Қамқоршы кеңесінің жиналысы
Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі
Хаттама
«07» қыркүйек 2020 жыл
Қамқоршы кеңесінің жиналысы
Төрағасының аты-жөні: Шаяхмет Болысбеков
Қатысқандар: Ш.Болысбеков Ш, Ж.Әлежанова, П.Серкешова , Ж.Абаев, Б.Орынтаев, Ж.Тәттімбетова, Б.Маханбеталиев, Қ.Жүндібаев.
Күн тәртібінде:
- Мектеп директоры А.Дуанаев : « COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы мен эпидемологиялық жағдайға байланысты бөлінген қаржынының жұмсалуы туралы есебі»
- Қамқоршы кеңесі төрағасы Ш.Болысбеков: «Қайырымдылық ізгілікті іс»
Тыңдалды:
Мектеп директоры А.Дуанаев : Өз сөзінде мектеп дәстүрлі оқуға көшкендігін айтып өтті. Санпиннің №611 бұйрығына сәйкес барлық талаптар орындалып отыр. Мектеп ғимаратына кірген мұғалімдер, оқушылар, кіші қызметкерлер масканы қолдануда. Әрбір сыныптың үзіліс кестесі, сабақ кестесі санпин талаптарына сай жасалынды. Сынып бөлмелерін желдету, диохлормен жуу, кварцты қыздыру жүзеге асырылуда. Бөгде адамдардың келуіне тиым салынуда. Оқушылар мен ұстаздардың дене қызуы күнделікті қадағалануда. Оқушылар арасында үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қамқоршы кеңесі төрағасы Ш.Болысбеков өз сөзінде: Құрметті Қамқоршы кеңесі мүшелері , енді «Мектепке жол» акциясын атқаруда барлығымыз бір кісідей ауыл тұрғындарымен байланыс жасап, демеушілер тартайық. «жұмыла көтерген жүк жеңіл»- демекші бәріміз бірлесіп, атсалысайық. Пандемияға байланысты көптеген отбасылар жұмыссыз қалып отыр, көмек қажет болған отбасы балаларына қамқорлық көрсетейік.
Шешім:
1. Мектеп басшысы А.Дуанаевтың бүгінгі есебі қағаттанарлық деп есептелсін.
- «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер тарту жандандырылсын.
Қамқоршы кеңесінің төрағасы: Ш.Болысбеков
Қамқоршы кеңесінің мүшелері:
1. Б.Махамбеталиев
2.П.Серкешева
3.Ж.Алежанова
4.Б.Орынтаев
5.Ж.Тәттімбетова
6.Ж.Абаев
7.Қ.Жүндібаев
Мектеп директоры : А.Р.Дуанаев
Хатшы: Қ.Алтынбекова
Әзімбек Ысмайылұлы орта мектебі Қамқоршы кеңесінің кезекті отырысы