Алғашқы қоңырау
«Сыңғырла алғашқы қоңырау!»
2018-2019 оқу жылы Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінде 1қыркүйек –«Білім күніне» арналған «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі!» тақырыбында «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Еліміздің келешегі бүгінгі ұрпақ екені баршаға мәлім . 2018-2019 оқу жылында мектеп табалдырығын- 33 оқушы аттады. Сынып жетекшілері Джабасбаева Гүлдана және Сыздықова Мадина салтанатты түрде ортаға шықты. Салттанатты жиынның құрметті қонақтары Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысы Рысалиев Еркебай Жарқынбекұлы , Жамбыл аудандық округінің бас маман есепшісі Игіліков Жәнібек Бекбосынұлы және ардагер ұстаздар мен ата-аналар білім күні мерекесімен құттықтап, Әзімбек Ысмайылұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. АӘД жетекшісі Байтөрев Ғани мектепті сапқа тұрғызып, рапорт беріп, Тудың енгізілуіне бұйрық беріп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Ту ұстап шығу мәртебесіне 10- сынып оқушылары Көбетаев Бағдаулет , Нұрманов Дияс, 9- сынып оқушылары Баянов Арнат, Баянов Дияс ие болды. 30 тамыз – Конституция күнімен тұспа -тұс келіп жеткен жаңа 2018-2019 оқу жылының басталуымен құттықтау сөзін мектеп директоры Дуанаев Алихан Расылханұлына берілді. Өткен оқу жылына тоқтала келе қуантарлық жаңалықпен бөлісті. Биыл 1-11 сынып - 250 оқушымен басталғалы отыр. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 30 балаға артқандығы куантуда. Мектеп ұжымы Жас мамандармен толыққанын хабарлап, таныстырып өтті. Олар: орыс тілі пәнінің мұғалімі Иманберді Ажар Нұрболқызы және Химия пәнінің мұғалімі Манбетиярова Мөлдір жоғарғы оқу орындарын бітірген. Мұғалім, оқушы, ата-ана қоғамдастығы жұмысының нәтижесінде Интернет қашықтықтық олимпиядасынан Республика бойынша ІІІ орынға ие болды. Соның нәтижесінде «Құрмет грамотасы» мен «Кубогты» Тильманбетова Гүльмира Кеңесбайқызына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қарымбаева Гүлзат Алтынбекқызына тапсырды. 1- сынып оқушылары Ұзақбай Бекасыл, Зауқынбек Камила , Әбдикали Зере, Әлмеш Алдияр, Өктембай Сезім, Қалаубай Інжу, Баян Айару өлең шумақтарын арнады. «Жас Ұлан » ұйымының Ұлан басы 11- сынып түлегі Шыныбаева Ұлжан өзінің жүрек жарды тілегін айтып 1- сынып оқушыларын құттықтады. Әнде шырқап береміз- деп сағынышпен 2 «А» сынып оқушысы Нүркенқызы Әдемі «Мектебім» әнін тарту етті . Алғашқы қоңырау соғу мәртебесіне 1 « сынып оқушылары Тамабек Аяжан мен Әлміш Мадияр, 11- сынып оқушылары Қуанышбек Мәди мен Шыныбаева Ұлжан ие болды. Жаңа 2018-2019 оқу жылы баршамызға құтты болсын! Толағай табысты жетістіктер әкелсін-деп барлық сынып жетекшілерінің білім күніне арналған ашық тәрбие сағаттары жалғасты.
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөнінің орынбасары Бейсенова Эльмира Тынышбекқызы