Қамқоршылық кеңес жұмысы » Сш Исмаилова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
жамбыл ауданы білім бөлімінің
«Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Есепші бөлімі:
+7(72633) 4-10-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес жұмысы
25
январь
2019

Қамқоршылық кеңес жұмысы

 Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі

Хаттама№2

«24» қаңтар 2019жыл


Қамқоршы кеңесінің жиналысы

Төрағасының аты-жөні: Шырын Бабақұлова 

Хатшының аты- жөні: Балкүміс Аманжолова

Қатысқандар: Ш.Болысбеков Ш, Д.Қожабекова, Б.Аманжолова ,Б.Орынтаев, Н.Құлшынбаев,ГДубаева, Б,Маханбеталиев

Күн тәртібінде:

  1. Мектеп директоры  А.Дуанаев : «Қамқоршы кеңесінің қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық  - мемлекеттік түрлерін дамыту барысы»

Тыңдалды:

           1.Мектеп директоры  А.Дуанаев :өз сөзінде алдыңғы отырыста  мектеп оқушыларының ағылшын тілінен ақылы сабақты ұйымдастыруға ұсыныс түскендігін, қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімі А.Жатқанбаева аптасына  үш рет, үш сағат ағылшын тілінен қосымша сабағын жүргізіп отырғандығын айтты.  Енді біріншіден  мектептің  бұрынғы спорт залы мен асхана тұрған бөлігі апатты жағдайда тұрғандықтан оған күрделі жөндеу керек. Екіншіден, ауызсу мәселесі кезек күттірмейтін мәселе. Үшіншіден мектеп жылуына газды қосу.  Мұның барлығына қаржы қажет. Мемлекет қаржыландырмаған жағдайда демеуші тарту қажет. Енді осы жұмыстарға қамқоршы кеңесінің қолдауы қажет. 

           2. Ш.Бабақұлова Қамқоршы кеңесінің   төрайымы, ата-ана өз сөзінде :- Ия, бұл ұсыныстарға қосыламыз. Спорт зал, асхана , ауыз су мектепке ауадай қажет. Ендігі міндет осы өтініш талаптарды құзырлы орындарға жеткізіп, жүзеге асыруды қолға алайық. Қаңтардың 10-ны мен ақпан айының оны аралығында республикалық   «Қамқорлық»  акциясы  жүріп жатыр. Сондықтан аз қамтылған отбасы балаларында материалдық көмекпен   қамтуымыз керек. 

            3. Ш.Болысбеков өз сөзінде: Құрметті қамқошы кеңесі мүшелері , енді осы жұмыстарды атқаруда барлығымыз бір кісідей ауыл тұрғындарымен байланыс жасап,   демеушілер тартайық. «жұмыла көтерген жүк жеңіл»- демекші бәріміз  бірлесіп, атсалысайық. 

Шешім:1. Мектептің апатты жағдайдағы бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, спортзалы мен асхананы іске қосып, ауыз су мәселесін шешуге ат салысып, жұмылдырылсын.

  1. Мектеп мұқтажын іске асыруда құзырлы органдармен байланыс орнатылсын. 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив