10-сынып оқушысы Ұ.Шыныбаеваның "Тарихы терең туған өлкем" атты ғылыми жұмысы
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектеп
Тарихы терең туған өлкем
10 сынып оқушысы: Шыныбаева Ұ.С.
Бесжылдық ауылы
Менің кіші Отаным
Ауылдан шыққан тұлғалар
Бүгін біз тәуелсіз еліміздің, Қасиетті Отанымыздың 21 ғасырдағы рухани даму жолын жан-жақты терең талдап көрсеткен Елбасымыз, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа Бағдар рухани Жаңғыру » атты стратегиялық маңызы бар мақаласын қолдау біздің міндетіміз. Елбасы өз мақаласында Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынамыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз қажет деген сүбелі ойларын ортаға салып отыр. Елбасының бұл мақаласы биылғы Жолдауда жарияланған Қазақстанның үшінші жаңғыруы идичсымен сабақтас. МАҚСАТ: қазір елімізде жүргізіліп отырған екі процес-саяси реформа мен экономикалық жаңғыру процесі қатар жүргізілуде. Бұл процестердің негізі-Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу. Қазір жаһандану кезеңі. Әлемде үлкенді-кішілі 258 мемлекет бар. Оның 194-і Тәуелсіз мемлекеттер. Жалпы бұл жаһандану процесі бәсекеге қабілетті емес мемлекеттерді тарих сахнасынан сыруы мүмкін.
Рухани жаңғыру-адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгірсек, өскен ұлтттың өрби түсуін е осы «рухани жаңғыру дәлел ». Көне замандағы көрікті қалдарымыз , сән салтанаттыталасқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу», -деп әрбір қазақстандық азаматтың атқаруға тиісті міндеттерін айқындап берген тарихи құжат дер едім.
Біз өмір сүріп жатқан ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Негізі, қанша құмарың қанып ішсең де сарқылмайтын, тереңіне бойлаған сайын өзіне баурап алатын жаныңа жаққан ақыл мен даналық шырыны білім екеніне талас жоқ. Ал білім негізі – мектепте.
Қазіргі қоғамның білім саласындағы өзекті мәселесі – әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейім және өзі өмір сүріп жатқан қоғамды өзгертетін тұлға қалыптастыру. Қоғамда өмір сүруге бейім тұлға шығармашыл, интеллектісі жоғары, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, ой-өрісі кең, терең білімді, кәсіби сауатты болуы тиіс.
Мақаланы оқи отырып , оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім.Елімізде әлеуметтік –экономикалық , саяси реформалар жақсы жүзеге асуда.
Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілде білген адам ештеңеден ұтылмайды.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір жас ұрпақ өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс.Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие берудіжүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесінде енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда.Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес- жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.
Жаңартылған білім мазмұнында көп тілді оқыту – оқушыларымыздың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылыми құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі ең басты қажеттілік. Көп ізденуден, еңбек етуден туатын сабақты педагогикалық шығарма деп білетін ұстаздар өз оқушыларын полилингвист тұлға етіп қалыптастыруда. Шәкірттер үш тілде өткізілетін сыныптан тыс іс- шаралар арқылы полимәдени қоғамда өмір сүру мен қарым- қатынас жасауға, мәдениаралық диалогқа қатысуға дағдылануда.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі.Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір- бақи тұратын өлкесі.Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт- дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.
Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып,жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан- ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.
Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын ,бізді қорғады.Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.
Міне, осынау мол рухани байлықтан нәр алған халықпыз.Бұл рухани байлық ұлт тұлғаларын тәрбиелеуге орасан зор үлес қосқаны белгілі, әлі де қоса бермек.Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар –ұлттық бірегейлігімізді ,ұлттық санамызды жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіріп, елдігімізді, анықтап беретіні анық.
Биылғы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік » атты Қазақстан халқына Жолдауындағы: «Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап , жаңа кезеңге қадам басып отырмыз.Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де , оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз- бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп- өркендеген елге айналдырамыз! »,- деген тапсырмасын мүлтіксіз орындауға бар күш жігерімізді жұмылдыратын боламыз.
Өскенде туған еліме, оның көркеюне өз үлесімді қосамын . Өз үлесімді қосқаныммыз Отан алдындағы борышымызды атқарғанымыз . Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайы көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»-демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық.