«Мен OFFLINE»
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінде 2019жылы 27 қаңтардағы Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясының іс-шара жоспар туралы мәлімет
2018-2019 оқу жылында Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінде «2019 жылы 27 қаңтардағы Халықаралық интернетсіз күніне» арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясының іс-шара жоспары мектеп директорымен бекітіліп, іс-шаралар жоспарға сай өтті. Мақсаты: интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру болып табылады. Осы орайда мектебімізде интернет сабағы және сынып сағаттарын , сурет байқаулары, эссе жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, 5-11 сыныптар арасында «2019жылы 27 қаңтар- интернетсіз халықаралық күн» атты сынып сағаттарын өткізді. Оқушылар интернет жүйесін қалай пайдалану керектігін, оның зиянды және пайдасын айта отырып, әлемде болып жатқан интернет жаңалығымен ой бөлісті. Соның ішінде 8- сыны оқушылары Қамысбаева Арай, Тұрсынбаева Айсұлудың «Интернетсіз- өмір» және 10- сынып оқушылары Нұрділда Талшын мен Сүйінбекова Айзаттың өздері дайындаған «Әлеуметтік желі әлегі» атты бейнероликтерін көрсетіп, ойларымен бөлісті.
25.01 күні ата-аналар арасында «Интернетсіз -өмір» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ата –аналарға көптеген сауалдар қойып , жауаптар алды, кейбір ата-аналар интернет қауіпті балаларға. Өйткені, қазіргі заман талабы ма барлық жаңалықтарды көреді және естиді, нақты айтқанда қоғамда болып жатқан қауіп- дерт десек болар деп, Байжұманова Зулфия ата –ана өз пікірін білдірді. Информатика пәнінің мұғалімі Бекетаева Диана ортақ сұрақ қойды. 1.Әлеуметтік желі сіздің өміріңізде қандай орын алады? 2. Қанша уақытыңызды жұмсайсыз? 3. Қаншалықты маңыздылыққа ие? деген сауалдарға ата-аналар нақты , толық жауаптарын берді. ДТІЖО Бейсенова Эльмира Тынышбекқызы қорытынды жасады. Өскелең ұрпақтың денсаулығына қазіргі заман ағымында жаңа технологиялық ақпарат құралдарының қарқынды дамуы пайдасымен қатар зиянын да тигізіп жатыр.Оны барлығы біліп те, көріп те жүр. Осы орайда балалардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару мақсатында, баланың құқықтары, сондай-ақ әлеуметтік желілердің теріс ықпалына түскен жағдайда балаларға көмек көрсетудің кез келген түрлері туралы қоғамның ақпараттандырылуын арттыру, балалардың заңды құқықтары мен мүделерін қорғауды қамтамасыз ету қызметіне ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру мақсатында халықаралық акция ұйымдастырылуда. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын! - деп тілегімді білдіремін- деп сөзін қорытындылай кетті.
24-29.01 күні суретпәнінің мұғалімі Шәкібаева Гүлжаннгың ұйымдастырумен 1-4 сынып оқушыларының «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім!» сурет байқауы өтті. Байқауға балалар өз ойларын түрлі бояулармен өз ойларын ақ парақ бетіне түсірді. Жақсы салған суреттер Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөліміне сырттай бақауына жіберілді. 3 «А» сынып оқушысы Мұхтарқызы Айзере мен 4 «А» сынып Ташай Әнел 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе байқауы өтті. Эссе жұмысын барлық сынып жазды. Эссе жұмыстарын тексере келе аудандық сырттай байқауына 10- сынып оқушысы Сүйүнбекова Айзат, 10- сынып Желеубай Арай. 8- сынып Баймашева Мариям, 8- сынып оқушысы Амантай Альбинананың жұмыстары өтті.
Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеу - алда тұрған басты міндеттердің бірі деп Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету. Міне, осы айтылған дүниелерді негізге ала отырып, біз елдің ертеңін ойлап, естімейтін, көрмейтін, сезбейтін ұрпақ емес, таным-түйсігі жоғары, көреген, білімді, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңірген, өмірге ия0
деп қана қарайтын ұрпақ тәрбиесін ойлауымыз керек.
Орындаған Бейсенова Э
«2019 жылы 27 қаңтардағы Халықаралық интернетсіз күніне» арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы
«2019жылы 27 қаңтар- интернетсіз халықаралық күн» атты сынып сағаты
Ата-аналар арасында «Интернетсіз -өмір» тақырыбында дөңгелек үстел