Мектепішілік іс-шара "Тіл мерекесіне" арналған
19.09 күні «Тіл мерекесі күні» құрметіне мектебіміздің акт залында тілдің қадір-қасиетін, көркемдігін, құдіреттілігін, маңызын оқушы бойына сіңіру мақсатында «Тіл - ұлттың тірегі!» атты мерекелік кеш өтілді. Мерекелік кешке 7-10-сынып аралығындағы оқушылар қатысып, төмендегідей бағдарлама бойынша өтілді.
1. Мемлекеттік Гимннің орындалуы
2. Мектеп директорының құттықтау сөзі мен мерекелік кешті ашық деп жариялау
3. Арнаулар
4. Ән «Ана тілі»
5. Мәнерлеп жатқа айту
6. Ән «Қазақстаным»
7. Көріністер
Мерекелік кешті 9-сынып оқушысы Сүйінбекова Айзат жүргізді. Мемлекеттік Гимн ортындалып болған соң Мектебіміздің директоры Дуанаев Алихан Расылханұлы Ұстаздар мен оқушыларды мерекелерімен құттықтап, меркекелік кешті ашық деп жариялады. «ЖасҰлан» ұйымының белсенді мүшелері 10-сынып оқушысы Шыныбаева Ұлжан, 8-сынып оқушысылары Абдықалиева Қызжан, Нұржан Інжу –Маржан өздерінің ана тілдеріне деген құрметі ретінде шығарған арнауларын тарту етті. Мерекелік кешті 7-сынып оқушысы Әзімбай Маржанның орындауындағы «Ана тілі» әні жалғады. Мектебіміздің үлгілі оқушылары тіл туралы өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтып, тілге деген құрметтерін дәлелдей түсті. Ана тіліміздің қадірін, қасиетін, құндылығын насихаттау мақсатында әр сыныптың дайындап келген көріністері мерекелік кештің мәнін ашты. 8-сынып оқушысы Бидалиев Аяттың орындауынағы «Қазақстан» әнінен кейін көрермендер көтеріңкі көңіл күймен тарасты.