География пәнінен 10-сынып оқушысы Ұ.Шыныбаевның "Қазақстандағы экстремалды туризмді дамыту жолдары" ғылыми жұмысы » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » География пәнінен 10-сынып оқушысы Ұ.Шыныбаевның "Қазақстандағы экстремалды туризмді дамыту жолдары" ғылыми жұмысы
21
февраль
2018

География пәнінен 10-сынып оқушысы Ұ.Шыныбаевның "Қазақстандағы экстремалды туризмді дамыту жолдары" ғылыми жұмысы

  

Мазмұны 

  

Кіріспе.........,.......................................................................................................................3 бет 

 1. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ТУРИЗМ КЛАССИФИКАЦИЯСЫНДАҒЫ ЭКСТРЕМАЛДЫ 

ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ………………………………………..............................................4бет 

2. ТУРИЗМНІҢ ЭКСТРЕМАЛДЫ ТҮРІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБОЛЕМАЛАРЫ……………………………………………………….....................8 бет 

2.1 Қазақстан республикасында экстремалды туризмнің даму мүмкіндіктері...........8 бет 

2.2 экстрим – сапарларын ұйымдастыру ерекшеліктері.............................................15 бет 

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКСТРЕМАЛДЫ ТУРИЗМ ТҮРЛЕРІ……………...............25 бет 

Қорытынды......................................................................................................................31 бет 

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................................32 бет 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Кіріспе 

        Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дүние жүзінде туристік қызметке ұдайы өсіп отырған қажеттілік бірінші кезекте халықтың өмір жасының өсуімен және еңбеккерлердің туристік қамтамасыз етілуін ұйымдастыруға әлеуметтік сақтандыру құралдары бөлінуінің өсуімен байланысты. Аптадағы жұмыс күндерінің қысқаруы және демалыс мерзімінің ұзақтығынан көрінетін бос уақыттың көбеюімен, сондай-ақ халықтың мәдени деңгейі мен әлеуметтік жағдайының көтерілуімен байланысты рекреациялық қызметке деген сұраныс өсуде Қазақстандық туристiк сала қолда бар туристiк әлеуетке қарамастан осы артықшылықтарды әлi пайдаланған емес. Қазақстандағы туризм саласы халық шаруашылығының өзгеде салаларына қарағанда жас. Дегенімен, пайда болу уақытының қысқалығына қарамастан туризм ел экономикасында ойып тұрып орын алған өзге де шаруашықтар қатарына қосылып үлгерді десекте болады. Орасан зор территорияда құлазыған шөл дала мен маясы жайқалған орманды дала, теңіздер, көлдер, гүрілдеп аққан тау өзендері, сарқырамалар, көк тіреген асқар таулар, үңгірлер, шипалы сулар, міне осылардың бәрі біртұтас ұғым қалыптастырып қана қоймай, туризм саласының тірегіне айналған. .Бұл жұмыста осы туризм түрін дамыту жолдары – зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.        

        Зерттеу ұмысының нысаны.  Экстремалды туризмді адам өміріне қауіптілік коэфиценті жоғары ұйымдасқан белсенді туризмнің түрі деп түсіндіріледі. Кез келген спорттық(экстремалдық) туризммен айналысу үшін жергілікті жердің рельефі мен ландшафтын, климатын және белгілі бір спорт түрімен шұғылдануға қолайлы табиғи мүкіншіліктерді ескеру – зерттеудің нысаны болып табылады.
        Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Адам танымдық, дем алу, тынығу, емделу, рухани және физикалық қалпына келу, спортпен шұғылдану мақсатында ерікті турде саяхаттайды. Соның салдарынан оның қажеттіктерін зерттеп жүзеге асыратын туризм ғылымы туады. Туристiк қызметтерге сұраныстың айқындауыштары мыналар: өмiр деңгейiнiң артуы, Интернет арқылы туристiк қызметтердi сатып алудың ұлғаюы, турлардың құрама пакеттерiне, дәстүрлi мәдениеттi, өмiр мәнерiн бастан кешiруге мүмкiндiк беретiн турларға сұраныстың ұлғаюы болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты –  адамдардың қажеттілігіне қарай  туризмнің экстремалды түрінің дамуы мен кездесетін проблемаларын анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:  Қазақстан Республикасында экстремалды туризмнің даму мүмкіндіктері мен экстрим – сапарларын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тақырыптық-мағыналық тұрғыдан ғылыми шолу жұмысын жүргізу.

         Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Ғылыми жұмыстың мақсат-міндеттеріне сәйкес тарихи-салыстырмалы, сипаттамалық зерттеу,  жүйелеу, тақырыптық-мағыналық топтастыру талдау әдістері қолданылды.  

          Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Бұл жұмыста  Қазақстанның экстремалдық туризмдi дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктер көрсетілген. Осы зерттеудің қорытындысы ретінде мынадай нәтиже анықталды:  Қазақстандағы экстремалдық туризмнiң экономикалық әлеуетi iс жүзiнде шектелмеген, алайда оны қалыптастыру мен дамыту елеулi капитал салымы мен шығындарды қажет етедi. экстремалдық туризмге қажеттi инфрақұрылым жасау туристер үшiн табиғаттың бiрегей жерлерiнiң тартымдылығын және қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi 

        Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Қазақстанда  «экстрим туризм» деген тіркесті қалыптастырып тұрған бірнеше спорт түрлері  тәжірбие ретінде еніп, қазіргі таңда нағыз әуесқойлар айналысатын спорттық туризм түрі ретінде қалыптасып жатыр. 

            Қазақстанда белгілері бойынша экстрим туризм талаптарына жауап беретін су туризмы түрлері – рафтинг, каякинг катамаран, әуе туризмінен парапланиризм, кайтинг, дельтоплан, құрлықта – off-road, тау туризмінен альпенизм, жартасқа өрмелеу сынды бірнеше спорттық туризм түрлері дамып келеді. 

         Ғылыми  жұмысының құрылымы. Зерттеу – кіріспеден, үш тараудан,  екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.
 <!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
 <!-- [endif] --> 
 

1 ОСЫ ЗАМАНҒЫ ТУРИЗМ КЛАССИФИКАЦИЯСЫНДАҒЫ ЭКСТРЕМАЛДЫ ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ. 

Адам іс-әрекетінің түрі мен шаруашылығының саласы ретінде туризм орман өнеркәсібі, балық аулау, ауыл шаруашылығы, өндірушілікпен ұқсастық көрсете отырып ресурстық ориентация айқын танылатын іс-әрекет түрі мен туризмнің қарқынды дамуына көптеген факторлар әсер етті. 

Табиғи ресурстар дем алу мен саяхаттау аймағын таңдауда үлкен роль атқарады. Туристер ландшафт пен климаттың ерекшеліктерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бай болуы мен алуан түрлілігін, спорт, аңшылық, балық аулаумен шұғылданудың табиғи мүмкіндіктерін есепке алады. Рекреациялық қызметтің түрі мен формасын ұйымдастыру территорияның табиғи ресурстарды  қалай шешетініне  байланысты. 

Ірі туристік кешендердің қалыптасуы сияқты, жекелеген туристік объектілердің де пайда болуында елдің немесе ауданның географиялық жағдайы, яғни теңізге, таулы және орманды жерлерге, маңызды транспорт магистралдарына  жақын орналасуы маңызды роль ойнайды. 

Экстремалды туризмнің дамуында ел территориясының үсті де аз роль ойнамайды.  Салыстырмалы биіктік, су тасқынының құлау деңгейі және территориясының бөлінуінің айырмашылығынан көрінетін рельеф табиғи ортаның негізгі элементі болып қалады, себебі ол климаттық, гидрологиялық процесстер мен құбылыстарға көп жағдай жасап, биосфера шекарасындағы кеңістіктік жүйенің дифференциациясына алып келеді. 

Таулы ортаның климаттық және ландшафтық қоздырғышы психофизикалық қалпына келтіру мағынасында маңызды терапевтік фактор  болып аталады. Сондай-ақ ол белсенді және белсенді емес дем алу тұрғысынан қарағанда өте тартымды. Тау туризміндегі анағұрлым басымдықтар: қоршаған ортаның ауысуы, формалардың қарама-қайшылығы, симметрия мен ассимметрия, сондай-ақ климаттық ландшафтағы өсіңкілік пен орнықтылық; биіктіктерді бағындырудың қажеттігі және көрнекті пунктердің кең көрінісі болып табылады. 

Табиғи ортаның екінші маңызды элементі климат болып саналады. Сонымен бірге, аралық климаттың жалпы сипаттамасынан басқа, территорияның рекреациялық мақсаттарға жарамдылығын бағалауда кеңістіктік жағдайлардың күшті дифференциациялануымен байланысты топоклиматтық және микроклиматтық ерекшеліктерді анықтау ерекше роль ойнайды. 

Бұл тұрғыдан алғанда ауаның тазалығы, күн сәулесінің қолайлы жағдайлары, температура мен ауа ылғалдылығының көп ауытқымауы, тұманның, бұлтты күндер жиілігінің аздығы, желден қорғалу және т.б. үлкен роль ойнайды. 

Жер беті суларының жүйесі туризмнің судағы түрі, балық аулау, таза суда шомылуды дамыту мүмкіндіктері тұрғысынан алғандағы  сияқты ландшафтың өзінің тартымдылығы тұрғысынан алғанда да үлкен маңызы бар. Рекреация үшін тиімді гидрологиялық жағдайлар ең алдымен не болмаса ластанбаған, ұлтық жағажайлар мен жүзу бассейндерінің  құрылуын мүмкін ететін температура мен ағысқа сай келетін, не болмаса су туризмініңәр түрін таратуға, жарамды жер бетіне жақын сулардың тасқынынан көрінеді. 

Орман жабыны да аталған жердің туристік функциясының дамуына да елеулі ықпал етеді. Таза ландшафтық қасиетінен басқа, оның сондай-ақ биоклимат сферасындағы орта жағдайын жақсартудың биологиялық факторы ретінде үлкен маңызы бар. Үлкен орман кешендері ауа массаларының  турбулентті айналымын жеңілдетеді. Орман жабындары бұдан басқа тікелей рекреациялық маңызға ие және көптеген эстетикалық ләззат береді. 

Шаруашылықтың даму деңгейі және сонымен байланысты халықтың кіріс деңгейі арасындағы өзара байланыс, сондай-ақ туристік құбылыстардың қоғамның туристік белсенділігінде өз орны бар. 

Дүние жүзінде туристік қызметке ұдайы өсіп отырған қажеттілік бірінші кезекте халықтың өмір жасының өсуімен және еңбеккерлердің туристік қамтамасыз етілуін ұйымдастыруға әлеуметтік сақтандыру құралдары бөлінуінің өсуімен байланысты. Аптадағы жұмыс күндерінің қысқаруы және демалыс мерзімінің ұзақтығынан көрінетін бос уақыттың көбеюімен, сондай-ақ халықтың мәдени деңгейі мен әлеуметтік жағдайының көтерілуімен байланысты рекреациялық қызметке деген сұраныс өсуде  

Соңғы он жыл ішінде  қоғам талабының әлеуметтік  өзгеруінің салдары ретінде туристік қызмет көрсетудің жаңа түрі пайда болды. Азаматтардың жеке пайдалануындағы автомобиль паркінің жылдам өсуі автосаяхатқа тартылысты күшейтті. Бұл мотелдер, кемпингтер, автомобильдерге  техникалық қызмет көрсету станцияларын салуға алғышарттар туғызды. Ғылыми техникалық революцияның нәтижелері ретінде сноуборд, квадроцикл, акваланг, серф сияқты жаңа туристік жабдықтар мен құралдар пайда болып, өз кезегінде спорт пен туризмнің жаңа түрлерінің пайда болып дамуына алып келді. Бұлардан басқа, ғылымның, оның ішінде географияның дамуымен жаңа туристік объектілер мен территориялар ашылып, игеріле бастады. Бұл елеулі дәрежеде тіпті ең талапшыл және талғампаз туристің  қалауларын орындау үшін жаңа кеңістіктер тудыра отырып демалыс пен туризм орындарына қатысты туристің «ой-өрісінің» кеңеюіне ықпал етті. 

Туризмнің нақты жіктелуі осы уақытқа дейін жүргізілмеген. Бұл, ең алдымен, осы заманғы туризмнің формалары мен таза формаларын бөлудің іс жүзінде мүмкін еместігімен түсіндіріледі. Бұның үстіне, соңғысы үшін оның жеке түрлерін интеграциялау мен дифференциациялау процесстерінің үздіксіз, жүруі тән. Бірақ жіктеу міндетті түрде қажет, өйткені ол туризм және оның инфраструктураларын аймақтық ұйымдастыру және дамыту проблемаларын шешуге, туристік қызметтік жекелеген түрлеріне деген сұранысты анықтауға және осының негізінде туризмнің материалдық-техникалық базасын дамыту жоспарын жасауға мүмкіндік береді. 

Туризмді әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: 

- мақсаты; 

- сипаты; 

- саяхаттың мерзімі мен ұзақтығы; 

- алға қозғалу тәсілдері; 

- орналастыру құралдары; 

- саяхатқа қатысушылардың сапалық құрамы және т.б. 

Бірақ шешуші орында бәрібір саяхаттың мақсаты тұрады. Әдеттегідей, турист саяхат жасағанда алдына тек бір ғана мақсат қоймайды. Бірақ туристің жеке қажеттілігіне байланысты олардың ішіндегі біреуі басымдыққа ие болады. Формасы мен класына қарай туризмнің түрлері өте әртүрлі болып келеді. Олар көптеген факторларға тәуелді, олардың ішіндегі маңыздылары: 

- бос уақыттың болуы мен оның ұзақтығы; 

- адамдардың жасы, жынысы, денсаулығы, рухани даму деңгейі, жеке талғамы және олардың материалдық жағдайы; 

- табиғи жағдайлардың әр түрлілігі және маусымдылығы және т.б. 

Осы заманғы туризмнің даму масштабы мен бағыты, мақсаты мен шарттарын ескере келе оны формаға, классқа және түрлерге бөлуге болады. 

Қоғамдық функциясы және өндіріс технологиясына байланысты туризмнің үш негізгі формасын бөлуге болады, олар: емдік, спорттық-сауықтыру және танымдық. Бұлар адамның физикалық және рухани күшін қалпына келтіру және дамытуға деген қажеттілігінің негізгі спектрінен көрінеді 

Адамдардың денсаулығын нығайту мен сақтауға деген қамқорлық, олардың еңбекке қабылеттілігін арттыру кез-келген мемлекеттің әлеуметтік саясат  саласының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оның шешімін табуында белгілі бір емдеу-сауықтыру функциясын атқаратын және басқаларының алдында өз басымдығы бар белсенді дем алу түрі ретінде туризм маңызды роль ойнайды. Санатория-курорттық емдеу адамдардың денсаулығын  қалпына келтіруге қажет. 

Туризм арқылы денсаулықты нығайту – адамның өндірістік және өндірістен тыс, физикалық және психологиялық қажуын тоқтату проблемасын шешу жолдарының бірі. Белсенді дамуды кең қолдану және дұрыс ұйымдастыру (жаяу, қайықпен, велосипелпен жүру) адамдарды физикалық нығайтып, сыртқы ортаның әсері мен қолайсыз жағдайларына қарсы тұрушылығын күшейтеді. Спорттық-сауықтыру  туризмінде адамдардың қажуын жоюға, қажумен байланысты организмнің маңызды жүйелерінің функцияларын қалпына келтіруге және олардың еңбекке қабылеттілігін арттыруға бағытталған денсаулықты ортақ нығайтатын шаралар қолданылады. Бұл жағдайларда дозаланған қыдырудың, жорықтың, экскурсияның, ойын-сауық шараларының, ауа және күн ванналарының, теңіз бен өзенде шомылудың маңызы зор.  Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық маңызы өте үлкен, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын нығайтуға және олардың еңбекке қабылеттілігін арттыруға бағытталған. Спорттық және сауықтыру шараларының өсіп келе жатқан ұрпақтың үйлесімді дамуын іске асыру, жұмысшы халықтың еңбек және қоғамдық белсенділігіне қажетті энергетикалық және пластикалық материалдарды жинау мүмкін емес. 

Қазіргі уақытта адамдардың демалуға қатысты талғамы өте әртүрлі – біреулеріне теңіз шуылына тоғайып жай ғана күн астында жату ұнаса, басқалары келесі жұмыс жылына күш жинап, денсаулығын түзетуге барады. Сонымен қатар қанға адреналин жіберу арқылы ләззат табатындар да бар. Олар қауіпті жартастарға өрмелеуден, теңіз иірімдеріне секіруден, әуе шарында, дельтаплан мен парапланда ұшудан шынайы ләззат алады. Олар жыл сайын көбейіп келеді. Туристердің қалауын қанағатандырумен шұғылданатын бұл туризм түрі осы заманғы туризмнің жіктелуінен өз орнын тапты. Оны экстремалды деп атауға және спорттық сауықтыру туризміне жатқызуғак болады. 

Экстремалды туризмнің өзінің жіктелуі бұлай болмаған. Біз оны өзара қызмет ортасына байланысты түрлерге бөлуге шешім қабылдадық: ауада, суда, тауда. 

Су туризміне – дайвинг, рафтинг, виндерсфинг, кайтинг, вэйнборд, скайсерфинг, сейлборд жатады. Сноуборд, тау велосипеді, жартасқа өрмелеу, сендибординг, скиэкстрим – тау экстремінің түрлері. әуеде ұщу парапланеризмі мен бейдкемпинг - әуе экстремінің түрлері. Бірақ туризмнің таза «экстремалды» түрі туралы айтуға болмайды. 

  

Экстремалды туризмді жіктеу 

  

Туризм 

  

Саяхаттың мақсатына байланысты 

  

Экскурсиялық           Рекреациялық                         Арнайы 

Ойын-сауықтық        спорттық-сауықтыру             курортты-емдеу 

  

Экстремалды. 

Шым-шытырық (тірі қалу туры) 

Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250адамға қызмет көрсетті.     Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристердіқабылдаса, қазіргі кезде туристер саны – 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті. Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады. Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті. Туристік сала бұл күндері экономиканың аса қызу және перспективалық салаларының бірі болып отыр. Туризмнің белсенді, танымдық, экологиялық, орнитологиялық, санаторлық-сауықтыру, этнографиялық және басқа түрлері енетін 107 туристік маршруттар әзірленді. Облыс аумағында «Алтын-Емел», «Іле-Алатау» және «Шарын» мемлекеттік табиғи паркі, Алматы және Алакөл қорықтары орналасқан. Барлық табиғи-қорықтық қор объектілерінде, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде рекреациялық және экологиялық туризмді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Олардың аумағында экологиялық туризмнің 40-тан астам объектілері бар, 25 туристік маршруттар әзірленген. Қабылдау объектілерінің саны 33-ке көбейіп, 349 объектіні құрады. Олардың 57-сі қонақ үйлер, 61-і қонақ қабылдау үйлері, 14-і санаторий мен профилакторийлер, 176-сы демалыс аймақтары мен базалар, 14-і демалыс үйлері, 10-ы сауықтыру лагерьлері, 10-ы аңшылар үйі. Облыс аумағында бір «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі, екі спорттық-сауықтыру кешені, үш мавзолей, екі аквапарк бар.
 2006 жылдың қорытындысы бойынша қабылдау объектілері 248,4 мың келушіге қызмет көрсеткен, облыс бойынша ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 1424,8 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың деңгейінен 10 %-ға артық. Облыс Берлин (Германия), Утрехт (Нидерланды), Мадрид (Испания), Москва (Ресей) және Лондон (Великобритания) қалаларындағы Қазақстан қатысқан халықаралық туристік шаралардың бәрінде көрсетілді. Жыл сайын облыста туризмді дамытуға бағытталған туристік шаралар, атап айтқанда дүние жүзілік туризм күніне арналған облыстық туристер слеты, авторлық (бард) әндері фестивалі, «Жоңғар» туриадасы, «Бұрхан-Бұлақ» туристік фестивалі, жаяу жүріс, тау туризмі, туристік көпсайыс, ақпараттық және тұсау кесер турлары өткізіліп тұрады.
 Орталық  Азияда  теңдесі жоқ,  экологиялық  туризм  жөніндегі  Іле - Балқаш регатасы халықаралық жобасы жүзеге асырылып тұрады.
 Орта Азия Университетімен,  облыстың    спорт туризмі Федерациясымен, «Туран» Университетімен бірлесе отырып туристік кадрларды кәсіби дайындау және деңгейін                    арттыру жұмысы жүргізіледі.
 Туристік қызметтің бәсекеге қабілетті рыногын қалыптастыру үшін Алматы облысының туризмін дамыту жөніндегі 2007-2011 жылдарға арналған Бағдарлама, Алматы облысында «Туризм» кластерін дамытудың мастер-жоспары әзірленді.                                                                                       Алматы қаласының туризм депортаментімен Алматы облысының  туристік экскурсиялық, көптеген туризмнің белсенді түрлерінің ары қарай дамуының және гүлденүі,  Алматы қаласы мен облысқа туристік ағымның көбеюіне кешенді түрде жоспарын құрастырды. Жрнамалық өнім басылымы: жарнамалық буклеттер, фотоальбомдар, Қазақстан және Алматы бойынша кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ұала жіне облыс карталары, Алматы облысының туристік карталары шығарылды. Арнайы видеофильмдер түсірілді: «Қазақстанға қош келдініздер», «Зелёный оазис у синих гор», «Шарын каньоны», «Алматы аумағының туристік тропинкалары». Жарнамалық ақпараты бар компакт дисктер шығарылды, демонстрациялық ақпараты бар жәрменкелік стендтер, Ақпараты ылғи жаңарып түратын Web – сайт (www. Kaztour.kz) ашылды. 2010 жылға дейін Алматы қаласында және облыс бойынша туризмді дамытуға аумақтық бағдарлама қүрастырылды.                      Жарнамалқ өнім Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің посольстволары  арқылы, Қазақстан республикасының шетелдегі өкілдігі арқылы, Халықаралық жәрменкелерде және көрмелерде, атап кетсем: Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында және Алматы қаласында Туризмді дамыту барысында өткізілетін шаралар. 

Жоғарыда айтып кеткен шаралардың арқасында Қазақстан және Алматы облысының туристік өніміне шетелдік туристердің қызығушылығы арта түсті. Ал халықаралық туристік нарықта отандық туристік фирмалармен ынтымақтастықта, Қазақстан туралы үсынылатын туристік өнім туралы мәліметтер жинай бастады. 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

2  ТУРИЗМНІҢ ЭКСТРЕМАЛДЫ ТҮРІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ

 

 

2.1 Қазақстан республикасында экстремалды туризмнің даму мүмкіндіктері

  

            Туризмнің Қазақстанда даму мүмкіндіктері өте үлкен. Бұл әрі туризмнің көп түрінің дамуы үшін  қолайлы табиғи жағдайлардың кең спектрі және туризмнің жаңа техникалық мүмкіндіктерінің пайда болуы. 

            Қазақстанның территориясы кең және әртүрлі: егер Каспий теңізіне жақын орналасқан Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 метр төмендікте жатса, ал оңтүстік-шығысында тау шыңы 6000м. Жоғары  көтеріледі. Қазақстанда субтропикалық және арктикалық зоналардан басқа барлық климаттық зоналарды кездестіруге болады. Оңтүстігінен, оңтүстік батысы және шығысынан оны мәңгі қар жапқан Тарбағатай мен Алтай және Тянь – Шань тау жоталары көмкереді. Ал батысында Қазақстанның бекіре және мұнай қоймасы Каспий теңізі шайып жатыр. Елдің көп бөлігін Қарақұм мен Қызылқұм шөлдері алып жатыр. Сарыарқа даласында бірегей Балқаш көлі орналасқан, ал оның шығыс бөлігі тұщы болса, батыс бөлігі тұзды болып келеді. Солтүстігінде Көкшетаудың Солтүстігінде Көкшетаудың қарағайлы ормандарында жоғалып кететін 80 әдемі көлдер орналасқан. 

Солтүстікте Батыс Сібір ойпатынан оңтүстікте Балқаш Алакөл ойпатына дейін, шығыста Алтай, Сауыр, Тарбағатай тау сілемдерінен батыста Торғай жазығына дейінгі өлкені Қазақ халқы Сарыарқа деп атайды. Бұл Еуразия құрлығының ортасында 2000 шаршы шақырымды алып жатқан ұлы шексіз дала. Сарыарқа даласында әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі Балхаш көрініп жатыр (шамамен 18 мың шаршы шақырым). Бұрында оны қазақтар Ақ Теңіз деп атаған. Тамаша климаттық жағдайлардағы  жартысы тұщы жартысы тұзды Балхаштың әдемі және бірегей жағалауында ғарышкерлерге арналған      реабилитациялық орталық орналасқан. Бұл аймақта әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы – Байқоңыр орын тепкен. Орталық Қазақстанда бірқатар археологиялық және этнологиялық орталықтар бар. Еуразия көшпенділерінің тарихында Ұлытау өлкесі ерекше орын алады. Бұл табиғи храмда қазақтың үш жүзі біртұтас мемлекетке біріккен. Ашық аспан астындағы көптеген мовзолейлер, мазарлар үңгірлердің тарихи музейі көнені зерттеушілерді ғана емес әрі таңғажайып іздеушілерді  де тартады. Өлке көлдермен өзендерге бұлақтарға өте бай. Қарқаралы оазисімен қола және ерте темір дәуірінің қалдықтарының сондай – ақ тұрақтарды табуға болады. Жердің бұл бұрышы көлдермен жартылай қираған гранитті жартастар қоршаған көлдермен және 1200 метр биктіктегі қайыңды ормандармен көз тартады. Баянауыл ұлттық паркінде жартасқа қашалған суреттер, тасты скульптуралар, таза әрі жарқыраған көлдермен жартасқа жармаса өскен қарағайлар бар. Тағы бір інжу маржан – Қорғалжын қорығы (Астана қаласынан 110 шақырым жерде), онда әлемдегі сирек кездесетін қызғылт қоқиқаздар бар. Қорықтың бетегелі далаларында өсімдіктердің шамамен 300 дей түрі кездеседі. Теңіз – Қорғалжын суқоймасы – ерте эоцендік теңіздің қалдығы. Олар қазірде өте үлкен: Қорғалжын көлі – 330 шаршы шақырым; Теңіз көлі – 1500 шаршы шақырым. Көкшетау ұлттық табиғи паркі көптеген курорттармен, емханалармен, қымыздарымен, емдік батпақтармен және минаралды сулармен даңқы шыққан.  Көкшетаудың қайыңды ормандарында 80 – нен аса таңғажайып көлдері жасырынып жатыр. Олардың ішіндегі ең тереңі – «Жеке Батыр» тау жотасының шығысында орналасқан Щучье көлі 18 метр. Мұнда балық аулаушылар үшін үлкен алқап, көлде шабақ, шортан, алабұға, сазан, тұқы, көксерке көп. Көкшетаудың жартасты тау баурайында Оқжетпес жартасы көкке өрлейді, оның шыңы жатқан пілді еске түсіреді. Көгілдір бұғаз суларының тау бөктерінен 18 метрлік Жұмбақтас жартасы көтіріліп жатыр. Керемет көрініс бізге Көкшетау, Бурабай, Жеке Батыр тауларындағы үлкен Щебачье және Бурабай көлдерінің арасындағы мойнақтан ашылады. Дұрысында, еліміздегі бірде – бір аймақ әртүрлі аңыз - әңгімелерге соншалықты бай емес. Өсімдіктер мекені көптеген жануарлар түрінің болуын қамтамасыз етеді. Шомылу маусымы әдетте шілдеде басталады. Демалуға, таңғажайып және экстремальды туризм үшін тамаша орын – Зеренді табиғи оазисі өте қызықты. 

Аймақтағы Қарақия ойысы әлемде Синайдағы өлі теңізден кейінгі ең төмен жер. Ортағасырларда қазіргі Маңғыстау арқылы ұлы жібек жолы өтті, ерте кездегі жолдар бойында керуен сарайлар, шағын Сартаж, Шерқала, Кетік қалашықтары сақталды. Бұл аймақта көптеген тарихи архитектуралық ескерткіштер: жартастан ойылған Бекет ата жерасты мешіті, Шақпақ ата жерасты мешіті, Есет батыр мемориялды комплексі. Тек мазарлардың өзі ғана шамамен 600 – дей болады. Бұл экстремальды экзотикалық «түйе керуені» және атақты Александров үңгірінен тарихи орындарға автосаяхат жасағанға дейінгі әртүрлі маршруттардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Каспий теңізі бірегей балық түрлерімен, ең алдымен бекіре тұқымдас құртпа және шоқыр балықтарымен аты шыққан. 

Шығыс Қазақстан Орталық Азиядағы бірегей аймақтардың бірі. Мұнда Ұлы Жібек жолының Оңтүстік Сібір, Алтай, Орталық Азия және Батыс Қытайды байланыстыратын Солтүстік тармағы өтеді. Бұл қар жамылған тау шыңдарынан таңғажайып жартастарынан, Балқарағай ормандарынан, тамаша көлдерден, ағысы қатты өзендерден, түрлі – түсті гүлдерден тұратын әдемі ландшафт. Бұл барлық әсемдіктер Сібір мен Алтайдың ең жоғарғы шыңы – Үлкен және Кіші Берел мұздықтары сұлап жатқан екі басты Белуха тауымен (4506 метр) ұласады. Шығысында Тарбағатаймен Сауыр жоталары орналасқан. Тау жүйелерінің арасында Зайсан қазаншұңқыры сұлап жатыр. Марқакөл көлін әдемілігі бойынша әлемдегі ең терең Байкал көлімен салыстыруға болады. Жоғары таудағы көл тек пейзажымен ғана емес сондай – ақ рыб – эндемик балықтар – ускуч және хараусымен де кең танымал. Шығыс Қазақстан табиғи балға,, аю мен маралға бай. Алтай тауының ортасындағы екі көлдің арасында емдік радон бұлақтарымен танымал «Рахман бұлағы» (1760 метр) санатория орналасқан. Аймақтың жер қойнауыннан оны бүкіл әлемге әйгілі еткен күміс, қорғасын, қалайы, мыс және басқа да металдар шығады. Ежелгі сенім бойынша Белуха тауы – бұл құдайлар – Шамбала мекені. Біршама уақыттан бері Николай Рерихтың шәкірттері жыл сайын бұл қасиетті тауға келуге ұмтылады. Алакөл – Қазақстандағы әдемі көлдердің бірі (Алматыдан солтүстікке қарай 580 км). Көл тұзды судан басқа күкіртсутекті батпаққа, минералды тұздарға бай. Солтүстікте аяқталған жерінен Алакөл көлі тұщы сулы екінші кішкентай көл Сасықкөлмен қосылып кетеді. Шексіз дала кеңістігі жоталармен және тау бөлімдерімен ауысып отырады. Осы жерден Жайық, Есіл, Тобыл, Шу, Іле, Ертіс ағып өтеді. Олар бірде телегей теңіздей тасыса, бірде елеусіз ғана құмға сіңіп кетеді. Қазақстаннның климаты шұғыл континентті. Алтай және Тань – Шань тау тізбектері ауа райына ылғалдылық береді. Қаңтарда температура солтүстікте –200С – ден оңтүстікте –10 С – қа дейін өзгеріп отырады. Қаңтардағы орташа температураны Норвегияның солтүстігіндегі температурамен салыстыруға болады, шілдеде

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив