Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шыныбаева Ұлжанның «Қазақстандағы экстремалды туризмнің дамуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шыныбаева Ұлжанның «Қазақстандағы экстремалды туризмнің дамуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы
21
февраль
2018

Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шыныбаева Ұлжанның «Қазақстандағы экстремалды туризмнің дамуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы

Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шыныбаева Ұлжанның «Қазақстандағы экстремалды туризмнің дамуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысына

 

ПІКІР

 

         Автор ғылыми жұмыста Қазақстан Республикасында экстремалды туризмнің даму мүмкіндіктері мен экстрим – сапарларын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тақырыптық-мағыналық тұрғыдан ғылыми шолу жұмысын жүргізген. Зерттеу жұмысында анықталғандай, Қазақстандағы экстремалды туризмді дамыту жолдарын, туризм түрлерін, даму перспективалары мен кездесетін проблемаларын ашып көрсетеді.  Кез келген спорттық(экстремалдық) туризммен айналысу үшін жергілікті жердің рельефі мен ландшафтын, климатын және белгілі бір спорт түрімен шұғылдануға қолайлы табиғи мүкіншіліктерді ескеру – зерттеудің нысаны ретінде алынған. Туризм арқылы денсаулықты нығайту – адамның өндірістік және өндірістен тыс, физикалық және психологиялық қажуын тоқтату проблемасын шешу жолдарының бірі деп қарастырылған.

 Қазіргі уақытта адамдардың демалуға қатысты талғамы өте әртүрлі – біреулеріне теңіз шуылына тоғайып жай ғана күн астында жату ұнаса, басқалары келесі жұмыс жылына күш жинап, денсаулығын түзетуге баратыны жайлы жазып, сонымен қатар қанға адреналин жіберу арқылы ләззат табатындар туралы мәліметтер жинаған. Олар қауіпті жартастарға өрмелеуден, теңіз иірімдеріне секіруден, әуе шарында, дельтаплан мен парапланда ұшудан шынайы ләззат алады. Олар жыл сайын көбейіп келеді. Туристердің қалауын қанағатандырумен шұғылданатын бұл туризм түрі осы заманғы туризмнің жіктелуінен өз орнын тапты. Оны экстремалды деп атауға және спорттық сауықтыру туризміне жатқызуға болады.

         Өзекті тақырып бойынша қолданылған материалдардың ауқымдылығынан жас зерттеушінің үлкен әрі жемісті жұмыс атқарғанын көре аламыз. Ғылыми жұмыспен танысу барысында оқушының базалық білімінің терең әрі ізденісінің мол екенін көруге болады.  Ұ.Шыныбаеваның «Қазақстандағы экстремалды туризмнің дамуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын.

 

 

 

 

ТарМПУ «География және экология»

кафедрасының меңгерушісінің   

 міндетін атқарушысы, п. ғ.к.                                                                        Дәменова А.Қ.

 

 

 

Аннотация

 

Қазақстан Республикасының біраз аймақтары  шытырман оқиғалы және экстрималды туризм потенциалын пайдалану үшін жақсы мүмкіндіктер жасауда. Шытырман оқиғалы және экстрималды туризм үшін басты көз тартар элементтер Тянь-Шань, Алтай, Жоңғария тауларының, Балхаш маңындағы шөлдер мен Бетпақ Даланың табиғи мүмкіндіктерінің кең диапозоны болып табылады. Бұл аймақтар альпинизм, түрлі қиындық дәрежелеріндегі жаяу жүру, атты және түйе сапарлары, көлік жарыс түрлерін ұйымдастыру, таулы өзендермен сал ағызу, құстар мен жануарларды бақылау, аң аулау мен балық аулау сияқты туризм түрлері үшін таңғажайып мүмкіндіктерді ұсынады. Менің ғылыми жобам Жамбыл облысына қарасты көз тартар ерекше табиғаты бар Тянь-Шань, Балхаш маңындағы шөлдер мен Бетпақ Даланың табиғи мүмкіндіктерін пайдалану арқылы экстремалды туризм саласын дамытудың  маңыздылығын көрсетуді мақсат етеді. Бұл сала артта қалған туризм саласы болғанымен, бұл аймақтардын эко табиғаты осы саланы дамытуға өз-өзінен сұраныс танытып  тұр. Олай болса, неге осы саланы дамытпасқа?

 

 

Аннотация

 

        В некоторых регионах Республики Казахстан широко используются возможности приключенческого и экстремального туризма. Ключевыми элементами приключений и экстремального туризма являются широкий спектр природных особенностей Тянь-Шаня, Алтая, Джунгарских гор, пустынь Балхаш и Бетпак-Дала. Эти зоны предлагают удивительные возможности для альпинизма, пешего туризма, верховой езды, походов, гонок, горных рек, контроля птиц и животных, охоты и рыбалки. Мои исследования направлены на то, чтобы продемонстрировать важность развития экстремального туризма в Жамбылской области, используя природные ресурсы Тянь-Шаня, пригорода Балхаша и Бетпак-Дала с его уникальным характером. Хотя эта отрасль отстает, экосистемы этих регионов заинтересованы в развитии этой отрасли. Итак, почему бы не развить эту отрасль?

 

 

Annotation

 

        In some regions of the Republic of Kazakhstan the possibility of adventurous and extreme tourism are widely used. Elements of adventure and extreme tourism are the spectrum of spectacular excitations of Tyan-Shani, Altay, Dzhungar Mountains, desert  Balkhash and Betpak-Dala. These zones offer amazing places for climbing, hiking, horse-riding,  skiing , trekking, poultry,animal feeding, hunting and fishing. My research is focused on expediting the development of extreme tourism in the Zhambyl region by the Tian Shan, the Balhash and Betpak-Dala streets with its unique character. However, the ecosystems of the region have been intensified by this development. We should develop this type of tourism, why not?

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив