24
сентябрь
2018
"Қауіпсіз мектеп" акция
«Қауіпсіз мектеп» акциясы бойынша өтілген іс-шараның (сейсмикалық және апатты жағдайлар кезіндегі жаттығу жұмысы)
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы ортамектебінде 2018-2019 оқу жылында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың
алдын алу және оқу орындарында қауіпсіздік шараларды жетілдіру мақсатында 20
тамыз – 20 қыркүйек аралығында өткізілген «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясына
қатысты.
«Қауіпсіз мектеп» акция барысында мектеп
оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында құқық қорғау органдарының
қызметкерлерінің қатысуымен оқушы, ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп,
түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану бастауыш сынып
оқушылары арасында аса қажет болғандықтан, көптеген жағдаяттар балаларға сурет
тілінде бейнеленді. 4 «А,4 «Ә» сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік шұғыласы»
атты сурет байқауы өткізілді. Балалар мектеп пен үй арасындағы жолдар, ондағы
қауіпсіздік белгілері туралы бейнелеп, өз білімдерін ортаға салды. Өйткені, осы
шара барысында оқушылар қауіпсіздік туралы өз білімдерін жетілдіріп, жол
қозғалысында абай болуды үйренеді.Қортындылай келе мектеп оқушылары «Қауіпсіз
мектеп» акциясының не екендігін ұғынды. Өрт қауіпсіздігі,су қауіпсіздігнің және
т.б. қауіпсіз не екенімен толығымен танысты.
1-2-3 сыныптар жолда,
көліктегі қауіпсіздік ережелері туралы «Жол ережесін біл!», Жол тәртібін
білейік, аман –есен жүрейік» атты ашық тәрбие сағаттары өтілді. Соның ішінде2 «А» сынып жетекшісі Қасаболатова Айнұрдың ұйымдастыруымен екі сыныпты жарыс түрінде өткізген сабағы
оқушыларға тиімді болды. Мысалы оқушыларымыз топ бойынша жол ережесіне
байланысты қойған көрінісі, сұрақ- жауаптар , жол белгілеріне байланысты жұмбақтар, келтірілген мысалдар оқушыларға жол қауіпсіздігін естеріне сақтауға әсерін тигізді. НәтижесіндеӘділқазы мүшелері жәнемектепішілік ата-аналар мүшесіҚазыбаева Гульмиранің шешімі бойынша жоғарғы ұпай санына ие болған
«Сұңқар » тобы І орынға ие болса, ІІ орынға «Ақ сұңқар » тобы ие болды. «Қауіпсіз
мектеп» акция барысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен оқушы,
ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
5-6 сынып жетекшілері Оңалбекова Салтанат, Алишева Ақмарал, Иманберді Ажар, Мамбетиярова Мөлдірдің жетекшілігімен «Жолда абай бол!»тақырыбында оқушылар арасында флешмоб ұйымдастырылды. Соның ішінде 6 «А,Ә» сынып оқушылары флешмобқа 100 пайыз қатысып, белсенділік танытқаны үшін лездемедемарапатталды. «Қауіпсіз балалық шақ» ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа мектеп оқушыларының ата-аналары және мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Э.Бейсенова Эльмира
, Медбике Қуанышева Азия және мектеп
инспекторы Құлшынбаев Нұрлан, сынып жетекшілер қатысты.
15.09.2018жылыЖамбыл ауданы ТЖБ мамандарыАшимбеков Мейрхан Шортыбайұлы, Несіпбай Ербол Сабитұлының қатысуымен
Төтенше жағдайларда іс - қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт - насихаттауды күшейту мақсатында – болуы ықтимал апат оқиғаларында, өрттен, жер сілкінісі, зардап шегушілерге, төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерте отырып, жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету мақсатында АӘД
жекшісі Байтөреев Ғанидің
ұйымдастыруымен «Қауіпсіз мектеп»
республикалық акциясы барысында сейсмикалық және апатты жағдайлар кезіндегі жаттығу жұмысын жүргізді. Мектеп ұжымы , 1-11 сынып оқушылары, кіші
қызметкерлері қатыстырылды. Штаб
бастығы Г.Қарымбаеваға сынып
жетекшілер мен пән мұғалімдер мектептен оқушылардың түгел далаға шығарылғандығы жөнінде рапорт берді. Жаттығу кезінде құтқарушы топтар 2-3 қабаттағы оқушыларға 2 минут ішінде далаға яғни сыртқа алып шығып, санитарлық көмек көрсету топтары 10 – сынып оқушылары Сүйінбекова Айзат, Әбітаева Алсу, Қосыбаева Арай, Нұрділдә Талшын және мектеп медбике Азия Қуанышеваның көмегімен жарақатталған адамға алғашқы көмек көрсетті. Жамбыл ауданы ТЖБ маманы Ашимбеков Мейрхан Шортыбайұлы өткізілген жаттығу жұмысының жақсы ұйымдастырылып, сәтті өткендігін айта отырып, Қауіпсіз өмір ережелерін түсіндіре кетті. Мектеп директоры А.Дуанаев «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы барысында білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және оларға қарсы құқықбұзушылықтың алдын алу және оқу орындарында қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында үлкен іс-шара өтілуде. Акцияға қатысушылардың басты назары
балалардың әртүрлі жағдайдағы қауіпсіз әрекет етуге, салауатты өмір
салтын ұстануға бағытталуы керек
екені айқын көрініс тапты.
Орындаған : Бейсенова Э.Т