Ата-анамен жүргізілетін жұмыс түрлері
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің «ЖасҰлан» ұйымы мүшелері «Отбасы күні» құрметіне «Үздік отбасы» атты кездесу жұмысын жүргізді. 8 қыркүйек күні «ЖасҰлан» ұйымы мүшелері мектеп тәлімгерінің басшылығымен ауыл тұрғындарының ішінен «Үлгілі отбасы» ретінде өздерінің таңдап алған Болысбековтер отбасына барып, жақсы әңгімелер тыңдап, үлгі боларлықтай керемет дүниелер тыңдап, көріп қайтты. Бұл отбасын үлгілі деп таңдаған себебі, отбасы мүшелерінің барлығы көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты, саналы, тәрбиелі жандар. Жасұландықтар осы отбасының отағасы Шяхмет ағайдың өмірі мен шығармашылық жолы жайлы толық мәлімет алды. Ағайдың 4 қызы, 1 ұлы бар екен. Төрт қызы ағайдың өзі сияқты мектепті де жоғарғы оқу орындарын да үздік, қызыл дипломмен бітіріп, төртеуі де білім саласында, яғни мектептерде ұзтаздық қызмет атқарады екен. Ағайдың жұбайы Зиякүл апки зейнеткер осы өзіміздің мектептің ардагер ұстазы . Оқушы тәрбиесінде ғана емес, бала тәрбиесінде де үлкен еңбек еткен ардақты ана екеніне көздері жетті. Аяулы апайымыз отбасылық фото альбомдарын көрсетумен қатар көптеген мәліметтер айта отырды. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп , өткен өміріне саяхат жасады. Отбасындағы жалғыз ұлы –Алмаз әскери қызметкер екен. Екі ұлы бір қызы бар екен. Қызы –Жұлдыз былтырғы оқу жылын
<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> МАД тобын осы өзіміздің мектебімізде үздік бітірген. Қазіргі таңда Тараз қаласының №26 мектеп-гимназиясының 1-сынып үздік оқушысы. Жұлдызайдың анасы – Джандаулетова Гаухар мектепті және ЖОО үздік бітірген. Қазір мектебіміздің білімді, білікті ұзтаздарымыздың бірі. Фото альбомдармен қатар көптеген құрмет грамоталары, алғыс хаттар, дипломдар, <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> сертификаттарды көрдік. Баспа сөз беттеріне шыққан үздік сабақтар, шығармашылық жұмыстар, мақалалардың бар екеніне куә болды. Жасұландықтар өз өмірлеріне өнеге боларлықтай, рухани бай көп дүниелерді бойларына сіңірді.Өзінен кейінгі іні-қарындастарына, қатарларына, достарына үлгі етіп айта жүретіндерін жасырмады. Отбасы мүшелерімен суретке түсті. Шаяхмет ағай мен Зияул апки жасұландықтарға баталарын беріп, жақсы тілектерін тіледі. Оқушылар бұл отбасынан ерекше әсерде қайтты.
№1 суретте: Отбасы мүшелерінің түрлі дәрежеде жеткен жетістіктерін дәлелдейтін материалдармен танысу барысынан көрініс
№2 суретте: Үлгілі отбасының ұйытқысы болып отырған Зияткуль апамызбен естелік
№3 суретте: Зияткул апкидің оқушылардың сұрақтарына жауап беріп жатқан кезі
№4 суретте: Үлгілі отбасы Ш.Болысбековтер отбасымен кездесу барысынан көрініс.
<!-- [if mso & !supportInlineShapes & supportFields]> SHAPE \* MERGEFORMAT <!-- [if mso & !supportInlineShapes & supportFields]>
<!-- [if mso & !supportInlineShapes & supportFields]> SHAPE \* MERGEFORMAT <!-- [if mso & !supportInlineShapes & supportFields]>