Коучинг "Оқу үдерісіндегі оқушының өзін-өзі реттеуін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі" » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Коучинг "Оқу үдерісіндегі оқушының өзін-өзі реттеуін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі"
01
ноябрь
2018

Коучинг "Оқу үдерісіндегі оқушының өзін-өзі реттеуін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі"

01.11.2018ж.

Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тильманбетова Г.К.

Коучинг тақырыбы:

Оқу үдерісіндегі оқушының өзін-өзі реттеуін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі

Мақсаты:

Мұғалімдердің оқу үдерісінде оқушының өзін-өзі реттеуі жайында түсініктерін кеңейту. Балалар өз оқуы туралы білетін  және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым–қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын  зерттеу.

Оқу міндеттері:

Өзін –өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы  болу ықтималдығының негізгі көрсеткіші болып табылатындықтан, мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен осы салаға  барынша  үлес қосу керек.Мұғалімдердің өзін –өзі реттеудің оқушының жетістігіндегі маңызды аспект екенін түсінуін жетілдіру. Оқушының өзін-өзі реттеуін дамытуды үйрету.

Оқу нәтижесі:

Сессия соңында мұғалім:

-өзін-өзі реттейтін оқудың мәнін түсініп, сипатын ажырата алады,

- оқушының өзін-өзі реттеуін көрсететін мінез құлқын бақылайды, бағалайды;

- оқу барысында өзін-өзі реттейтін кәсіби тәжірибетүрлерін дамытады.

Мұғалімдер танымдық дамуға арналған дәлелдемелерді анықтауды үйренеді және өзін-өзі реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында инновацияларды зерделейді.

Сабақтың кезеңдері

Тренердің  іс- әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

 ресурстар

Топқа бөліну

«Сынық шаршылар» ойыны

3 минут

Әр топ мүшелері өздеріне берілген конверттердегі бөліктерді құрастырып, топқа бөлінеді.

Мұғалімдер сөйлемей, бір-бірінен сұрамай, берілген фигураларды қарсылық білдірмей алу арқылы шаршы құрастырады.

Түрлі фигуралар

Миға шабуыл

5 минут





 «Күртеше кию» тақырыбында бейнежазба көрсетіледі.

Әрбір топтан курстың қалған қатысушылардың     ролик бойынша өзінің түсініктерін және бақылауларын ұсынуын сұрайды

 Бейнесюжетті көріп, талдау жасайды

Сұрақтарға жауап береді. Бұл бейнежазбадан не түйдіңіздер?


Бейнежазба






Тапсырма 

5 минут

1.Сабақ  кезінде кездесетін қиындық факторларын тізіп беру (Қағазға барлық қатысушылар кезекпен жазып шығады). 

2. Мұғалімдер оқушылардың жетістікке жетуге кедергі келтіретін     сол қиындықтардың ішінен ең маңыздысын ерекшелейді.


Осы кедергілерге не себеп болуы мүмкін? Өзін-өзі реттеуге қаншалықты қатысы бар? Осы түсінік таныс па? «Өзін-өзі реттеу»  ұғымына анықтама беріңіздер

А4 форматтағы парақшалар,маркер, түрлі-түсті қағаздар

Маңызды презентация

3 минут

«Өзін-өзі реттеу – бұл…»

Осы презентациядан өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?


презентация

Тапсырманы бағалау

2 минут

Өзін-өзі бағалау 

Мұғалідер өз білімдерін бағалау парақшасына толтырады


Бағалау парағы

Қорытынды рефлексия

2 минут

 (мұғалімнің қандай нәтижеге жеткенін анықтау  мақсатында)

Жүзімнің боялмаған бөліктеріне 1-ден 3-ке дейін түсті дөңгелек бояйды, оның саны сабақтан алған білім деңгейін көрсетеді. 3 – көп нәрсе үйрендім, 2- біраз нәрсе үйрендім, 1-ештеңе үйренбедім. 


Таратпа қағаз

Эвалюация (мониторинг)

Жүзімнің астында «коучке сұрақ қойғым келеді» немесе «сабақтан кейін коучпен әңгімелесу» деген бөлім бар. Мұғалімдер түсінбеген жағдайларды,  сабақ барысында шешілмей калған мәселелерді сұрап, ой бөліседі.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив