20
февраль
2018
География пәнінен ашық сабақ
9.3А Салааралық кешендер географиясы.(Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені) Мектеп: Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
Күні:10.01.2018ж. Мұғалімнің аты-жөні: Суюнбеков Мират Мухтарович
Сынып: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қазақстанның өсімдік шаруашылығы
Сабақ мақсаты Оқушылардың Қазақстанның өсімдік шаруашылығы жөнінде білімдерін, танымын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері Оқушылар:
Тапсырманы түсінеді оның негізгі қасиеттерін меңгереді;
Топтық жұмыстар барысында олардың ерекшеліктерін аржырата алады;
Қасиеттерін пайдалана отырып, модулін қорғау барысында алған білімдерін қолданады;
Тілдік мақсаттар Оқушылар тиісті терминологияларды берілген модульдер бойынша түсіндіру және сипаттауда қолданады.
Құндылықтарды дарыту
Көпмәдениеттілік
Интернационализм
Әлем азаматы Коммуникативті дағдылар, ұқыптылық, бір-біріне деген құрмет, функционалдық сауаттылық.
Жолдастарын тыңдай білу, ой пікірлерімен санасу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.
Пәнаралық байланыстар Биология, технология
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5мин 1.Мұғалімнің кіріспе сөзі. (Сабаққа психологиялық көңіл-күй) «Қызығушылығын ояту» (Cабақтың тақырыбын анықтау)
1) Арпа, бидай ас екен ...
2) Бидайдың барар жері диірмен
3) Жүгерісі барға жұт жоқ
4) Нанның негізі – дән
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Қайсысы тұжырымдама дұрыс «+», қайсысы бұрыс «-»
Сұрақтың мазмұны Жауабы
1.АӨК І буыны қызмет көрсету, техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды +
2.Ауыл шаруашылығында жер – негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады +
3.Ауыл шаруашылығы – экономиканың маусымдық саласы +
4.Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар әсер етпейді -
5.Еліміздің барлық жері - жер қорына жатады +
6.АӨК ІІ буыны – ауыл шаруашылығы +
7.Ауыл шаруашылығының негізі өсімдік және мал шаруашылығы +
8.Аграрлық сөзі «өңдеу» деген ұғымды білдіреді -
Интерактивті тақта
12 мин
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру
Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық - саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек. Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.
- Ауыл шаруашылығы жайында не білесіңдер?
«Постер қорғау» әдісі:
Ендеше болжамдарыңды дәлелдеу үшін сендер 3 топқа бөлініп отырсыңдар
І - топ:
ІІ - топ:
ІІІ- топ:
Картамен жұмыс (интерактивті тақта)
3 топқа сұрақ:
1. Еліміздің егіншіліктің басты саласы – (дәнді дақыл) өсіру
2.(Бидай) жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері (қара және қара қоңыр) топырақтар
3. Бидайды негізінде 3 тың облыстары (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан) құрайды.
4.(Арпа) тез пісетін, ең төзімді өсімдік болғандықтан, барлық жерде таралған дәнді дақыл
5.(Сұлы) ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік
6. Құрғақшылыққа төзімді (тарыны) Батыс пен Солтүстікте өсіреді
7. Техникалық дақылдар (мақта, қант қызылшасы және күнбағыс)
Интерактивті тақта
Сабақ соңы
10 мин
ІV Бекіту
Сипаттамасы бойынша анықта. «Екі жақты күнделік» әдісі:
І-топ:
Бидай ------------ Жылуды жақсы көреді, қара, қара қоңыр топырақта өседі
Күріш ------------ Жылу, ылғал сүйгіш өсімдік. Еліміздің оңтүстігінде өсіріледі
Мақта ----------- Бағалы талшықты дақыл. Сырдария, Арыс өзендерінің жағалауларында өсіріледі.
Қант қызылшасы ------ Қант алу үшін өсіріледі
Сұлы ---------------------- Оңтүстікте және Шығыста өсірілетін жемшөптік дақыл
ІІ-топ:
Қой --------- Жақсы жайылымдар, қысқы азық қажет
Шошқа ---- Жайылымды қажет етпейді, жылдам салмақ қосып, тез өседі
Марал ----Мүйізінен дәрі - дәрмек жасалынады
Құс -------- Ірі өнеркәсіп орталықтарына, қалаларға, астық өндіретін кәсіпорындарға таяу аудандарда шоғырланған.
Түйе ----- Жүк тасуға бейім, азық талғамайтын, ыстық шөлге шыдамды жануар
ІІІ-топ (Сәйкестендір)
Солтүстік ------ Бидай
Шығыс --------- Күнбағыс
Оңтүстік ------- Қант қызылшасы
Батыс ---------- Тары Интерактивті тақта
10 мин
«Ой толғаныс» Мен ұсынатын модуль.
І-топ: Күріш шаруашылығы
ІІ-топ: Қант қызылшасы
ІІІ-топ: Мақта шаруашылығы
Енді сіздер осы шаруашылықты қалай дамытқан болар едіңіздер, не ұсына аласыз? Интерактивті тақта
3 мин
1.Рефлексия
Мақсаты: Оқушылардың өз білімдеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас).
Рефлексия. Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады:
1.Маған сабақта не ұнады?
2.Маған немен жұмыс істеу керек?
3.Смайлик арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады.
2. Бағалау
3. Үй тапсырмасы.
§29 Интерактивті тақта
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Төменде қалдырылған орынды жүргізілген сабақ бойынша түсіндірмелер үшін қолданыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақ бойынша неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап беріңіз
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?