Оқушылармен жұмыс
Мәлімет
6. 10 күні мектебіміздің акт залында ұстаздар күніне арналған «Ұстазым, ұлағатым,
үлгі-өнегем!» тақырыбында мерекелік іс –шаралар өтілді. Мерекелік іс –шаралар төмендегідей ретпен өтілді.
1. Таңғы жаттығу
сағат:7 45-800
2. Тәрбие сағаты
12 «А»сыныбына сағат: 8 00-8 55
12 «Ә» сыныбына сағат: 9 00-10 00
3. Жарыс сабақ
12 «А»сыныбына сағат: 9 00-10 00
12 «Ә» сыныбына сағат: 8 00-8 55
4. Психологиялық кабинетке
12«А» сынып, 12«Ә»сағат: 10 10-1040
5. Лездеме сағат: 10 50-11 10
6. Мерекелік концерт сағат: 11 30-12 30
Мұнда ұстаздар қауымы 12 «ә» жіне 12 «а» сыныбы болып екіге бөлініп, екі сыныпқа отырғызылды. Екі сыныпқа екі «ЖасҰландық» оқушы сынып жетекші болып, бірінші тәрбие сағатын, екінші жарыс сабақты өткізді. 12 «ә»сыныбына 10-сынып оқушысы Қосыбаева Ақнұр сынып жетекші болса, 12 «а»сыныбына Шыныбаева Ұлжан сынып жетекші болды.
Сабақтан кейін ұстаздар психологиялық кабинетке барып, оқушылардың дайындаған бейнероликтерін тамашалады.
Сағат: 10 50-11 10 аралығында лездемедеге сапқа тұрды. Лездемеде оқушылар ұстаздармен өтілген тәрбие сағаттары мен жарыс сабағынның нәтижесін шығарып, белсенділік танытқан ұстаздарды марапаттады.
Ұстаздарымыз сағат: 11 30 да «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» тақырыбындағы мерекелік кештің құрметті қонағы болды. Оқушылар кешке төмендегідей бағдарламалар дайындады.
1. Директордың құттықтау сөзі
2. 4-сынып оқушылыры Орынбай Айбек Баян «Мен бақытты баламын!» әні
3. 7-сынып қыздарының «Ұстазым» Хор
4. «Қыз Жібек» клубының қыздарының мерекелік биі
5. Ұстаздарға арнау
6. 6-сынып оқушыларыАйдарқызы Әмина мен Ташай Русланның «Ұстазым» әні
7. Ақын –жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтқалы тұрған Айсұлу, Таңсамал, Мариям, Арай
8. 7,8,9,10,11-сынып оқушыларының дайындаған ойыны
9. Ұстаздардың тілегі
Мекелік іс-шараларға ұстаздар ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға алғыстарын жаудырды.
Орындаған: Б.Ш.Аманжолова