14
август
2018
Мектеп Тарихы
Мектеп тарихы
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі 1949 жылы Бесжылдық төртжылдық мектеп
болып ашылған. 1957 жылы жетіжылдық мектеп болып қайта құрылды. 1993 жылы 430 орындық мектеп үйі салынып, оған Социалистік Еңбек Ері Әзімбек Ысмайыловтың аты берілген.
1949 жылы төртжылдық мектепті Шахиев, 1957 жылы жетіжылдық мектепті С.Төленбаев, одан 1964 жылға дейін Ә.Темірбеков, 1964 жылдан бастап Е.Жайшыбеков басқарған.
Одан кейінгі жылдары басшылық жасаған директорлар: Ш.Болысбеков, Қ.Жүндібаев, Қ.Төлендиева, Т.Серкебаев, Г.Қарашева, Т.Мұсақұлова, А.Байтөреев, С.Райымқұлов.
Бесжылдық мектебінен білім негізін алып, білімді де білікті азаматтар атағына ие болған мақтанышымыз: тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар К.Орынбеков пен Д.Нарымбетова, педагогика ғылымдарының докторы И.Нарымбетов, техника ғылымдарының докторлары Серік және Ерік Нарымбетовтер, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Төлендиев, физика-математика ғылымдарының кандидаттары С.Амандосов пен Ж.Әбдібаев, химия ғылымдарының кандидаты, профессор А.Мырзабаев, экономика ғылымдарының кандидаттары М.Сұлтанбекова мен Б.Абралиев, тарих ғылымдарының кандидаты Р.Омаров, техника ғылымдарының кандидаты С.Темірбекова, биология ғылымдарының кандидаты Қ.Файзуллаев.
Қазіргі таңда мектептің директоры Дуанаев Алихан Расилханович басшылығымен, 35 мұғалім қызмет атқарады. Өзінің шығармашылығы мен біліктілігін көрсетіп, шәкірт жүрегіне жол таба білетін, жаңашылдыққа жаны құмар, тынымсыз еңбегінің жемісін көріп жүрген ұстаздар қауымы әлі де талай шәкірттерін асқақ арман мен биік шыңдарға ұшыра беретін – білім ұйымы.