Жас маманмен жұмыс » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2018

Жас маманмен жұмыс

Мұғалім - тәлімгердің 

әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас маманмен атқарған жұмыстары туралы есебі 

  

Жас маман: Бекетаева Диана Мухтарқызы 

Тәлімгер: Тильманбетова Гульмира Кенесбаевна 

  

   Тәлімгерлік – бұл тұрақты диалог, тұлғааралық қарым-қатынас, демек, ұстаз, ең алдымен шыдамды  және мақсатқа ұмтылған болуға тиіс. Өз жұмысында жас педагог, ол қолдануға тиіс неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл түрлері: іскерлік және рөлдік ойындар, "шағын топтармен жұмыс", жағдайларды талдау, тілді дамытатын, іскерлік коммуникацияны, жеке көшбасшылық қабілетін, шешім қабылдай білуі, дәлелді тұжырымдауды білуі тиіс. 

  Тәжірибелі мұғалімдер тарапынан жас мамандарды қолдау, тәжірибелі мұғалімдер  практикалық және теориялық көмектерін жұмыс орнында жас мамандарға  ұсына алады. 

Жас маман Бекетаева Диананың тәлімгері бола отырып, негізгі  мақсаттары мен міндеттерді анықтадым. 

Мақсаты:  

тәжірибелік көмек көрсету, жас маманға білімін жетілдіру мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімді  беруге көмектесу және оның сапасын арттыру. 

Міндеттері: 

• Жас маманның білім беруді үздіксіз процесс ретінде жалғастыруын дағдыландыру, білім берудің жаңа түрлерін меңгеру, әдіс-тәсілдерімен оқыту және тәрбиелеу. 

• Шығармашылық жұмысының жеке стилін; нақты білімді және іскерлікті қолдану теориясын практикада қалыптастыру. 

Болжамды  нәтиже: 

• Оқу қызметін жоспарлау білу, жеке, сондай-ақ оқушы, негізінде шығармашылық  іздену арқылы өз бетімен білім алу. 

• Жас мұғалім ретінде  мұғалімнің кәсіби маман қалыптасуы. 

• Мұғалімнің әдістемелік, интеллектуалды мәдениетін арттыру. 

• Оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың, жүйесін меңгерту. 

  

Жұмыс формалары: 

-жеке, ұжымдық, кеңес беру; 

- сабақтарға қатысу; 

- мастер-кластар, семинарлар, ашық сабақтар; 

- тәлімгерлік; 

- сауалнама; 

Біздің жұмысымызды  үш кезеңнен құрдық:  

1ші кезең – бейімделу.  

Тәлімгер міндеттерін анықтайды және өкілеттіктерін жас маманның, сондай-ақ оның кемшіліктері және дағдылары жүйелеу үшін бағдарламаны жасау. 

2-ші кезең – негізгі. 

Тәлімгер бағдарламасын әзірлейді және іске асырады, түзетуді жүзеге асырадыкәсіби дағдыларын құруға көмектеседі, оған өзінің бағдарламасын өзін-өзі жетілдіруге үйретеді. 

3-кезең – бақылау-бағалау. 

Тәлімгер тексереді және жас педагогтың кәсіби құзыреттілік деңгейі дәрежесін анықтайды, оның дайындығын өзінің функционалдық міндеттерімен салыстырады, бағалайды. 

Таңдау жұмыс түрі: жас маманмен бастаған кіріспе сауалнама жүргізу және әңгімелесу, педагог көрсеткен қиындықтар, проблемалар.  

Сауалнама қорытындысы бойынша  бірлескен жұмыс жоспары жасалды. 

Жүргізілген кеңестер мен әңгімелер арқылы перспективалық, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға, сабақ өткізуге көмек көрсетілді, күнтізбелік – тақырыптық және сабақ жоспарлары, әзірлеу және қолдану, дидактикалық материалдарды сабақта қолдану жолдары  анықталды. 

 Оқу процесі кезінде Диана  кез келген басқа жас маман сияқты мақсатына жету  үшін маңызды кәсіби сапаларын көрсетті. 

- оқу – танымдық атмосфера жасау; 

- пайдаланылатын оқыту әдістері; 

- оқушылардың сабақта жұмыс істеуі; 

- сабақтың тәрбиелік жағы; 

- мұғалім мен оқушылардың қарым - қатынасы; 

Осы кезге дейін жас маманмен жүргізілген жұмыста мынадай қорытынды жасауға болады: 

мұғалім қазірдіңөзінде сабақ жүргізу әдістемесін меңгерген; сабақтың материалымен таныс, оқу процесінің барысы мен сынып оқушыларының тәртібіне көңіл бөледі. 

Диана тек өз пәнімен шектелмейді. НОБД, онлайн тестілеу ҰБТ дайындық жұмыстары , ОЖСБ тестілеулері, МАБ бойынша да компьютерлік тестілеудердің барлығын сапалы жүргізеді, әрі оқушыларға ыңғайлы жағдай ұйымдастыра алады. Сонымен қатар мектептің қоғамдық іс-шараларына да белсене атсалысады. 

Қорытынды:  

Бейімделу кезеңінде жас маманның жұмысы  қиындықсыз өтті. Жас маманға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгердің теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында, кәсіби шеберлігін арттыруға көмек көрсетілді. 

Алдағы уақытта қойылатын міндеттер: 

• жас педагог құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сабақтарында қолданысқа енгізу. 

• зерттеу және тәжірибелік кезеңінде сабаққа қажетті тиімді әдістерін дұрыс жолмен бағыттау, оқушылармен жұмыс істеу деңгейінде әртүрлі ынталандыруды қамтамасыз ету; оқушылардың бүкіл сабақ бойы рефлексия мен өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру. 

  

  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив