Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс - шарасы
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінде мекеме қызметкелерін қамти отырып өткен жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Бесжылдық ауылы 14 қазан 2018жыл
Төрағасы: А. Дуанаев – мектеп директоры, комиссия төрағасы
Хатшы: Бейсенова Э
Қатысқан адамдар саны: 35
Күн тәртібінде:
1.«Қазақстан Республикасы 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы: негізгі мақсаттар және міндеттер» атты тақырыпта семинар кеңестің өтілуі туралы.
Тыңдалды: Адам Қоғам Құқық пәні мұғалімі Алтынбекова Қ.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үдерістер» атты тақырыпта баяндама оқыды. Баяндамада осы күнге дейінгі сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Атап айтатын болсақ Қазақстандық мемлекет дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол жеткізгені туралы , сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үдерістер байқалды. Бұл ретте алдын алу-профилактикалық қызмет жаңа құрылған орган үшін басымды болып табылды. Баяндама барысында қазіргі таңда жазадан ешкімніңде бұлтартпастығы қағидаты туралы түсіндіріп өтті.
Мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге арнайы дайындалған жемқорлыққа қарсы күрес бойынша парақшалар көрсетіліп таратылды. Баяндама барысында осы сала бойынша мекеме қызметкерлері өз сауаттылықтарын одан ары дамытты деп ойлаймын.
Тыңдалды: Мектеп тәлімгері Аманжолова Б «Шешімін талап ететін проблемалар» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамашы қазіргі таңда шешімін таппаған сүрақтар мен проблемалардың бар екендігі жайлы айтып кетті. Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік – экономикалық ілгерілеуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді.Қазіргі таңда заң аясында көптеген жұмыстар атқарылып, көптеген адамдар жауапқа тартылып жатқандығын ескеретін болсақ, сонда да елімізде
жемқорлық дерті өршіп тұрғандығы айтылды. Жемқорлық бойынша тек бір тарап қана емес екінші тарапта жауапты екендігі туралы айтылды. Алдын алу – профилактикалық жұмыста да жүйелік жоқ. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган үшін қылмыстық қудалауға қарағанда, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау басымдық болуы тиіс екендігі туралы тоқталып кетті.
Сөйледі: Тарих пәнінің мұғалімі Алежанова Ж
Жемқорлық қазіргі таңда еліміздің экономикасына кері әсерін тигізіп жатқан үлкен мәселердің бірі екендігін атап айтты. Кез-келген адам өз құқығын білу керектігін және барлық заңдарды жетік білу керектігін көрсетті.Барлық қызыметкерлерге осы семинар арқылы әр адам Жемқорлыққа жоқ деп айта алатындай сауатты және саналы болуы керектігін түсіндірді.
Шешім:
- Мекеме қызыметкерлерімен өткен «Қазақстан Республикасы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы: негізгі мақсаттар және міндеттер» тақырыбында өткен жиналыс қанағаттанарлық деп танылсын.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар одан ары қарай жандандырылсын.
Хатшы: Бейсенова Э