8-сынып оқушысы Алтынбек Инабаттың "Туған өлке тарихы" атты ғылыми жұмысы
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесжылдық ауылы
Ә.Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
8-сынып оқушысы
Алтынбек Инабат
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: Туған өлке тарихы
Жұмыстың бағыты: Туған өлке, ауыл тарихын зерделеу
Секция: Қоғамдық гуманитарлық
Ғылыми жетекші: _______________ тарих пәнінің
мұғалімі Алежанова Ж.
Жамбыл ауданы
2017 ж
Кіріспе
Қазақ даласының әр төбесі, әр белесі ертегі, топырағын басып қалсаң бір ертегі сыр шертеді.
М.Шаханов
Шын мәнінде солай-ау .
Әрбір сауатты, саналы, парасатты деген азамат бір сәт артымызға ата-бабамыздың жүріп өткен жолына ой жіберіп қарайықшы.
Біріншіден,әрине теп-тегіс жол көре алмас едік. Қазақ халқындай көп көрген, аласапранды, бұрқасынды, дауылды жолдарды жүріп өткен халық жоқ ау сірә.
Екіншіден,қазақ халқының жер бетінен ұлт ретінде жойылып кету қаупі неше дүркін қайталанды.
Десек те, бір жеңнен қол шығарып, елімізбен, жерімізді сыртқы жаулардан азат ету жолында ерекше ерліктер көрсетіп, ақыры бүгінгі Тәуелсіздікке ұласты.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2030стратегиялық бағдарламасында Қазақстан Орта Азия барысына айналады» деп атап көрсеткен .
Ондағы мақсаты: Барыс биік шыңдарда өзінің ерлігімен, терісінің бағалығымен ерекшеленсе, бұл қасиетті Қазақстанның ішкі байлығымен теңестіріледі .
Табиғат байлықтары: жер асты, жер үсті байлықтары, Менделеев таблициясындағы 109 элементтің табылуы осының айғағы.
Ал барыстың тектілігі, маңғаздығы, ешбір аңға өз еркімен шабуыл жасамайтындығы, ал тиіскен аңды оңдырмайтың қасиеті Қазақстанның сыртқы саясатына теңестіріледі. Қазақ елінің о бастағы бабаларымыз салған сара жолы -ешкімге соғыс ашпау, ешбіржауға жауын таптатпау болса, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «ҚазақстанРеспубликасының жері біртұтас, ол бөлінбейді, ешкімнің қол сұғуына жол берілмейді»- деп атап көрсеткен . Қаз дауысты Қазыбек бидің «Ешбір дұшпан басынбаған елміз»- деген сөзі де осының делелі боларлықтай. Ұлан байтақ қазақ жері анталаған жау-Қоқан, Хиуа, Жоңғар хандарын Ресей, Қытай империяларына қарсы қаңқұйлы ұлт-азаттық көтерілістерді басынан өткізді. Осы қиын да, қанды жолдардан өте келе еліміздің елдігін, жерін сақтап қалған елміз.Осындай еліміз бар, жеріміз бар.
Атақты ақын ұлтжанды ағамыз М.Шаханов өзінің «Отырар» поэмасында былай дейді:» Шыңғысхан бес ай болды қаланы ала алмайды. Алты айға кетті. Осы кезде сатқын Қараша қала қақпасын ашып бергені үшін Шыңғысхан оны алдына алдыртады. Мұны естіген әкесі қатты өкініп, бармағын тістейді . Сонда
ғана орны толмас қателік жібергенін біледі. Себебі ол баласын нағашы жұртына беріп, тек есейгенде ғана қолына алады.Өзі туған қасиетті өлкенің ауасымен тыныс алуы тиіс еді» - деп қателескенін түсінеді.
Сондықтан әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып, біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын өзен көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп оны қорғай білетін болуы керек деп ойлаймын.
Оның дәлелі елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Биылғы жылғы сәуір айындағы «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты бағдарламасында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынылды.Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады?
Адам баласы –шексіз зердені ғана емес ғажайып сезімнің иесі. Туған жер адамның шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрседе жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстыққа сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіспіз.
1. Туған өлке- тұнған шежіре
1.1Ауылым алтын бесігім
Көп жылдар облысымыздың Свердлов, Луговой, Меркі сияқты ірі аудандарын басқарған Әзімбек Ысмайылов пен Жайшыбек Жанталиевтей азаматтары бар Бесжылдық ауылының тарихына тоқталсақ, Бесжылдықта 1929 жылы артель болып құрылған. Ол кезде орталығы Машақайда болған. Ұжымшарды көзі ашық, көкірегі ояу Б.Досымбеков, содан соң Ә.Келімбетов деген кісі 1939жылға дейін басқарған. Голощекиннің колдан жасаған «қызыл қырғыны» елді тұралатса да, білгір басшының ұйымдастыруымен жер жыртып, егін егіп, біраз адам ашаршылықтан аман қалған. 1940 жылы Манап Тасқараев басқарған. 1942-1943 жылдары Әли Нұрманов, 1944-1946 жылдары Жексенбі Абралиев, 1946-1953 жылдары жылға дейін Бәйтік Досымбеков, 1953-1959 жылдары Көбей Үкібаев басқарды. 1960 жылы колхоз таратылып, Куйбышев кеңшарына бөлімше болып қосылды да,1969 жылы қайта бөлініп, «Бесжылдық» жеміс-жүзім кеңшары аталды. Кеңшарды Кленкин басқарды. Одан кейін директор қызметін Уалиев,Жанұзақов,Ешенқұлов,Айтназаров, Шалов басқарды. Сол жылдары ауылдан білім ошақтары ашыла бастайды. Сұрапыл соғыс жүріп жатқан кезде Бесжылдық,Совтрактор ауылдарынан бастауыш
мектептері ашылады. Бесжылдықтағы мектепте алғаш дәріс оқыған Дүйсен Аңдабаев деген кіші еді. Сондай-ақ Бекбосын Темірбаев,Әтіркүл Керімова да ауыл жастарын білім нәрімен сусындатты.
Бесжылдық ауылы қалай аталады десек, 1928-1632 жылдары аралығында алғашқы бесжылдық жоспары қабылданғаны тарихтан аян. Ауылдың атауы осыған байланысты «Бесжылдық» деп аталып, «Көлқайнар» селолық кеңесіне кірген.
Осы ауылдың негізін қалауға ұйытқы болған, яғни қолдарындағы бар малын ортаға салып, колхозға біріктірген мынадай айтулы азаматтар –Мырзабаев Жаңбырбай, Абралиев Жексенбі, Үсіпов Рахымберді, Сұлтанбеков Темірбек, Пірімқұлов Махаш, Досымбеков Бәйтік, Тойшыбеков Төленді, Қадыров Кенжебек, Қашарбаев Талқанбай, Оралбаев Татай, Айнабеков Жайшыбек, тағы басқалары 280 қой, 12 сиыр, 7 жылқы, 2 түйенің басын құрап, колхозға берген.
1964 жылы колхоз совхозға біріккенге дейін қой басы30000мыңға, сиыр 500, жылқы 150 басқа жеткен. Осы мал «Куйбишив», «Пионер» совхозына өткен, «Бесжылдық» ауылы жеміс- жидек совхозы болып қалған.
1.2 Ауылдың айтулы азаматтары
Әр жылдары ауылды көркейтуге еңбек адамдары белсене атсалысты. Олардың арасында Социолистік Еңбек ері, жылқышы Жәйшібек Жанталиев, Ленин орденді бригодир қызылшасы Күләш Тасыбекова, қызылшасы «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері Айдарбекова, Ленин орденді «Қазақ КСР не еңбек сіңірген агроном» Егемберді Жәнәділов сияқты азаматтар бар.
Ұзақ мерзім ішінде бұл ауылдан көптеген білімді, білікті азаматтар өсіп шықты. Олар: тарих ғылымдарының докторлары ,профессорлар Керімбек Орымбеков пен Дина Нарымбетова, педагогика ғылымдарының докторы Исабай Нарымбетов, техника ғылымдарының докторлары Серік және Ерік нарымбетовтар, техника ғылымдарының докторлары профессор Таяубай Төлендиев, физика- матиматика ғылымдарының докторы Сейдуалы Амандосов пен Жәркен Әбдібаев, химия ғылымдарының кандидаты, професор Абдулла Мырзабаев, экономика ғылымдарының докторлары Майра Сұлтанбекова мен Бегман Абралиев, тарих ғылымдарының кандидаты Рахметулла Омаров, техника ғылымдарының кандидаты СалтанатТемірбекова, биология ғылымдарының кандидаты Құдайберген Файзуллаев, ҰҚК қызметкері- полковник Нұрхат Махашев.
Менің туған ауылым Кіші Бурыл тауының етегінде орналасқан. Ауыл тарихын зертемес бұрын көне көз қариялар- Шолпан Дауытов, Құлымбет
Жүндібаев, Орынтаев Ескермес аталармен әңгімелесіп біраз ақпарат алдым.
Олардың айтуынша ауылымыз 1929 жылы «Советский трактор» артелі (бірлестігі) болып құрылыпты . Оған ат салысқан Әтімбетов Сансызбай, Келімбетов Байтөре болды.
1936 жылы 27 тамызда Халық Комисарлар Кеңесі «Байларды кәмпескелеу» туралы декретіне сәйкес, халық арасында «Совет өкіметіне қарсы жау» деп есептеліп жазалауға ұшырады. Олар жер аударылды, қамауға алынды, тіпті өлім жазасына кесілді. Солардың бірі аса бай 65 жастағы Байзақұлы Нұрбай еді Ол кісі туралы немере келіні Нұржанова Арзан естіген әңгімелерін айтып берді.
1937-38ж.ж. Сталиндік репресия жалыны да ауылымызды шарпып өткен. Бұл жөнінде 90 жастағы Зияшев Нұртай атамыз : «Мен ол кезде 14-15жас кезім. Әлі есімде, Араб Даутбаев, Нұрлан Серкебаевты ауылдың сыртында шұңқыр болатын, сонда бүкіл ауылды жинап солардың көзіңше атып тастады ғой »- деп еңірей еске алған екен.
Ал 1941-45 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Бесжылдық» ауылынан 300 дей адам соғысқа аттанған. Елге оралғаны 64-і ғана .
Біздің ауылда Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеп келген ағаларымыз бар, олар Базаров Асылан және Татаев Бақберген. Олар туралы мәліметтер мектеп мұражайында сақталған.
Қазіргі уақытта да ауылымыз ел қамын ойлайтын азаматтардан кем де емес . Осы ауылда Қырықбаевтар әулеті ауылдың көркі болып тұрған –зәулім мешітті салып берді.
Ауылымыз егін және жеке мал шаруашылығымен айналысады.
1.3 Ұлы Жібек жолы іздері
Бүгінгі Жамбыл облысының жерінде бұл өлкенің көне замандардан-ақ ата бабаларымыздың құтты қонысы болғанын дәлелдейтін ескерткіштер аса көп. Ықылым уақыттардан бүгінге жеткен неолит дәуірінің қоныстары, оба –қорғандар, тасқа өрнектелген суреттер, орта ғасырлық бекіністер мен қалалар, күмбездер мен мазарлар біздің қазақтардың да бүкіл әлемдік өркениетке өзіндік мол үлес қосқанын көрсетеді.
«Талас және Шу аңғарлары» атты үлкен ғылыми еңбек жазған А.Н.Бернштамның орны да өз алдына бір төбе. Қазақ ғалымдары Ә.Марғұлан, Қ.Ақышев, К.Байпақов, Х.Алпысбаев, тағы басқалардың есімдерін әрқашан мақтан етеміз.
Орта ғасырлық қалалар мен қорғандардың үйінділері біздің өзгеше өлкеміздің шығысы мен батысына, терістігі мен түстігіне шашырап, алуан бұлақтар мен өзендердің бойларында сырларын бүгіп жатыр. Соңғы жылдардағы ғылыми-зерттеу және барлау –бағдарлау жұмыстары Талас пен Шу өзендерінің аралықтарында, Қаратау мен Қырғыз Алатауының баурайында
қалалардың, бекіністердің, қорғандардың белгісі мен белгісізі әлі де көп екендігін дәлелдей түсуде . Ұлы Жібек жолының негізгі күретамырлары бөлігі осы өңір арқылы тарамдалып өтетін болғандықтан, тарих сахнасында Тараз, Аспара, Құлан, Мерке, Атлах, сияқты аса ірі саяси-экономиялық орталықтары алып шықты.
Ерте темір дәуірінде қазақ жерін мекендеген тайпалар мыңдаған археологиялық ескерткіштер қалдырды. Бұл ескерткіштер негізінен сол тайпалардың қоныстар мен өлген адамдарын жерлеген орындары мен обалары. Малдың соңынан жылысып көшіп отырған тайпалар үшін тұрақты мекен аса қажет болмады. Ал обалар өте көп. Әдетте обалар тас, топырақ, қиыршық құмнан тұрғызылған. Жамбыл ауданы Бесжылдық ауылының оңтүстік жағында онша биік емес шоқыда аумағы 12 метр, биіктігі 1.5м көлемінде обаларды таптық.
Мен тарихшы ұстаздарыммен бірге ауылдағы ерте темір дәуірінен қалған тайпалардың оба, қоныстарын көріп қайттық және сол кезендегі осы обаның сол дәуірге жататындығын облыстың тарихи өлкетану музейінің директоры болған археолог ғалым марқұм Күзенбай Байбосыновпен кездесу кезінде көрсетіп кеткен екен. Ол кісінің айтуынша: «Бұл зират біздің эрамызға дейінгі отырықшы көне тайпалар сақтар мен үйсіндердің обалары екендігін дәлелдейді» - деген. Бұл обаларды бағдарлап көрсек тастан үйілген, бірақ әлі танымалы, растайтын төбесіне ешқандай қазан шұңқырдың орны табылған жоқ.
Батыс пен Шығысты байланыстыратын- Ұлы Жібек жолы. Бұл тарихи жолдар арқылы ірі көрші мемлекеттердің елшілері, саудагерлері жиі- жиі қатынас жасаған. Мұндай ел аралық қатынастарының дамуы көшпенділердің дамуына әсер еткені белгілі.
Көне Тараз қаласынан шыққан керуен жолдар Қаратау қаласындағы тамды, одан әрі Саудакент қалаларына бару үшін біздің жеріміздегі кішкене Бурыл тауының батыс жағындағы етегіне орналасқан, орта ғасырлық қала қоныстарына ат тірейді. Сонымен қатар Саудакенттен келе жатқан Байзақ ауданындағы Түймекент, Майтөбе қаларына бару үшін міндетті түрде біздің қаламызды басып өтеді. Соларды зерттеу үшін біз ауылдық қаладан келе жатқан жолдың оң жағындағы қалаға экскурсия жасадық. Қала1978ж. Жамбыл облыстық өлкетану мұражайының экспедициясы ұйымдастырылып, ғылыми құжаттар толтырылып , мемлекеттік есепке алынған екен.
Көп ғасырлар бойы топырақ болып үйіндіне айналған қаланың орны биіктігі 5 метр 2 бөліктен тұратын, төменгі бөлігі 8,5метр жоғарғы бөлігі көлемі 22 метр болып келеді екен. Бір өкініштісі, қаланың орны көп жылдары ауылдың жерлеу орындарына айналған. Экскурсия барысында қаланың батыс жағындағы қорғаныс дуалдарын көрдік, әр түрлі қыш ыдыстардың сынығын кездестірдік.
Пышақпен шұқылап көргенімізде жоғары қабатта үйлердің фундаментін дәлелдейтін бірнеше қабат қаланған шақпақ тастарды таптық. Ең бір қызығы, дуал қалдықтарында пеш күлінің кездесуі қаланың үлкен өртке шалынғанын растайтын сияқты. Зират аумағыңың сыртында жағалай тізбектеліп жатқан үлкен-үлкен кірпіш тақта тастар қала қамалын еске түсіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтсақ, біздің өңірде қалалар мен бекіністердің, қорғандардың орындары өте көп ақ. Ұлы Жібек жолының тараулары Жамбыл облысының жерінде де өз өрнегін керемет кестелеген. Үстірттеу ғана шолу жасағанның өзінде бұл жолдардың сілемдері тарихтың тереңіне тартып қызықтыра түседі. Ал, мәдениеттің, өркениеттің өзгеше куәгерлері, ерекше ескерткіштерінің сырына үңіле түссек, айтылар әңгімелер бірінен-бірі қызықты бола бермекші.
Патриотизм кіндік қаның тамған жерің, өске ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ .Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамында бермей ұрпағына мирас еткен кең байтақ жерімді, тәуелсіз елімді менде мақтаныш етемін!
Қысқаша айтқанда «Туған жер бағдарламасы» жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.К.Байбосынов «Тараздың төңірегі төбе- төбе...»
Жібек жолы журналы №1-2 1990.
2.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Тараз, «Сенім»2007.
3.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін.
I том. –Алматы: Атамұра, 2010.
4. К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов Қазақстастан археологиясы
Алматы, 2009.
Мазмұны
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------- 2
1.Туған өлке – тұнған шежіре
1.1 Ауылым алтын бесігім ---------------------------------------------- 3
1.2 Ауылдың айтулы азаматтары -------------------------------------- 4
1.2 Ұлы Жібек жолы іздері ---------------------------------------------6
1.2 Қорытынды ------------------------------------------------------------ 7
Суреттер -------------------------------------------------------------------- 8
Пайдаланылған ------------------------------------------------------------ 11