырғаны үшін Тараз қаласындағы ПШО филиалының Алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру ісінің үздік педагогы-2020» атты республикалық байқауда І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен өткен «Білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жеңімпаз атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2021 жылы директор орынбасарлары арасында «Society and technologies of the future – 2021» ғылыми жобалар республикалық онлайн-байқауында ІІІ орынға ие болды.

2021 жылы республикалық «Педагогика: дәстүр және инновация» қашықтық олимпиадасында ІІ орынға ие болды.

2021 жылы «Жаңалық жаршысы - 2021» оңтүстік аймақтық Жетекші мектептер форумының «Жетекші мектептердің үйлестірушілері» секция жұмсының жоғары деңгейде өтуіне ат салысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2021 жылы аудандық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсында І орынға ие болды. 

2022 жылы аудандық «Әдістемелік қызмет – педагогтердің әлеуетін арттыру мектебі» тақырыбындағы тәжірибелік семинарда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2021 жылдың 26  ақпанында М.Х.Дулати   атындағы Тараз өңірлік   университеті Назарбаев Университеті (Астана қ.), Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Карабюк университеті (Түркия), Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасымен бірлесе ұйымдастырған ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына  арналған «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӘЛЕМДІК РУХАНИЯТ, ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» атты ІІ Халықаралық Педагогикалық Оқуларына қатысып, баяндамасы материалдар жинағына енгізілді.

2022 жылы 26 қазанда «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында тиімді оқыту мен оқудағы жаңа педагогикалық инновациялар» республикалық онлайн педагогикалық оқуларына қатысып, баяндамасы материалдар жинағына енгізілді. 

2022 жылы 25 қарашада Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен өткен «Сабақты зерттеу: Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, мазмұнды іс-тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында мектеп басшыларының кадрлық резервіне енгізілді.

2024 жылы педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткен   «Жаңару жаршысы-2024» өңірлік форумда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хатпен марапатталды.

2024 жылы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын отандық төл технология» тақырыбындағы халықаралық Ұлттық Саммитте іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификатпен марапатталды.

2024 жылы аудандық «Directоr’s CUP» мектеп басшыларының пікір-сайыс турнирінде ІІ орын иеленгені үшін дипломмен марапатталды.


Баспа материалдары:

2010 жылы “Білім беру жүйесін жетілдіру: білікті ұрпақ тәрбилеудегі “Сатылай кешенді талдау” технологиясының рөлі” атты республикалық форум жинағы, тақырыбы: «Информатика пәнін оқытуда «Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімділігі».

2011 жылы “Қазіргі білім беру жүйесінде педагогтың кәсіби біліктілігінің дамуы: халықаралық тәжірибе, міндеттер және перспективалар” атты халықаралық форум жинағы, тақырыбы: «Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану».

2013 жылы “Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты” атты бірінші республикалық педагогикалық оқу жинағы, тақырыбы: «Информатика сабағында оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру».

2016 жылы  облыстық ғылыми-әдістемелік «Озық сабақ» журналының №3(17) санында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдары» тақырыбындағы коучинг жоспары жарияланды.

2017 жылы  облыстық ғылыми-әдістемелік «Озық сабақ» журналының №9-10 (35-36) санында «Диаграммалар» тақырыбындағы сабақ жоспары жарияланды.

2021 жылы облыстық ғылыми-әдістемелік «Озық сабақ» журналының №6 санында «Білім – таусылмайтын қазына» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. 


Марапаттары:

2009 жылы білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруде қосқан үлесі және білім саласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.

2011 жылы ҚР Кіші Ғылым Академиясының аясында дарынды жастар арасындағы ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласқаны үшін ҚР Кіші Ғылым Академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2012 жылы өткен «Тіл-достықтың дәнекері» атты облыстық байқауына қатысушыларды жан-жақты дайындап, жүлделі орынға жеткізгені үшін Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарының дипломымен марапатталды.

2013 жылы білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруде қосқан үлесі және білім саласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.

2019 жылы көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылы ҚР оңтүстік аймақтық жетекші мектептердің «Жаңару жаршысы-2021» форумының «Жетекші мектептердің үйлестірушілері» секция жұмысының жоғары деңгейде өтуіне ат салысқаны үшін  Алғыс хатпен марапатталды. 

2021 жылы директор орынбасарлары арасында «Society and technologies of the future – 2021» ғылыми жобалар республикалық онлайн-байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 

2023 жылы өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

2024 жылы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын ҚР орта білім беру ұйымдарына енгізу және «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын отандық төл технология» атты халықаралық Ұлттық Саммиттің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткені үшін ҚР оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің алғыс хатымен марапатталды.

2024 жылы заман талабына сай білім беруде өскелең ұрпақты қолдап, жан-жақты дамуына ықпал етіп, SDU университетімен ынтымақатстықта жұмыс атқарғаны үшін SDU университеті Педагогика және гуманитарлық ңылымдар факультетінің алғыс хатымен марапатталды. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив