19
февраль
2018
Қазақ тілі сабағы
Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Зат есімМұғалімнің аты-жөні:Сейдалиева А.М Күні:16.02.2018 ж СЫНЫП: 2 «Ә»Қатысқан оқушылар саны:Қатыспаған оқушылар саны: 0 Сабақ негізделген оқу мақсаттары2.4.2.3 Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату 2.3.6.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. БағалауЖеке, жұптық, топтық РесурстарОқулық, суреттер, маркер, бор, тақта Әдіс-тәсілдерСұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Пәнаралық байланысМузыка,сурет Алдыңғы оқуЕреже айту. Сабақтың жоспары ЖоспарланғануақытСабақ барысы :Оқушылардың іс- әрекеті Басталуы 5 минутҰйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз. Қазір қай сабақ ? Топқа бөлу Зат есім,сын есім, сан есім Үй тапсырмасына не берілді? Ой қозғау. Ереже айту. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Кім ?Кімдер? деген сұрақ кімге қойылады? Не ? Нелер ? деген сұрақ нелерге қойылады? Шеңберге тұрады .Өлең жолын айтады. Қазақ тілі. Ереже жаттау Ереже айтады. Кім?Кімдер?Не?Нелер? Адамдарға. Жануарлар мен заттарға қойылады. Жаңа білім 10 минут Білу және түсіну Алтын сандық Сөздерге сұрақ қойып зат есімнің жекеше , көпше түрлерін ажыратады. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Бала, апа, аға, ана, гүл, ағаш, итәжелер, оқушылар, балалар,кітаптар, гүлдер, қыздар, қойлар Олай болса зат есімге берілге тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береміз. Оқушылар сөздерді оқып ,сұраққа жауап береді. Ортасы 10 минут Қолдану Дәптермен жұмыс Дескриптор 10 жаттығу. Өлеңді түсініп оқи алады. Өлең бойынша сұрақтар қояды. Өлеңнен кім? Не сұрағына жауап беретін сөздерді таба алады. Шағала көлін қорғайды,Шопан төлін қорғайды. Егінші жерін қорғайды. Батыр елін қорғайды. Талдау Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер ?, заттар мен жануарларға не? нелер? Деген сұрақ қойылады. 11 жаттығу Дескриптор Өлеңді қатесіз көшіріп жаза алады. Өлеңде кімдер жайлы айтылғанын таба алады. Сөздерге сұрақ қоя алады. Ұл –қызына ерген Немереңбіз , әже. Немереңнен өрген Шөбереңбіз, әже. Өлеңде кімдер жайлы айтылған? Қандай сұрақ қойылады? Топтық жұмыс 12 жаттығу. Ойлан , тап. Саған кім болады? Әкеңнің әкесі-..... Әкеңнің анасы-.... Анаңның анасы-.... Өзіңнен кіші қыз болса-... Өзіңнен кіші ұл болса-.... Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер Ұл, қыз, немере, шөбере жайлы айтылған. Кім? Оқушылар ойланып жауап жазады. Сергіту сәті 2 минутСергіту сәті Қолға қалам аламыз, Дәптерімізді ашамыз. Әдемі етіп жазамыз, Салақтықтан қашамыз.Сергіту сәтін іс- қимылмен қайталайды. Аяқталуы Сабақты бекіту 5 минутЖинақтау 13 жаттығу Жаңылмай айт Мына балалар, Немерелеріңіз еді: Шөберлеріңіз бе? Шөпшектеріңіз бе? Неменелеріңіз бе? Неменелеріңіз еді? Сөзді сәйкестендір Оқушы Кім? Не? Қалам ағай Кітап Бала сөмке 14 жаттығу Өлеңді рөлге бөліп оқиды. -Өмірде , ата, кім мықты? -Айтқан адам шындықты! -Қасиет неде адамдық? -Ізет,мейірім ,адалдық! -Өмірде не ең жаман? -Сақтай алмау елді аман! Оқушылар жаңылтпашты жаңылмай айтады , бір –бірін бағалайды. Зат есімді тауып, оларға сұрақ қояды. Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут«Зат есім» сөз жұмбақ шешу Қима-қағазбен жұмыс «Кеме» арқылы кері байланыс беру. 3 топ сөзжұмбақты шешіп жауабын жазады.Тапсырманы бірінші болған топ бірінші орынға ие болады. Берілген тапсырмаларды орындайды. Үйге тапсырма: Ереже жаттау Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?