2018 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдау Бірлестік жетекшісі: Сейдилдаева Г.
2018 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдау
Бірлестік жетекшісі: Сейдилдаева Г.
Елбасының әр жылғы Жолдауы –тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталатынын көреміз. 2018 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бойынша Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімдерінің Елбасшы берген 10 міндеттерге тоқталып, талқылап өз пікірлерін атап өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері: М.Етекбаева, М.Сыздықова, Г.Джабасбаева, М.Шәріпханова, Б.Бекмырзаева, Г.Қонарбаева, А.Досумбекова, Ж.Сырғабаева , А.Сейдалиева бірлестік жетекшісі Г.Сейдилдаеваның қатысуымен өтілді. Елбасшы ел алдына 10 міндет қойып, сол міндеттердің әрқайсысын атқару жұмыстарына нақтылап тоқталып өткенін байқаймыз. «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам бастық»- деп айтылған. Бүкіл Қазақстан елі үшінші жаңғыруға қадам басты. Бұл Жолдауда цифрлы кешенге көшу бағдарламасы, индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшы болуымыз керек, яғни кәсіпорындардың жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, яғни кешенді ақпараттық технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу, «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі туарлы шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығу , аграрлық университте оқу бағдарламаларын жаңартып жақсы мамандарды дайындап шығару деген сөз.Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру бұл жүк қозғалысын онлайн режімде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен цифрлық технологиялар енгізу, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуге құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды жасауда басқа тәсілдерді қолдану.
Қаржы секторын «қайта жаңғырту» дегеніміз –Ұлттық банк тарапынан қаржы институттарды қадағалау қажет.
Адами капитал- жаңғыру негізі дегеніміз - білім беру бағдарламаларының негізгі басымдағы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту. Яғни педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарауды көздеп отыр.
Жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бліп, оларды қолдап отыру.
Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт дегеніміз –денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағыт жүргізу.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген жаңа моделін жасау.
2018 жылы 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты 1,8 есе көбейту, мемлекеттік жәрдемақыны енгізу, ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылының 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейту. Жаңартылған мазмұны дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетәін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи бағдарламалары. 2016 жылы 1 қыркүйегінен бастап біз осы бағдарламаға сай көшіп, жұмысымызды атқарудамыз. Бұд дегеніміз балаларымыздың функционалдық сауаттылығымызды дарытады. Ал категориялар болса бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тесттер енгізу.
Тиімді мемлекеттік басқару дегеніміз - «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету , цифрландыру.
Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі дегеніміз – заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейту.
<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін дегеніміз – Астана қаламыздың Еуразия маңызды даму орталықтарына қосылудеп, атап өтті.
<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->
Бастауыш әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Г.Сейдилдаева