15
апрель
2019
«Қауіпсіз интернет»
Республикалық «Қауіпсіз интернет» жоспарын басшылыққа ала отырып мектепішілік іс-шаралар өткізілді.
Шараның мақсаты: ғаламторды дұрыс пайдалана білу.
Жиын өткізіліп оқушылар мен класс жетекшілер жоспармен таныстырылды.
«Интернет деген не?» атты бастауыш кластар үшін сауалнамалар алынып қорытындысы папкіге жинақталды. Ата – аналар мен оқушылар үшін «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбына стенд шығарылды
«Интернет және қауіпсіздік» 5-7 кластар үшін мектеп психологі мен класс жетекшілер бірлесе отырып психологиялық сабақтар өткізілді және инстаграммға жүктелді, осы кластарда тәрбие сағаттары өткізілді.
«Интернет желісінде қауіпсіздік негіздері» тақырыбында мектеп оқушыларымен пікірталас өткізілді.
Ата –аналармен бірлесе отырып ««Қауіпсіз интернет» яғни сіздің балаңыз интернетте неше сағат отырады? кімдермен желі арқылы қарым-қатынас жасайды?, сіз үнемі бақылап отырасыз ба?- деген сұрақтар төңірегінде мектеп психологі және тәрбие орынбасарлары дөңгелек үстел өткізді. «Абай бол, Интернет!» атты 7-8 кластар үшін тест алынды. Оқушылардың интернетке деген көзқарастары «жақсы» деп бағаланды.
Мектеп бойынша «Шынайы өмір- виртуалды әлемнен жақсы» атты флешмоб ұйымдастырылды. Оқушылар онкүндікке қызығушылықпен атсалысты. Барлық атқарылған жұмыстар мектеп сайтына және инстаграммға жүктелді.