24
сентябрь
2018
Ата - аналар жиналысы
"21 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АТА - АНА: ӨЗ БАЛАНА ҮЛГІ БОЛ"
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінде 22.09.2018жылы сағат 10-00де жалпы ата -аналар конференциясына
5-6-7 сыныптың ата-аналары қатысты Жамбыл ауылдық округінің бас мамыны Тәттімбетова Жанар Мейрханқызы, ардагер ұстаз Мұсақұлова Талғар, ата-аналар комитетінің төрайымы Собықанова Светлана Райханқызы, көпбалалы ана Нарбекова Мақпал Бисенбекқызы және 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Конференцияны мектеп директоры Дуанаев Алихан Расылханұлы ашып, жиынның бағдарламасымен таныстырып, мақсатына тоқталды. Жиынға қойылған тақырыптар өте маңызды. Білім беру , тәрбиелеу, саналы, салауатты азамат етіп өсіру ата-ананың міндеті екені заңмен жүктелген. Мектеп психологы Махашева Назгүл Ертайқызы "Отбасы құндылықтарды іргерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы", "Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу" Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет- тәуелділік қалыптастыруының алдын алу бойынша слайдтар арқылы түсіндірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсенова Эльмира Тынышбекқыз әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету және ата-ананың әлеуметтік маңызды міндетері мен жасөспірімдер ортасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ата -аналарға дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналар өздерінің бойында қандай қасиеттерді дамыту керектігін айтып, өз пікірлерін білдірді. Жиын соңында мектеп директоры ата-аналарға бала тәрбиесіне , оның жүріс- тұрысына, баланың бос уақытына жете назар аударып, өз баласымен ашық сөйлесуі керектігін айтып, жұмыс жасауға шақырды.