Қамқоршылық кеңес отырысы!
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
Хаттама№1
«18» ақпан 2019жыл
Қамқоршы кеңесінің жиналысы
Төрағасының аты-жөні: Болысбеков Шаяхмет Есіркепұлы
Хатшының аты- жөні: Қ.Алтынбекова
Қатысқандар: Ш.Болысбеков Ш, Б.Орынтаев, Н.Құлшымбаев, Б,Маханбеталиев, Ж.Алежанова, П.Серкешова, Ж.Тәттімбетова, Ж.Абаев. Қ.Жүндібаев
Күн тәртібінде:
- Қамқоршы кеңесінің жаңа құрамын бекіту.
- «Қамқорлық- қайырымдылық » акциясының жұмысын жалғастыру.
Тыңдалды:
Сөз алған Қамқоршы кеңесінің мүшесі Ш.Болысбеков: Құрметті қамқоршы кеңес мүшелері бүгін бірінші отырысымызды бас қосып отырмыз. Күн тәртібінде қамқоршы кеңесінің жаңа құрамын сайлап, бекіту. Екінші Қамқорлық акциясының жұмысын жалғастыру. Бұрынғы қамқоршы кеңесінің төрайымы Ш.Бабақұлова денсаулығына байланысты бұл жұмыстан бас тартқандығын хабарлаймын. Өз өтінішімізбен тоғыз адамнан тұратын жаңа құрамды құрды. Енді ортамыздан Қамқоршы кеңесінің төрайымын немесе төрағасын сайлап алайық. Кімді ұсынасыздар?
Сөз алғанБ.Махамбеталиев: Қарсы болмасаңыздар мен төрағалыққа Ш.Болысбековтың өзін ұсынамын. Ол кісі бұл жұмыстың ретін жақсы біледі. Ауыл, мектеп өмірімен жақсы таныс. Өз ұсыныстарыңыз болса қалай қарайсыздар?
Қалған мүшелері барлығы осы ұсынысты бірауыздан қолдады. «Қарсы», «Қалыс» жоқ.
Сөз алған Ш.Болысбеков: Қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру үшін бізге қаражат қажет. Сондықтан, әуелі демеушілер тартуымыз қажет. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, мектебімізде аз қамтылған, көп балалалы, толық емес отбасы балаларына әлеуметтік көмекті жалғастыру қажет деп, алдағы іс-жоспарымен таныстырып өтті.
Шешім: 1. Қамқоршылық кеңесінің құрамы :
Қамқоршы кеңесінің төрағасы: Ш.Болысбеков ақсақалдар кеңесінің мүшесі.
Қамқоршы кеңесінің мүшелері:
1. Б.Махамбеталиев
2.Н.Құлшымбаев
3.П.Серкешева
4.Ж.Алежанова
5.Б.Орынтаев
6.Ж.Тәттімбетова
7.Ж.Абаев
8.Қ.Жүндібаев осы мүшелер бекітілсін.
2. Қайырымдылық жасауға демеушілер тартылсын.
Хатшы: Қ.Алтынбекова