математика сабағы
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
Математика пәні мұғалімі Кенжебекова Айнұр Аралбековна
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Сабақ жоспары
Сыныбы: 8 Пәні: Алгебра Күні: 28.04.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Квадрат теңдеулерді шешу формулаларын қолдана отырып, оның түбірлерін табу туралы білімдерін пысықтау
Табыс критерийлері:
1. Квадрат теңдеулерді шешу формулаларын білу.
2. Дискриминанттың үш жағдайын ажырата алу.
3. Есеп шығаруда формулаларға сүйене отырып, квадрат теңдеулердің түбірлерін табу.
Сабақтың типi: Қайталау
Сабақтың түрi: Аралас сабақ
Қолданылған технологиялар: 1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалог, қалай оқу керектігін үйрету). 2.Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту. 3.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 4.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 5.АКТ пайдалану. 6.Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Тілек шеңбері», « ішіне-сыртына», топпен жұмыс, формативті бағалау,
Сабақта пайдаланатын көрнекi құралдар: интербелсенді тақта, тақта, бор, таратпалар, маркер, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Күтілетін нәтиже:
1. Квадрат теңдеулерді шешу формулаларын біледі.
2. Дискриминанттың үш жағдайын ажырата алады.
3. Есеп шығаруда формулаларға сүйене отырып, квадрат теңдеулердің түбірлерін табуды біледі.
Сабақ барысы:
Кезеңдер |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
Сәлемдесу Топқа бөлу: берілген сөздер арқылы. Сыныпқа «Алтын ережені» еске салу Бағалау парағын топ басшыларына үлестіріледі. |
Шеңберге тұрып, көршісіне тілек айтады, содан кейін келесі көршісі өз көршісіне тілек айтады, аяғына жеткенше. Оқушылар 2 топқа 5 оқушыдан бөлініп отырады. |
Үй тапсырмасы |
1. «Ішіне - сыртына» әдісі арқылы өткен материалдарды пысықтай отырып кесте толтыртамын. 2. «Ойды жалғастыр» тәсілі арқылы кесте толтырады. |
1.Әр топ өздіріне берілген кестелерді толтырады.
2. Әр топ өздеріне берілген кестемен жұмыс жүргізеді. |
Мағынаны тану
|
1. «Кесте толтыр» тапсырмасы беріледі. 2. «Математикалық диктант. 3. « Үш пікір – бір ұсыныс» интербелсенді тақтадағы тапсырмалармен жұмыс жүргіземін. 4. «Кім жылдам?» оқулықпен жұмыс. |
1. Кестедегі берілген теңдеуді шешу арқылы тапсырманы бірлесе орындайды. 2.Математикалық диктантты топ мүшелері орындайды. 3. Интербелсенді тақтадағы тапсырмалармен жұмыс жүргізеді.
4. Әр топ өздеріне берілген кестеде берілген оқулықтың есептерін шығарады. Формативті бағалау: «Бас бармақ» |
Сергіту сәті |
« Сиқырлы әріптер » |
Әріптерден математикалық терминдер жазады. |
«Ой толғаныс» |
Екі топқа бірдей семантикалық карта толтыртып, білімдерін нақтылаймын. |
1. Топ болып тапсырманы орындайды. Формативті бағалау: «Шапалақ ұру»
|
Рефлексия |
Кері әсер парағы.
|
Кері байланыс: «БҮҮ» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын жазады. |
Үй тапсырмасы |
234-есеп. |
|
Бағалау |
Топтарды және өзара бағалату. |
Рефлексия: ______________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________